Көп таңбалы сандар. Мыңдықтармен санау. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту
№10 сабақ.Тақырыбы:Көп таңбалы сандар. Мыңдықтармен санау
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.1.2.5 – үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау
Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған парақтар, маркерлер; қима қағаздар, таратпа қағаздар.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:Заңдылықты анықтау – бұл сандар қатары (фигуралар, таңбалар) құрастырылған ережені анықтау деген сөз.
Өсу ретімен санау – бұл сандарды тура ретпен кішіден үлкенге қарай тізбектей отырып санау деген сөз.
Кему ретімен санау – бұл сандарды кері ретпен үлкеннен кішіге қарай тізбектей отырып санау деген сөз.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.
«Миллиондар кл», «Мыңдықтар кл», «Бірліктер кл»
(Ұ.Ж.) Сабақты оқушылармен бірлесе отырып математикалық ребусты шешуден бастаңыз.Оқушылар ребустың шешуі арқылы жаңа тақырыппен танысады. Шешуі: мың
Әрі қарай тапсырма беріңіз. Бұл тапсырма оқушыларға сандар қатарының заңдылығы мен оның бұзылуын анықтау туралы білімдерін жандандыруға көмектеседі.
Жауабы:
1000,2000,3000,4000,5000,6000,7000,8000, 9000.
Осы тапсырма бойынша мынадай сұрақтар қоюыңызға болады.
- Бұлар неше таңбалы сандар?
-Сандарды қандай заңдылықпен құрастырдың?
- Сандарды өсу ретімен оқы.
-Сандарды кему ретімен оқы.
- Қандай ұқсастық бар?
-Айырмашылық ше?
Оқушыларға «Басбармақ» әдісі арқылы өзін –өзі бағалауды ұсыныңыз.
«Ойлан, жұптас, бөліс» Кестені толтыр.
(Ж.Ж.) Жұптық жұмысты таратпа қағаздар мен кесте таратып беруден бастасаңыз болады. Оқушылар тапсырманы алдымен жеке орындайды, содан кейін жұбымен жауаптарын сәйкестендіре отырып тексереді, одан кейін топта бөлісіп талқылайды. Тапсырманы орындамас бұрын оқушыларды көп таңбалы сандардың жазылу үлгісімен таныстырып өтіңіз.
Санда неше класс барын анықтап ал.
- Алдымен ең үлкен кластың бірлігін,
- Содан кейін келесі кластың бірлігі жазылады.
- Сандарды класқа бөл (оңнан солға қарай үш сан сана)
- Ең үлкен кластың бірлігінен бастап оқы.
Бұл тапсырма арқылы оқушылар көп таңбалы сандарды жазуды және оқуды меңгереді. Топ мүшелерінің ішінде қателескен оқушы болса, топ мүшелері түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Жауабы:
234987, 804690, 234024, 4004,777000, 56065,
«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау жүргізіңіз.
Ойланып көр!
(Т.Ж.) Сабақты әрі қарай топтық жұмыс арқылы жалғастырыңыз. Әрбір топқа әртүрлі тапсырма беріңіз. Тапсырманы оқушылар алдымен топта орындайды. Содан соң әрбір топтан бір оқушыдан шығып өз ойларымен бөліседі. Әрбір топ бірін - бірі дайын жауап арқылы тексереді. Бұл тапсырма арқылы оқушылар көп таңбалы санды оқу және жазу туралы білімдерін тиянақтай түседі.
Жауабы:
1- топ
5928; 2457.
1300
2-топ
66666
4 цифр
3 топ
70030
250062
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз.
(Т.Ж.) Сабақты әрі қарай топтық жұмыспен жалғастырыңыз.Сабақта сандар тізбегін құрастыруға, заңдылықты анықтауға және заңдылықтың бұзылуын табуға жұмыстар жалғастырылатынын хабарлаңыз.Оқушылар сандардың арасындағы заңдылықтарды анықтап, дәптерлеріне жазады.Тапсырманы алдымен топта, содан кейін әрбір топтан бір оқушыдан шығып өз жауаптарымен бөліседі. Топтарға бірін – бірі «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалауды ұсыныңыз. Оқушылар бұл тапсырмаларды орындау арқылы сандар арасындағы заңдылықты анықтауды үйренеді.
Жауабы:
1- топ
А) 7803,7804, 7 805, 7 806, 7 807 .
Б) 23 508, 23 408, 23 308, 23 208, 23108.
2- топ
А) 56 138, 56 139,
Б) 7 846, 7 845, 7 844, 7 843,
3- топ
А) 368 050, 358 050, 348 050, 338 050,
Б) 75, 100, 125,150
(Ұ.Ж.) «Ия», «жоқ» ойыны.Сабақты соңында «Ия, жоқ» ойынын ойнатыңыз.
Оқушыларға көп таңбалы сандар туралы алған білімдерін тинақтау үшін сұрақтар дайыңдаңыз. Ол сұраққа шынайы түрде жылдам жауап беруін ескертіңіз. Оқушылар қойылған сұраққа ия немесе жоқ деп қана жауап береді.
«Жарайсың!», «Ақылдым!», «Керемет!» т.с.с. сөздік бағалау жүргізіңіз.
«Даналық ағашы» арқылы сыныптан кері байланыс алыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?