1000 көлеміндегі сандардың графикалық моделі. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту
№2 сабақ.Тақырыбы: 1000 көлеміндегі сандардың графикалық моделі
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.1.1.3 үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар сомасына жіктеу
3.5.2.1 көп таңбалы сандардың графикалық моделін құру, кластар мен разрядтар кестесін қолдану
Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, ламинатталған парақтар, маркер,қима қағаздар, геометриялық фигуралар: көк түсті шаршы, үшбұрыш, дөңгелек.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:
Санның графикалық моделі – арнайы белгілердің көмегімен разрядтарға жіктеліп жазылған санның жазбасы (тиімді геометриялық фигуралармен).
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.
«Төртбұрыш», «Үшбұрыш», «Дөңгелек»
(Ұ.Ж.) Бұл тапсырманы ұжыммен ұйымдастырыңыз. Алдымен оқушыларға геометриялық фигуралар таратып беруден бастаңыз. Геометриялық фигуралар арқылы екі таңбалы санның графикалық моделін қалай жасауға болатындығын еске түсіртіңіз.. Оқушыларға санды табуды және жауабын графикалық модель
түрінде көрсетуді ұсыныңыз.Олар графикалық модельді шаршыдан жасайды.
Жауабы:
«Смайлик» арқылы бағалауды ұсыныңыз.
Санды моделі бойынша анықта.
(Ж.Ж.) Тапсырманы жұпта ұйымдастырыңыз.Оқушыларға қима қағазға жазылған тапсырмаларды таратып беріңіз..Оқушыларға текше салу қиын және дәптерде көп орын алады. Сондықтан оқушыларға ондықты –үшбұрышпен, бірлікті- кішкене дөңгелекпен ауыстыруды ұсыныңыз. Оқушыларға тапсырманы қарап шығуын және қай санның графикалық моделі көрсетілгенін анықтауды тапсырыңыз. Оқушыларға нәтижесін алдымен жеке жазуды, ал содан кейін жауаптарын бір-бірімен салыстырып тексеруді сұраңыз.
Жауабы:17; 18; 21.
Оқушыларға «Бағдаршам» арқылы бағалауды ұсыныңыз.
Үш таңбалы санның моделін жаса.
(Т.Ж.)Бұл тапсырманы топтық жұмыс жасаудан бастаңыз. Оқушылар алдыңғы біліміне сүйене отырып, үш таңбалы санның графикалық моделін құрастыруды үйренеді.Ол үшін үш таңбалы сандардың моделі де екі таңбалы санның моделі сияқты жасалатының айтыңыз. Бірақ 100 текшеден тұратын жүздіктер разрядының бірлігін қосу керек деген қорытындыға оқушылардың қөздері жетуі тиіс Ондықты көрсететін бір-біріне бекітілген 10 баған. Егер қолдағы бар текшелер саны жеткілікті болса, онда жұмысты жалғастырады. Егер ондай жағдай жоқ болса, онда үш таңбалы сандардың графикалық моделінің бөліктері жүздіктерді, ондықтарды және бірліктерді көрсететін суреті бар кеспе қағаздарды пайдалады. Алдымен 248 саны моделін қалай құрастырғаның сұраңыз. Сонан соң топтардың жауабын тыңдаңыз. Оқушылар берілген жұмыс барысында санды графикалық моделі бойынша анықтап, оның неше жүздігі, ондығы және бірлігі барын жазуды үйренеді.
Жауабы:
▌▌▌▲▲▲▲●●; ▌▲▲▲▲●●●●●●●; ▌▌▌▲▲●●●●● .
Оқушыларға «Басбармақ» арқылы бағалау жүргізуді сұраңыз.
Шығарып көр.
(Т.Ж.) Бұл тапсырманы да топтық жұмыс түрінде жалғастырыңыз. Оқушылар слайдтағы иллюстрацияны қарап шығып, қай санның графикалық моделі көрсетілгенін анықтайды. Оқушыларға разрядтарды жүздік, ондық және бірлікті шартты белгілермен ауыстыруды ұсыныңыз: жүздік –тіктөртбұрыш, ондық – үшбұрыш, бірлік – кішкене дөңгелек. Топтар жұмыстарын аяқтаған соң, басқа топпен жауаптарын салыстырып тексерсің. Әр топтан бір оқушы шығып, үш таңбалы санның моделі қалай құрастырылғанын, қандай белгілер және оның неше рет қолданылғанын түсіндіруді сұраңыз.
Жауабы: А) 332; 332= 300+30+2
Ә) 265. 265= 200+60+5
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалауды жүргізіңіз.
Орындап көр.
(Д.Ж.) Бүгінгі сабақта алған білімдерін пысықтау мақсатында оқушыларға бірнеше санның моделін құрастыруды ұсыныңыз.Оқушыларға қима қағазды таратып, берілген санның графикалық моделін ламинатталған парақтарға салады. Кім тапсырманы дұрыс орындады, кімге орындау қиындық туғызды соны бақылап, байқау. Қате жіберген оқушыларға жеке көмек көрсету.
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіледі.
Кері байланыс:
Бүгінгі сабақта алған білімдерін пысықтау мақсатында төмендегідей сұрақтар қойыңыз.
«Білім қоржыны»
- Үш таңбалы сандарды қалай құрастырдың?
- Үш таңбалы санды графикалық моделі арқылы қалай анықтап, оқимыз?
Бүгінгі сабақта алған білімдерін анықтау мақсатында тиісті білім қоржынына стикерлер жапсырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?