Санды 7-ге көбейту кестесі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1B- БӨЛІМ: Көбейту және бөлу. Есептер

Мектеп атауы: НЗМ ФМБ Талдықорған қ

Дата:

Мұғалімнің аты-жөні: Нукербаева А.К

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Санды 7-ге көбейту кестесі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.2.Сандармен амалдар орындау.

Сабақ мақсаттары

3.1.2.3 - көбейтудің үлестірімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану

Бағалау критерийлері

Тиімді есептеу үшін көбейтудің қасиеттерін қолданады

 Сөздік қор

 Тілдік мақсат

Көбейту және бөлу кестесі, үлестірімділік қасиет, формулалар, шамалар

 Құндылықтарды

 дарыту

Бұл сабақта оқушылар 7-ге көбейту кестесін құрады және есеп шығаруда қолданады.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

• 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құруды, білуді және қолдануды;

• есептерді шығаруда бір заттың массасы, саны, жалпы массасы/бір затқа жұмсалғаны, заттың саны, жалпы жұмсалғаны арасындағы тәуелділікті пайдалануды үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, дүниетану, әдебиеттік оқу

ИКТ пайдалану білімі

Презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Санды 6-ға көбейту кестесін біледі, есептер шығарады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспар

ланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

5минут

Ұйымдастыру.

Оқулық, 1-бөлім: 7-ге көбейту кестесі, 72, 73-беттер.

Жұмыс дәптері, 1-бөлім: 67-жұмыс парағы «7-ге көбейту кестесі», 69-бет. 68-жұмыс парағы «7-ге көбейт және бөл», 70-бет.

Сабақ ортасы

30 мин

Санды 7-ге көбейту кестесі:

7 ∙ 1 = 7 7 ∙ 2 = 14 7 ∙ 3 = 21 7 ∙ 4 = 28 7 ∙ 5 = 35

7 ∙ 6 = 42 7 ∙ 7 = 49 7 ∙ 8 = 54 7 ∙ 9 = 63 7 ∙ 10 = 70

Кіріспе тапсырма. Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Оқушылар ламинатталған параққа келесі кестені сызады:

Апта 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10. Күн Оқушыларға апталардағы күндерді санап, кестені толтыруды тапсыру.

- Кестені толтыру барысында не байқадыңыздар? (әрбір сан алдыңғы саннан 7-ге артық).

-Қалай түсіндіруге болады? Әр мысал сайын қосылғыштардың саны артып отырғанын, яғни қосындыға 7-ге тең қосылғыш қосылатынын түсінуге көмектесу.

Мысалдарды шығар. Тапсырма 7-ге көбейту кестесін қолданып, бастапқы білімдері бойынша дағдыларды бекітуге көмектеседі. Оқушылар тапсыр

маны өз бетінше орындайды. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар өзара дәптерлерін ауыстырып, бірін-бірі тексереді.

Жауабы: 349; 779; 386; 958; 653; 455; 512; 993.

Ара ұялары. Топтық жұмыс. Оқушылар топта теңдеулерді шешу жолын талқылайды, көбейту және бөлудің компоненттерін атайды, теңдеулердің шешуін дәптеріне жазады.

Теңдеулерді шешу барысында 7-ге көбейту кестесін пайдаланады. Тапсырманы орындап болған соң, топтағы оқушылар жауаптарын салыстырып тексереді.

-Қай теңдеудің түбірі ең үлкен сан?

Бұл омарташының қайсы ұядан ең көп бал жинағанын анықтауға көмектеседі.

Жауабы: А ұясы; a = 49; b = 4; c = 8.

Шығарып көр. Топтық жұмыс.

Оқушыларға алдымен бірінші есепті талдап, дәптерге шығару керек екенін айту. Оқушылар екінші және үшінші есепті де осылай талдау арқылы дәптерге шығарады. Есептерді шығарып болған соң, топтың өкілі басқа топқа барып, жауаптарын салыстырады.

Жауабы: А. 8 ұя; Ә. 16 кг бал; Б. 21 балшелпек.

Саяхат. Оқушыларды жұпқа біріктіріңіз және оқулықтағы сурет арқылы берілген есепті дәптерге шығару керектігін айту. Оқушылар үшбұрыштың периметрін табу үшін, 7-ге көбейту кестесін пайдаланады.

Жауабы: 21 см.

Орындап көр. Жұптық жұмыс. Оқушылар оқулықта берілген суретке қарап, 7-ге көбейту кестесін еске сақтаудың оңай жолымен танысады. Оқушылар түсінбеген жағдайда анықтап түсіндіру:

1. Екі алақанды өзіңе қарай ашып, саусақтардың арасын ашу.

2. Екі алақандағы саусақтарды бірдей нөмірлеу: кішкентай саусақ (кішкене бөбек) – 6, төртінші саусақ (шылдыр шүмек) – 7, ортан терек – 8, балаң үйрек – 9, бас бармақ – 10.

3. Алақанды жылжытып, сол қолдағы төртінші саусақты (шылдыр шүмек) оң жақтағы ортан терекпен түйістіру.

4. Түйіскен саусақтар бойынша көбейту өрнегін жазу: 7 ∙ 8.

5. Екі таңбалы сан болатын көбейтіндінің мәнін анықтау: ондықты анықтау үшін түйіскен саусақтардан төмен тұрған саусақтарды санап, оған түйіскен екі саусақты қоса есептейді, бұл – 5

6. Бірлікті анықтау үшін түйіскен саусақтардан жоғары тұрған саусақтарды санап, осы саусақтардың көбейтіндісін есептейді, бұл – 6. Көбейтіндінің мәні – 56.

Оқушылар жұпта 7 ∙ 7; 7 ∙ 9; 7 ∙ 10 жағдайлары үшін көбейтіндіні орындап, тексереді.

-Сандарды осылай көбейту әдісі керек пе? Неліктен?

Оқушылардың жауабын тыңдап, қорытындылау.

Ойлан! Оқушыларға оқулықтағы суретті қарап, ойлануға уақыт беру.

-Кестеден не байқадыңыздар?

Олар жауаптар бойынша келесі заңдылықты байқауы мүмкін:

1. Қатар тұрған екі санның үлкенінен кішісін азайтса 7 саны шығады.

2. Бірдей түспен белгіленген сандардың қосындысы 77-ге тең.

Сабақтың рефлексиясы.

-Бүгінгі сабақтың материалын қалай меңгердіңіздер?

Есептеңіз: 7 ∙ 7; 7 ∙ 9; 7 ∙ 8; 7 ∙ 6; 7 ∙ 5; 7 ∙ 10.

– Саусақтарың арқылы көбейт: 7 мен 9-ды, 7 мен 10-ды, 7 мен 7-ні.

Жұмыс дәптерінде орындайтын тапсырмалар 7-ге көбейт.

Тапсырма оқушылардың санды 7-ге көбейту кестесін қолдануға қатысты білімін бекітуге мүмкіндік береді. Оқушылар мысалдарды ауызша шығарып, оларды сәйкес келетін жауаптарына сызықпен қосады.

Марапаттау. Оқушылар бұл тапсырмада 7-ге бөлінетін (еселік) сан жазылған шарды тауып бояуы керек. Боялған шарлар бойынша жұмыс нәтижесін оңай бақылауға балады.

Жауабы: 7, 35, 14, 42, 49, 21, 28, 56, 63, 70 сандары жазылған шарлар боялады.

Есептерді шығар. Оқушыларға үш есепті шығару ұсынылған. Бірінші есеп бастапқы есеп. Оқушылар берілген есепті оқып, оның қысқаша жазуын талдайды, одан кейін есептің шешу жолын көрсетіп, жауабын жазады. Қалған екі есеп – бастапқы есепке кері есептер. Олардың шартын құрастырып, есептің қысқаша жазуын толықтыру керек. Есептің шешуін, жауабын жазуды ұсыныңыз.

Жауабы: 1. 28 құты; 2-3. Есептің шартының жазылуына байланысты, «7 қорап» немесе «4 құты».

Теңдеулерді шеш. Оқушылар көбейтуге және бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді шешеді. Бұл мысал 7-ге көбейту кестесін қолдану дағдысын бекітуге көмектеседі.

Жауабы: a = 7; b = 6; c = 8; d = 9.

Дифференциация. Қосымша тапсырмалар.

Әрбір бағандағы артық өрнекті тап:

4 ∙ 7 5 ∙ 7 4 ∙ 6 + 4 5 + 5 ∙ 6 4 ∙ 9 – 4 ∙ 2 5 ∙ 3 + 5 ∙ 5 4 ∙ 8 – 8 5 ∙ 8 – 7

Жауабы: 4 ∙ 8 – 8; 5 ∙ 3 + 5 ∙ 5.

ҚБ тапсырмасын орындату.

7-ге көбейту кестесі;

• ламинат

талған парақта, маркер

лер;

• шағын топтар

дың санына сәйкес – күнтіз

белер.

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге берілетін тапсырманы түсіндіру.

Оқулық, 1-бөлім: 7-ге көбейту кестесі, 72, 73-беттер.

Жұмыс дәптері, 1-бөлім: 68-жұмыс парағы «7-ге көбейт және бөл», 70-бет.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз

Мәтінмен жұмыс істеу үшін топтарға бөлу кезінде дифференциация қолданылады

Өзара бағалау, критерий бойынша қалыптастырушы бағалау. Мұғалім жазбаша жұмысты өзі табыстың критерийлеріне сәйкес тексереді

Оқушылар жұппен жұмыс жасайды, сыныпта жүреді және белсенді болады.

Бағалау парағындағы тапсырмалар көрініске зиян келтірмейтін қол жетімді қаріппен безендірілген.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу