Амалдардың орындалу тәртібі. Жақшасыз өрнектер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Көбейту және бөлу Тақырыбы: Амалдардың орындалу тәртібі. Жақшасыз өрнектер | Мектеп 7 | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | |||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.2.1.6 – төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу. | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||||||||||||
Құндылықтар | Жауапкершілік,өмір бойына білім алу. | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, көркем еңбек. | |||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Көбейту кестесі, бөлудің сәйкес жағдайлары, шамаларды көбейту және бөлу. | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 5мин | Психологиялық дайындық «Гүлмен тілек» Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіру. «Қосу», «Азайту», «Көбейту» , «Бөлу». Кіріспе тапсырма. Жасырынған сөзді тап. (Ұ.Ж.) Оқушыларға берілген тапсырманы орындайды. Нәтижені өсу ретімен орналастырады. Шыққан сөзді оқиды. Тапсырма 72 : 8= р 3 ∙7= н 48+17= к 185- 157= е 100 : 20= ө
Сөздік бағалау «Жарайсың», «Бәрекелді», «Ақылдым сол». | Слайд № 2 Топқа біріктіруге арналған гүлдер «Қосу», «Азайту», «Көбейту» , «Бөлу». Слайд №3 Слайд №4 | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30мин | (Т.Ж.) Дұрыс жауабын тап. Әр топқа әртүрлі тапсырма беріледі. Оқушылар берілген өрнекті талдап, қай өрнекте амалдардың орындалу реті дұрыс көрсетілгенін анықтайды. Содан кейін оқушылар қай өрнектің мәні дұрыс екені туралы қорытынды жасайды. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, әрбір топ өз мысалын тақтаға шығып көрсетеді. Өрнектегі амалдардың орындалу ретін түсіндіреді. Егер жақшасыз амалдарды орындау тәртібінде +; -; : ; ∙ ; амалдары кездессе, онда алдымен көбейту мен бөлу содан кейін қосу мен азайту амалдары солдан оңға қарай орындалады.Егер тек қосу мен азайту амалдарынан немесе көбейту мен бөлу амалдарынан болса, онда солдан оңға қарай амалдар ретімен орындалады. Оқушылар жақшасыз берілген амалдардың орындалу тәртібінде бірнеше арифметикалық амалдардан тұратын өрнектерді орындауды үйренеді. Тапсырма:
«Смайлик» арқылы бағалау Амалдарды орында. (Ж.Ж.). «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Оқушылар берілген тапсырманы алдымен өзі жек орындайды.содан кейін жұбымен талқылап пікірлеседі.Жұптағы оқушылар өздерінің ортақ шешімін ламинатталған параққа жазады. Олар өрнектің мәнін тауып, амалдардың орындалу тәртібін жазып көрсетеді.Содан кейін бірнеше оқушыдан сыныпқа өз мысалдарын түсіндіруді сұрау, ал қалған оқушылар жауаптарын онымен салыстырады. Оқушылар жақшасыз амалдардың орындалу реті туралы алған білімдерін тиянақтай түседі. «Смайлик» арқылы бағалау Ойлан, тап! (Т.Ж.) Топтарға тапсырма таратып беру. Оқушылар алдымен жұпта, содан кейін топта орындайды. Оқушылар берілген сандардың арасына теңдік тура шығатындай етіп амал таңбасын қою керек. Олар өрнектердегі арифметикалық амалдардың үстіне оның орындалу ретін жазып көрсетеді. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып өз жұмыстарын дұрыстығын дәлелдеп береді. Тапсырма сабақта меңгерген дағдыларды бекітуге арналған. Тапсырма: «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау. Қатесін тап! (Д.Ж) Оқушылар берілген өрнектердің қатесін тауып, мәнін есептейді және амалдардың орындалу ретін көрсетеді. Өз шешімін түсіндіреді. Қате жіберген оқушыларға жеке көмек көрсету.Оқушылар қатемен жұмыс жасау арқылы алған білімдерін тиянақтай түседі. Тапсырма: Геометриялық фигуралар арқылы бағалау. | Слайд №5 Слайд №6 Слайд №7 ламинатталған парақ Слайд №8 Слайд №9 Слайд № 10 | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия Не үйрендік? «Бес саусақ» әдісі арқылы | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||
Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. | Геометриялық фигура арқылы бағалау. Оқушыларды сөздік бағалау «Смайликтер» арқылы бағалау «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау | Өмір қауіпсіздігінің ережелері. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды