Көп таңбалы сандарды қосу және азайту. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту

№7 сабақ.Тақырыбы:Көп таңбалы сандарды қосу және азайту

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.5 – үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау

3.1.2.8 – үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар,

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: көп таңбалы сандарды қосу мен азайту разряд бойынша орындалады: жүздік – жүздікке, ондық – ондыққа, бірлік бірлікке қосылады, жүздіктен – жүздікті, ондықтан – ондықты, бірліктен – бірлікті

азайтады.

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.

«Жүздік», «Ондық», «Бірлік».

(Ұ.Ж.) Сабақты сыныппен «Ыстық орындық» ойынын ойнау арқылы бастаңыз. Әрбір топтан бір оқушыдан кезектесіп шығып, «Ыстық орындыққа» отырады. Қалған екі топтың оқушыларына өткен тақырып бойынша сұрақтар қоюды тапсырыңыз. «Ыстық орындықта» отырған оқушы сұрақтарға жауап береді. Осылайша орындарын ауыстыру арқылы оқушылар үш таңбалы сандар туралы алған білімдері бойынша бір –біріне сұрақтар қоюға жетелеңіз.

Мысалы:

  • 824 санындағы 8 цифры жүздікті білдіреді? ( ия)
  • 953 санындағы 9 бірінші разрядтың бірлігі. (жоқ)
  • Кез келген үш таңбалы сан, кез келген екі таңбалы саннан (ия)
  • 283 санын , 2+ 80+300 қосындысы түрінде разрядтық

қосылғышқа жіктеуге болады. (жоқ)

- 918 санында қанша ондық бар?

«Керемет», «Тамаша», «Жарайсың» т.с.с. сөздік бағалау жүргізіңіз.

Математикалық дктант

(Ұ.Ж.) Әрі қарай ұжымдық жұмысты математикалық диктант түрінде жалғастырыңыз. Бұл тапсырма арқылы оқушылар үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды туралы білімдерін толықтыра түседі. Оқушылар үш таңбалы сандарды жүздік, ондық, бірлік түрінде айтады айтуға машықтанады.Оқушылар сол сандарды жазады алады және разрядтық қосылғыштарға жіктейді. Оқушыларға дайын жауабын слайдтан көрсетіңіз және оқушыларға өзін – өзі тексеріп, бағалай алатындығын айтыңыз. Тексеріп болған соң алдымен қате жібермеген оқушыларға орнынан тұрады ұсыныңыз.Содан кейін бір қате жіберген оқушылар, екі – үш қате жіберген оқушылар кезектесіп орнынан тұруды ұсыныңыз. Үш қатеден артық жіберген оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы көмек көрсетіңіз.

Тапсырма:

Математикалық диктант.

  • 3 жүздік 6 ондық 9 бірлігі бар.
  • 5 жүздік 2 бірлік 7 ондығы бар.
  • Үшінші разрядтың 4 бірлігі бірінші разрядтың 3 бірлігі бар.
  • 16 ондығы бар сан.
  • 8 бірлік 5 ондық 2 жүздігі бар.

Оқушыларға бағалау шкаласы арқылы өзін –өзі бағалауды ұйымдастырыңыз.

Шығарып көр.

(Т.Ж.) Топтық жұмысты әрбір топқа тапсырмаларды таратып беруден бастаңыз. 1- топ үш таңбалы санға бір таңбалы санды қосып азайтуға, 2- топ үш таңбалы санға екі таңбалы сандарды қосып азайтуға, 3- топқа үш таңбалы санды үш таңбалы санға қосып азайтуға тапсырма беріңіз. Оқушылар тапсырманы топта орындайды.Тапсырманы орындап болған соң әрбір топтан бір оқушыдан тақтаға шығып, қалай орындағандарын түсіндіруді сұраңыз.Оқушылар жүздіктерге жүздікті қосу (азайту),ондықтарға ондықтарды қосу (азайту), бірліктерге бірліктерді қосу (азайту) керек екендігін үйренеді.

Жауабы:

1-топ 2- топ 3-топ

336 363 633

660 606 66

224 242 422

«Бағдаршам» арқылы бағалау жүргізіңіз.

Жұптас, ойлан, бөліс.

(Ж.Ж) Дұрыс жауабын тауып, боя. Жұптық жұмысты оқушылардың үш таңбалы сандарды қосу мен азайтуды қалай меңгергенін анықтау мақсатында жүргізіңіз. Ол үшін кестеде берілген тапсырмалардың дұрыс жауабын оқушыларға алдымен жұбымен табуды,содан кейін сол ұяшықты бояуды ұсыныңыз.Оқушыларға өз тобымен ойласып, бір шешімге келіп, дұрыс жауабын ламинатталған параққа жазуды тапсырыңыз.Әрбір топтан бір оқушыдан шығып,өз жауаптарын оқушылармен бөліседі. Топ мүшесінін біреуінде сұрақтар туындаған жағдайда, топ мүшелері түсіндіруі қажет.

Жауабы:

762; 611; 643; 814

Бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.с.с. сөздермен жүргізіңіз.

Пирамиданы жоғарыдан төмен қарай толықтыр.

.Ж.) Сабақтың соңында оқушылармен математикалық эстафета ойынын ұйымдастырыңыз. Оқушылар бұл ойын арқылы үш таңбалы сандарды қосу мен азайтуды орындау дағдыларын бекітеді.Қосу мен азайту амалдарының арасындағы өзара байланыс туралы білімдерін жетілдіреді. Ол үшін әрбір топқа бос ұяшығы бар кестені таратып бересіз. Ойынның басталуы туралы берілген белгісі бойынша бірінші партаның оң жағында отырған оқушы бірінші «терезені» жаба бастайды, яғни бірінші бос шаршыны толтыра бастайды.Бірінші «терезені» жаба отырып, ол кестені өзінің көршісіне береді және ары-қарай жалғастырады. Қатардағы соңғы оқушы тапсырманы орындап, алдын ала «мықты» оқушылардан таңдаған экспертке береді. Эксперт кестенің толтырылуының дұрыстығын тексереді. Оқушыларға экранға дұрыс толтырылған кестені көрсетіп немесе оны тақтаның артына дайындап, тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беріңіз.

Жауабы: А) 50; 300: 3; 100;20; 1; 100;30; 2; 900; 7.

Ә) 30; 7;800; 4; 300; 60; 100; 2; 50; 8; 700; 3

Б) 100; 20; 2; 500; 3; 20; 100; 60; 10 40, 4

«Смайлик» арқылы бағалауды жүргізіңіз.

Кері байланысты «Басбармақ» әдісі арқылы ұйымдастыруыңызға болады.

Барлығын түсіндім-

Енді түсініп келемін-

Түсінбедім-



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу