Көп таңбалы сандар. Мыңдықтармен санау. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту

№10 сабақ.Тақырыбы:Көп таңбалы сандар. Мыңдықтармен санау

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.5 – үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық

құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

санаудың ірі бірлігі – мыңдықты құрастырады; 1000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыруды қолданады.

Оқушылардың көпшілігі:

1000-ға дейінгі сандардың, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтайды.

Оқушылардың кейбіреулері:

өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастырады, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табады.

Ғылыми тіл

Оқушылар үш таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайту тәсілдерін

қалай орындағанын түсіндіріп бере алады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сандардың жазылуында қандай цифрлар бірліктерді, ондықтарды,

жүздіктерді, мыңдарды бейнелейді?

Нөлмен аяқталатын сандарды қалай қосуға болады?

Нөлмен аяқталатын сандарды қалай азайтуға болады?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Қосу және азайту амалдарын орындай алады, компаненттерін атайды.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық дайындық

Үлкендерге де сіз,

Кішіге де сіз.

Бар адамды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Оқушыларды топқа бірігуі. Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу

«Миллиондар кл», «Мыңдықтар кл», «Бірліктер кл»

Кіріспе тапсырма.

.Ж.) Оқушылар математикалық ребусты шешу арқылы жаңа тақырыппен танысады. Шешуі: мың

Тапсырма:

Сандарды өсу ретімен орналастыр.

4000; 1000; 8000; 2000; 6000; 3000;5000;7000; 9000.

- Бұлар неше таңбалы сандар?

-Сандарды қандай заңдылықпен құрастырдың?

- Сандарды өсу ретімен оқы.

-Сандарды кему ретімен оқы.

- Қандай ұқсастық бар?

-Айырмашылық ше?

«Басбармақ» арқылы өзін –өзі бағалау.

Слайд №2

Топқа бөлуге арналған қима қағаздар

«Миллиондар кл», «Мыңдықтар кл», «Бірліктер кл»

слайд №3, 4,5

Сабақтың ортасы

30 мин

«Ойлан, жұптас, бөліс» Кестені толтыр.

.Ж.) Оқушыларға таратпа қағаздар мен кесте таратып беріледі. Оқушылар алдымен жеке орындайды, содан кейін жұбымен, одан кейін топта бөлісіп талқылайды.

Оқушылар кестені толтыру арқылы көп таңбалы сандарды жазуды және оқуды үйренеді.

Тапсырма:

Кестені толтыр

2 кластың 234 бірлігі 1 кластың 987 бірлігі

2 кластың 804 бірлігі 1 кластың 690 бірлігі

2 кластың 234 бірлігі 1 кластың 24 бірлігі

2 кластың 4 бірлігі 1 кластың 4 бірлігі

2 кластың 777 бірлігі

2 кластың 56 бірлігі 1 кластың 65 бірлігі

Қате жіберген оқушыларға жеке көмек көрсету.

«Басбармақ» арқылы бағалау

Ойланып көр!

.Ж.) Әрбір топқа әртүрлі тапсырма беріледі.Оқушылар алдымен топта орындайды. Содан соң әрбір топтан бір оқушыдан шығып қорғайды. Топтар бірін - бірі дайын жауап арқылы тексереді.Оқушылар көп таңбалы санды оқу және жазу туралы білімдерін тиянақтай түседі.

1- топ

Сандардың ішінен төрт таңбалы санды тап

13 жүздіктен тұратын қай сан?

2-топ

6 санын 5 рет жазып, шыққын санды оқы.

7 498 санда неше цифр бар?

3 топ

7 ондық мыңдықтан және 3 ондықтан тұратын санды тап.

Қай санның 250 мың 6 ондық 2 бірлігі бар?

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау.

(Т.Ж.)

Оқушылар сандардың арасындағы заңдылықтарды анықтап, дәптерлеріне жазады.Тапсырманы алдымен топта, содан кейін әр топтан бір оқушыдан шығып қорғайды. Топтар бірін – бірі тексеріп, бағалайды.

1- топ

А) 7800, 7801, 7802,..., 7804, ..., ....

Б) 23 908, 23 808, ..., 23 608, ..., ....

2- топ

А) 56 135, 56 136, 56 137, ..., ....

Б) 7 848, 7847, 7846, ..., ....

3- топ

А) 398 050, 388 050, 378 050, ..., ....

Б) 25, 50, 100, 75 ..., ....

Тапсырманы орындау арқылы сандар арасындағы заңдылықты анықтауды үйренеді.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау

(Ұ.Ж.) «Ия», «жоқ» ойыны.

Оқушыларға көп таңбалы сандар туралы сұрақтар қойылады. Оқушылар қойылған сұраққа ия немесе жоқ деп жауап береді.

Оқушылар көп таңбалы сандар туралы білімін толықтыра түседі.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Ақылдым!», «Керемет!» т,б.

Слайд №6,7

Слайд №8-13

Слайд №14-16

слайд №17

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

«Даналық ағашы»

Стикерлер.

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Бағдаршам» арқылы бағалау.

Оқушылар сөздік бағалау

«Басбармақ» арқылы бағалау

«Екі жұлздыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу