Үш таңбалы сандар. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту №1 сабақ.Тақырыбы: Үш таңбалы сандар | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Айдаболова Қаракөз Батырхановна | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.1.2 үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру; 3.1.1.3 үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар сомасына жіктеу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Өмір бойына білім алу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | жаратылыстану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қосу және азайту амалдарын орындай алады, компаненттерін атайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5мин | Психологиялық дайындық Біз бақытты баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқу білім аламыз. Оқушыларды топқа бірігуі.Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу. «Жүздік», «Ондық», «Бірлік». (Ұ.Ж.)Миға шабуыл. Өткен материалдарды еске түсіру, қайта жаңғырту дағдысы бойынша сыныпқа сұрақтар қою, толық жауап алу. Шапшаң әрі дұрыс жауап беру қажет екенін ескерту.
-Бұл санда неше бірлік, ондық , жүздігі бар? Сөздік бағалу «Керемет», «Тамаша», «Жарайсың» | Слайд №2 «Жүздік», «Ондық», «Бірлік» сөздері жазылған қима қағаздар 1; 9; 10; 99; 999 Сандар жазылған карточкалар Слайд №3 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30мин | (Ұ.Ж.) Оқушыларға үш таңбалы санды оқу жазу үшін тапсырма беріп, санның алдында және саннан кейін қандай сан болатындығын анықтау. а) Арасында қалып қойған санды ата: 145, 146, 147, 149, 152, 153, 155, 158, 159, 160, 163, 165. ә) 0- ден бастап санағанда 165 санының алдыңда неше сан бар? б) 165 пен 200 –дің арасында неше сан бар?
«Бағдаршам» арқылы бағалау (Т.Ж.) Жаңылмай сана. Топтарға тапсырма жазылған қима қағаздарды таратып беру. Топта әрбір топ мүшесі ламинатталған парақтарға сандарды өсу, кему ретімен жазады және кезектесіп оқиды. Егер қате кетсе қол шапалақтау арқылы білдіріп, қатесін түзетіп отыру. 1- топ 232 – ден 241-ге дейінгі санды өсу ретімен жаз және оқы. 2- топ 396- дан 415- ке дейін дейінгі сандарды кему ретімен жаз және оқы. 3- топ 544 –тен 555 –ке дейін өсу ретімен оқы және жаз «Бағдаршам» арқылы бағалау (Ж.Ж.) Санды жаз. Бұл жұмыс арқылы оқушылар үш таңбалы сандарды оқуға және жазуға үйренеді. Жұптарға дайындалған кестелерді таратып, толтыруын бақылау.
Жұпта орындалған тапсырмалардың дұрыстығын келесі жұппен ауыстыру арқылы бірін –бірі тексеріп, қателіктерін жөндейді, «смайликтер» арқылы бағалайды. (Ұ.Ж.) «Ыстық картоп» ойынын ойнау. Бұл ойын арқылы оқушылар үштаңбалы сандардың құрамын анықтауға үйренеді. Оқушылардың бірі кез келген үш толық жүздіктен басталатын санға кез келген толық ондықты қосудан бастайды. Мысалы: Бір оқушы 100+10 дейді, келесі оқушы мәнін тауып сол саннан басталатын өрнек айтады. Осы ретпен ойын жалғасады. Сөздік бағалу «Керемет», «Тамаша», «Жарайсың» (Ж.Ж) «Адасқан сандар» Бұл ойын арқылы үш таңбалы сандардын орнын анықтауға машықтанады. Жұптасып адасқан сандарды тиісті ретпен орналастырады. а) 121, 122, 124, 130, 126, 120, 129, 127, 123, 125, 128. Жұмыс барысында қателескен оқушыларға қосымша сұрақтар қою: -125 – тен кейін қандай санды орналастырдың?
«Шапалақ» ұру арқылы бағалау. (Ұ.Ж.) Өрнекте. Бұл тапсырма оқушыларға шамалар алған білімдерін пысықтауға, олардың ара қатынасын анықтауға, түрлендіруге мүмкіндік береді.Оқушылар тапсырмада берілген өлшем бірліктер үшін түсіп қалған сандарды қояды. Тапсырманы өзгелерден бұрын орындаған қабілеті жоғары оқушылардан бұл сандарда неше дециметр және сантиметр барын қосымша тапсырма ретінде сұрау. Мына шамаларды метр, дециметр және сантиметрмен өрнектеп жаз. 828 см =□ м □дм □см 935 см = □ м □дм □ см 316 см = □ м □ дм □ см 682 см = □ м □ дм □ см Бағалау «Смайлик» арқылы (Т.Ж.) Топтарға 1, 5, 6 сандар жазылған қима қағаздар таратылып беріледі. Топта ақылдаса отырып ламинатталған парақтарға осы сандардан алынған үш таңбалы сандарды жазады. Үш таңбалы санды құруда бір цифр екінші рет қайталанбауы керек. Олар әрбір үш таңбалы сандардың сандағы цифрлардың орнын ауыстыру арқылы мүмкін нұсқаларын алады. Бір топ тақтаның алдына шығып тапсырмаларын көрсетеді.Қалған оқушылар өз жауаптарын салыстырады. Сонымен қатар сандарда қанша бірлік, ондық, жүздік барын сұрау және сол сандарды салыстыру. Бағалау «Смайлик» арқылы | Слайд № 4
Слайд № 6 ламинатталған парақтар, маркер Үш таңбалы сандар жазылған қима қағаздар Слайд №7 Слайд № 8 Слайд № 9 Сандар жазылған қима қағаздар Слайд № 10 Слайд № 11 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5мин | Кері байланыс «Ия, жоқ»
| Слайд №12 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. | Оқушыларды сөздік бағалау «Бағдаршам» арқылы «Смайликтер» арқылы бағалау «Шапалақ» арқылы бағалау | Өмір қауіпсіздігінің ережелері. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?