Өсімдіктер әлемі. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлім. 1А-1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту.
№ 11- сабақ. Тақырыбы: Үш таңбалы садарды баған түрінде қосу, азайту
3.1.2.8. Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.
3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері
Сабаққа қажетті ресурстар: кесте, баған түрінде қосу азайтуды түсіндіруге арналған сызбалар, ойынға қажетті тапсырмалар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: таулы жерлерде өсетін ағаштар олардың маңызы мен пайдасы туралы деректі видео, үш таңбалы сандарды қосу мен азайту разрядтар бойынша орындалады. Үш таңбалы дөңгелек сандарды ондықтарға ауыстырып қосуға немесе азайтуға болады.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Ынталандыру.
Ұзақ қозғап қоңырау,
Соғылады сыңғырлап,
Сабақ та басталды,
Басылды да дабырық
Қосамын да азайтам,
Көбейтем де бөлем.
Математиканы білем
Сондықтан оны сүйем
(ЖЖ) Өзектендіру.
Математикалық диктант
- Екі жүз алпыс төрт (264)
- Төрт жүз сексен алты (486)
- Алты жүз жиырма бес (625)
- Үш жүз он екі (312)
- Тоғыз жүз он бес (915)
- Сегіз жүз қырық жеті (847)
Жазылған сандарды оқу, кестеге орналастыру.
Жүздіктер | Ондықтар | Бірліктер |
2 | 6 | 4 |
«Шапалақ» арқылы бағалау жүргізу
(ЖЖ)Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).
625+175=810 1000-262=738
447+253=700 1000-851=149
1000-333=667 312+588=900
1000-824=176 729+171=900
. .
625
+ 175
800
Мыңд жүзд онд бірл мыңд жүзд онд бірл
| |||||||
Берілген өрнектерді баған түрінде жазып көрсетіңдер, не өзгерісті байқадың? Қай жер қиындық туғызды атап көрсет, баған түрінде қосу азайту алгоритмін атап шық (ж.ж)
«Смайликтер» арқылы бағалау
- 1000
851
149
Мыңд жүзд онд бірл мыңд жүзд онд бірл
(ЖЖ) Жаңаны ашу.
1000-333=667 312+588=900
1000-824=176 729+171=900
Берілген өрнектерге қарай отырып кері қосу және азайту теңдіктер құрып жаз, ол өрнектердің мәнін табу үшін үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың жазбаша алгоритмін құрастыр, ауызша айт.
Амалдар арасындағы қандай байланыстарды байқадың? Толықтыру тақтасында толық алгоритмі мен орындалған есеп сызбасы арқылы салыстыр немесе сызба арқылы түсіндір.
«Шапалақ» арқылы бағалау.
(Т) Танымдық тапсырма. Жақшалы өрнектердің мәнін берілген схема бойынша тауып көр.
Өздік жұмыс
(Ж) Түсіндіре отырып топта орындайды, осы мысалдарды шығарғанда қандай қателіктер мен қиындықтар кездесті, не түсініксіз болды?
Баған түрінде жазбаша схема бойынша тиімді қосу, азайту алгоритмін дауыстап айта отырып орындау.
Сөздік бағалау «керемет», «жарайсың», «жақсы»
Таулы жерлерде өсетін ағаштар олардың маңызы туралы айту. Ағаштардың тұрмыстағы пайдаларына тоқталу. https://youtu.be/9VrRVNaAQSs
(Т) Есеп шартын топта талқылап, шартын, шешуін табу, жауабын топтар алмаса отырып тексеру, салыстыру.
а) Терек-230 ? ағаш
Қарағаш-125 артық
Шешуі:230+(230+125) =585 Жауабы:585
ә) Таңқурай-132 түп
Қарақат-50түп кем ?
Қарлыған-54 түп
Шешуі:(132-50)+54=82+54=136 Жауабы:136
«Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалау
(Ұ)Ойын: «Ия, жоқ»
- Тіктөртбұрыштың барлық қабырғалары тең (Жоқ)
- 94 пен 3-тің көбейтіндісі 282-ге тең (иә)
- 5 тәулік 120 сағатқа тең (иә)
- Көбейтудің екі қасиеті бар (жоқ)
- Шыршаның қарама-қарсы қабырғалары тең (жоқ)
- 48 мен 3-тің көбейтіндісі 144-қа тең (иә)
- 1 сағат 20 минутта 90 минут бар (Жоқ)
- Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді (иә)
«Сөздік» бағалау
(Ж) Теңдеулердің түбірін тап.
«Смайликтер» арқылы бағалау
Рефлексия.
Түсіндім
Жартылай түсіндім
Түсінбедім
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?