Шынайы өмір ситуацияларын зерттеу үшін есептеу дағдыларын қолдану. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Қалыптастырушы бағалау

Математика

1 - тоқсан

Бөлім: «Біздің әлемдегі сандар»

Бөлімше: Шынайы өмір ситуацияларын зерттеу үшін есептеу дағдыларын қолдану.

Оқу мақсаты:

3.1.3.3 Көлем (сыйымдылық): л/ аудан: дм2, м2, га/уақыт: секунд, мин, с, тәулік, жыл, ғасыр мәндерін салыстыру және шама мәндерімен арифметикалық амалдар орындау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну.

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Қосу және азайту амалдарына байланысты мысалдарды өмірмен байланыстыра біледі және қатесіз орындайды.

Тапсырма. Есепті шығарыңыз.

Алматы қаласынан Көкшетау қаласына екі ұшақ бірдей уақытта ұшып шықты. Біріншісі 1 сағ 20 минутта, ал екіншісі 90 минутта Көкшетау әуежайына келіп қонды. Ұшақтың қайсысы кешігіп  қонды?

Футбол алаңындағы алғашқы  ойын 2 сағат 45 минут , ал екінші ойын 1 сағат 55 минут ойналды. Алаңда барлығы қанша минут ойын ойналды?                    

Дескриптор:

Білім алушы

  • ұшақтың қайсысы кешігіп келгенін дұрыс есептеп табады;
  • алаңда барлығы қанша минут ойын ойналғанын табады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу