Көп таңбалы сандар тізбегі. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту
№6 сабақ.Тақырыбы:Көп таңбалы сандар тізбегі
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.4.3.2. – өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу
Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған қағаз парақтары, маркерлер;стикерлер, қима қағаздар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Заңдылық – бұл сандар қатары, фигуралар және таңбалар құрастырылған қандай да бір нақты ереже. Заңдылықтың бұзылуы – берілген қатар құрастырылған ережеге сәйкес келмейтін қатардың бір бөлігін айтамыз.
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.
«Бірлік», «Ондық», «Жүздік»
Миға шабуыл. Өткен материалдарды еске түсіріп, қайта жаңғырту дағдысы бойынша сыныпқа сұрақтар қойып, толық жауап алуды.Шапшаң әрі дұрыс жауап беру қажет екенін ескертіңіз. Оқушылардан нені байқағанын сұраңыз, заңдылық пен заңдылықтың бұзылуы туралы білімдерін жетілдіреді.
- 1-ден 10- ға дейін тура сана.
- 10-нан 1- ге дейін кері сана.
- 10- мен 100 –ге дейін сана.
- 1000-нан 100-ге дейін кері сана.
- 2-ден 20 ға дейінгі жұп сандарды ата.
- 21- ден 31 –ге дейінгі тақ санды ата.
«Бәрекелді», «Жарайсың», «Тамаша» т.с.с. сөздік бағалау жүргізіңіз.
(Т.Ж.) Заңдылық. Сабақты әрбір топқа тапсырма таратып беруден бастаңыз.
Оқушыларға сандар арасында қандай заңдылықтардың барын анықтауды тапсырыңыз. Әрбір топ ақылдаса келе өз шешімдерін ламинатталған қағаз парақтарға жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып өз жұмыстарын қорғайды ұсыныңыз. Оқушылар сандардың белгілі бір бірізділікпен орналасатыны туралы қорытынды жасайды. Егер оқушы қате жіберсе қол шапалақтау арқылы білдіріп, қатесін түзетуді ұсыныңыз.Егер оқушы жауап беруге қиналған жағдайда жетекші сұрақтар қою арқылы көмек көрсетіңіз.
Жауабы:
1- топ
133, 145, 157,...
2- топ
604, 505, 406, ...
3 –топ
501,493, 485,...
«Смайлик» арқылы бағалауды ұйымдастырыңыз.
(Т.Ж.) Ал, қане, ойлан! Топта жұмыс жасауды одан әрі қарай жалғастырыңыз. Әрбір топқа тапсырма таратылып беріңіз. Оқушылар кестеде берілген сандар арасындағы заңдылықтарды анықтауды ұсыныңыз. Содан кейін оларға келесі санның жұбын табуды тапсырыңыз. Оқушылар сандар арасындағы заңдылықты жалғастырады, содан кейін әрбір топтан бір оқушыдан шығып, өз жауаптарын ұсынады. Әрбір топ өз жұмыстарын дайын жауап арқылы тексеріп, «Басбармақ » әдәсі арқылы өзін –өзі бағалауды ұсыныңыз.
Жауабы:
1-кесте 50; 40. 60; 30
2- кесте 40; 40. 60; 20
3- кесте 60; 40. 50; 50
Өзіңді тексер.
(Ж.Ж.)Оқушыларға тапсырман жұбымен орындауды тапсырыңыз. Оқушылар өз тобымен ақылдасып, ортақ шешімге келуді ұсыныңыз. Содан кейін дайын жауабы арқылы бірінші топ үшінші топтың, екінші топ бірінші топтың, үшінші топ бірінші топтың жұмысын тексеріп,бағаласың. Бұл тапсырма арқылы оқушылар сандардың белгілі бірізділікпен орналасатындығы туралы білімін толықтыра түседі.
Жауабы:
1); С)
2); Б)
3); А)
4); Ә)
5); В)
Оқушыларға «Жұлдызша» арқылы бағалау жүргізіңіз.
(Ж.Ж) Ойлан, түзет, жалғастыр.Оқушылар жұппен жұмысты жалғастырыңыз.. Олар үш таңбалы сандар қатарын құрастыру ережесін анықтауды тапсырыңыз. Оқушылар сандар арасындағы заңдылықтың бұзылу орнын анықтайды. Олар сандар тізбегін қалпына келтіреді және қатарды одан әрі қарай үш санға толықтырып, жалғастырады. Содан кейін екі- үш жұпқа өз жауаптарын қорғауды ұсыныңыз.
Жауабы: 1) 220, 225, 230, 235, 240.
2) 880, 870,860, 850, 840.
3) 650, 670, 690,710, 730.
«Смайлик» арқылы бағалауды ұйымдастырыңыз.
(Ж.Ж.) Әр кеменің өз зәкірін тауып көр.Сабақтың соңында оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастырыңыз.Оқушылар бұл жұмысты орындау барысында үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді үйренеді. Кемелерде жазылған өрнектерді зәкірде жазылған сандармен сәйкестендіруді және сол сандарды салыстыруды ұсыныңыз. Жұбымен дәптерлерін ауыстырып, жазбаларды салыстыра отырып тексереді.
Жауабы:
300+80+6=386
700+60+3=763
200+40+8=248
500+10+9=519
Геометриялық фигуралар арқылы бағалауды ұйымдастырыңыз.
Сабақты кері байланыс алумен аяқтаңыз. «Тазалық»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?