Көп таңбалы сандар тізбегі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту

№6 сабақ.Тақырыбы:Көп таңбалы сандар тізбегі

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.4.3.2. – өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады: мыңнан миллионға дейін санай алады, осы сандарды жаза алады, сандар ретін жалғастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

1000-ге дейінгі сандар тізбегінің заңдылығын анықтай алады заңдылықтардың бұзылған жерлерін көріп,оларды түзете алады.

Оқушылардың кейбіреулері:

Өз бетіңше таңдап алынған ереже бойынша тізбек құрастыру, оның бұзылуын табады 1 000 000 көлемінде өз беттерімен сандардың тізбектерін ойластыра алады.

Ғылыми тіл

Оқушылар үш таңбалы сандарды салыстыру тәсілін түсіндіреді, разрядтық қосылғыштарды атайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Үш таңбалы сандарды қалай салыстырады?

Разрядтық қосылғыштарға қалай жіктейді?

Санның графикалық моделіне сүйеніп, үш таңбалы сандарды қалай

салыстыруға болады?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Қосу және азайту амалдарын орындай алады, компаненттерін атайды.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық дайындық

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Оқушыларды топқа бірігуі Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.

«Бірлік», «Ондық», «Жүздік»

Миға шабуыл. Өткен материалдарды еске түсіру, қайта жаңғырту дағдысы бойынша сыныпқа сұрақтар қою, толық жауап алу.Шапшаң әрі дұрыс жауап беру қажет екенін ескерту.

  • 1-ден 10- ға дейін тура сана.
  • 10-нан 1- ге дейін кері сана.
  • 10- мен 100 –ге дейін сана.
  • 1000-нан 100-ге дейін кері сана.
  • 2-ден 20 ға дейінгі жұп сандарды ата.
  • 21- ден 31 –ге дейінгі тақ санды ата.

Оқушылардан нені байқағанын сұрап, заңдылық пен заңдылықтың бұзылуы туралы білімдерін жандандыру.

Сөздік бағалау «Бәрекелді», «Жарайсың», «Тамаша»т.с.с.

Слайд № 2

Топтастыруға арналған

қима қағаздар

«Бірлік», «Ондық», «Жүздік»

Слайд №3

Сабақтың ортасы

30мин

(Т.Ж.) Заңдылық. Әр топқа тапсырма таратылып беріледі. Жауабын ламинатталған қағаз парақтарға жазады және қорғайды.Бұл сандардың белгілі бір бірізділікпен орналасатыны туралы қорытынды жасау.

Тапсырма:

Зандылықты сақтай отырып, қатарды жалғастыр.

1-топ

85, 97, 109, 121, ..., ...

2- топ

901, 802, 703, ..., ...

3- топ

525, 517, 509, ..., ...

Егер қате жіберсе қол шапалақтау арқылы білдіріп, қатесін түзетеді.Қиналған оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы көмек көрсету.

«Смайлик» арқылы бағалау

(Т.Ж.) Ал, қане, ойлан! Үш топқа тапсырма таратылып беріледі. Оқушылар сандар арасындағы заңдылықтарды анықтайды. Содан кейін олар келесі санның жұбын табады. Оқушылар сандар арасындағы заңдылықты жалғастырады, содан кейін әр топтан бір оқушыдан шығып, өз жауаптарын қорғайды.

«Басбармақ» арқылы бағалау

Өзіңді тексер.

(Ж.Ж.) Оқушылар тапсырманы алдымен жұбымен орындайды.Топпен ақылдасып, ортақ шешімге келеді.Содан кейін дайын жауабы арқылы бірінші топ үшінші топтың, екінші топ бірінші топтың, үшінші топ бірінші топтың жұмысын тексеріп,бағалайды. Оқушылар сандардың белгілі бірізділікпен орналасатындығы туралы білімін толықтыра түседі.

Тапсырма:

Заңдылықты анықта және сәйкестендір.

«Жұлдызша» арқылы бағалау.

(Ж.Ж) Ойлан, түзет, жалғастыр.Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Олар сан қатарын құрастыру ережесін және заңдылықтың бұзылу орнын анықтайды. Оқушылар тізбекті қалпына келтіріп, қатарды әрі қарай жалғастырады, содан кейін өз жауаптарын қорғайды.

«Смайлик» арқылы бағалау

(Ж.Ж) Әр кеменің өз зәкірін тауып көр. Сабақтың соңында оқушылармен жеке жұмыс жүргізу. Оқушылар бұл жұмысты орындау барысында үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді үйренеді. Кемелерде жазылған өрнектерді зәкірде жазылған сандармен сәйкестендіру және сол сандарды салыстыру.Жұбымен дәптерлерін ауыстырып, жазбаларды салыстыра отырып тексереді.

Геометриялық фигуралар арқылы бағалау

ламинатталған қағаз парақтары, маркерлер;

Слайд № 4

Слайд № 5

Слайд № 6

Тапсырма жазылған қима қағаз

Слайд № 7

Слайд №8

Тапсырма жазылған қима қағаз

Сабақтың соңы

5мин

Кері байланыс

«Тазалық»

Стикерлер.

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

Оқушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер» арқылы бағалау

«Басбармақ» арқылы бағалау

«Жұлдызша» арқылы бағалау

Геометриялық фигуралар

арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу