Су бойынша одар әрі зерттеулер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 А тарау «Біздің әлемдегі сандар» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Мерзімі: 1-тоқсан
| Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | ||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Су бойынша одар әрі зерттеулер | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.5.1.8 Деректерді жинау, ұйымдастыру және түсіндіру жолымен өмірлік жағдайдан алынған сұрақтарға жауап беру.
| ||||
Сабақ мақсаттары | Суға байланысты есептеулер жүргізу. | ||||
Бағалау критерийлері | Суға байланысты зерттеулер жүргізеді. | ||||
Тілдік мақсаттар | Тақырыпқа байланысты математикалық тілді дамыту. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Тапсырмаларды шынайы өмір негізінде алады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе, өнер пәндерімен байланыс жүзеге асады. | ||||
АКТ-ны қолдану | Қаратал өзені туралы ақпарат іздейді. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қосу және азайту дағдыларын кеңейту. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 3 минут | (Ұ) Оқушылар судың пайдасы, суды үнемдеу туралы жұппен әңгімелеседі. |
| |||
Сабақ ортасы 35 минут | (Б) Мектептегі су тұтынуы зерттеулері нәтижелерін талқылау. (Т. Қ) Жеке немесе жұпта жұмыс жасайтындарын шешкеннен соң, оқушыларды мектептегі басқа оқушыларды су тұтыну туралы есептерге жауап беру үшін постер немесе көрсету жасау. Олар ақпаратты (график, кесте, диаграмма, т.б.) түрінде көрсетеді. (ЖЖ/Т) Оқушылардан қажетті ақпаратты қалай табатындықтарын ойлауларын сұрау. Олар кілтті адамдармен сұхбат жүргізеді және басқа ақпарат көздерін қолданулары керек. Олар іздеуді қалай бастайды? Олар қай жерге аса назар аударуы керек? (мысалы, су тұтыну өзгеше және мүмкін таныс емес бірлікпен көрсетілуі мүмкін) (ОТ/Т.ҚБ) Оқушылардан өз зерттеулерін кеңірек контекстке қалай создырар еді екендігін сұрау, мысалы, мектепте тазартуға кетірілген су көлемін зерттеу. 1-топ. Сынып бөлмесін жуу үшін кететін су шығынын есептеу. Сынып бөлмесін жуу үшін 20 л су кетеді. Бірінші қабаттағы сынып бөлмелерін жууға қанша литр су кетеді? Бүкіл қала немесе тіпті бүкіл Қазақстанда бұл жолда қанша су кететіндігін табу. 2-топ. Басқа сынып оқушыларынан мәліметтер жинастырады. Ішу үшін кететін су шығымын есептейді. Диаграмма құрып салыстырады. 3 В сыныбы оқушылары 2 күнде 20 л су ішеді. Бір айда қанша л су тұтынады? 3-топ. Асханада зерттеу жүргізеді. Таңғы шайға 3 В сынып оқушыларына 3 л су жұмсалады. Бір жылда қанша литр су тұтынады? 4-топ. Ақпарат көздерінен су туралы қызықты мәлімет жинау. (Қ) Күніне қанша литр су шығымдайсыз? | Әлем бойынша су тұтыну туралы ақпарат: | |||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия. Шеңбердің бір бөлігін бояңыз.
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті жоғары оқушыларға практикалық тапсырма кезінде қабілеті төмендеу оқушыларға көмектесу керектігі ұсынылады. | Зерттеуге қатысуы. Есеп шығару дағдылары бағаланады. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Асханада жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесі ескертілді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?