Климатты және ауа райын білу не үшін қажет? Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


4- сабақ. Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту

Тақырыбы: Климатты және ауа райын білу не үшін қажет?

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қылышбаева А.Т

3-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.5. Үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау.

3.2.1.1. Бір/екі әрпі бар әріпті өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу.

3.2.1.2. Әріптердің берілген мәндерінде екі әрпі бар әріпті өрнектің мәнін табу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Ондық құрам негізінде мыңдық, үш таңбалы сандарды қосу және азайту амалдарын ауызша орындайды.

Кейбір оқушылар:

Әріпті өрнектің мәнін табуды біледі.

Көпшілік оқушылар:

Ондық құрам негізінде мыңдық, үш таңбалы сандарды қосу және азайту амалдарын ауызша орындауын түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

1000 көлеміндегі сандарды оқи алады.

Пәндік лексика және терминология:

Разряд. ондықтар, жүздіктер, бірліктер, мыңдықтар.

Үш таңбалы сандардың ондық құрамы. Үш таңбалы сандардың қосу және азайту амалдарын орындау тәсілдері.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Санды разрядты қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу дегеніміз не?

Разряд бойынша орналастыру (азайту) дегеніміз не ?

Үш таңбалы сандарды қалай санау керек?

Жазылым:

Санды және әріпті есептерді жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Сандардың разрядтық құрамы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-3

Ынталандыру.

Ауа райын білу не үшін қажет?

Нақты ауа райы туралы мәліметті білгеніңіз көптеген қиындықтан сақтауы мүмкін (ең аз дегенде – бұл аяқ киімнің су болып қалуынан, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы үлкен шығындардан сақтайды және т.б.). Сол себепті ауа райы туралы мәлімет нақты және сенімді болуы өте маңызды.

Метеорологтардың нақты ақпараты – авиатранспорт қызметінің сәттілігінің кепілі.

Өнімнің сапалы болуы метеорологтардың нақты көрсеткіштеріне тікелей байланысты.

Климаттық жағдайы қауіпті және табиғи апаттар болуы мүмкін аймақтарда ауа райын білу өте маңызды.

1-слайд

4-6

Өзектендіру.

Оқу мақсатымен танысу

Жұппен орындалатын тәжірибелік жұмыстар.Мұғалім санауға қажетті материалды алдын-ала балаларға үйден әкелуді ескертеді не болмаса бүкіл сыныпқа өзі әзірлейді (әртүрлі мөлшердегі және түрлі түсті геометриялық фигуралар, табиғи материалға – бұршақ, түрлі жаңғақтар, қақпақтар, түймелер және т.б. жатады).

Оқушылар оқулықтан 1-тапсырманы орындайды. Мысалы, 324 санын былай қоюға болады:

2-слайдОқулық.

Үлестірмелі санау материалдары.3-слайд

7-11

(Т)Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Оқушылар топпен жұмысты жалғастырып, оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды, сандар сәулесінен жиындар шешімін атап, көрсетеді, осы жиынның 5 санын атайды.

Мұғалім оқушылардан бүгін қандай сандармен жұмыс жасайтындарын сұрайды (үш таңбалы).

Оқулық, дәптер, сандар сәулесі. 4-слайд

12-29

)Жаңаны ашу.

Мұғалім 3-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар есептеулерін түсіндіреді. Оқушылар есептеу алгоритмдерін ауызша айтады.

(Ж)Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулықтағы 4-тапсырманы жұппен орындау ұсынылады. Оқушылар есептегендерін кезекпен айтып түсіндіреді.

(Т)5-тапсырмаЕсептің берілгенін топта талқылайды. Сұрақтарына жауап береді. Шартын құрады, шешуін, жауабын жазыады. Топ басшысы тақтаға шығып өз жауаптарын оқиды. Жауаптарын салыстыра отырып тексереді. Ұсыныс пікірлер тыңдалып, бағаланады.

(Ө)Оқулықтағы 6- тапсырма зерттеушілік қасиетті талап етеді, оқушылар тапсырманы оқып, сұрақтарға жауап береді.Әр бағандағы өрнектердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарына тоқталады.

(Т)Оқушылар: «Ауа райы болжамын білу не үшін қажет?» деген тақырыпты талқылайды. 7-тапсырманы топ болып орындау.Сыныпта ауа райын үздіксіз бақылайтын оқушылардың болуын еске салу.

Сұрақтарға жауап алу:

Жел болған күндерді ата.

Жауын жаумаған күндерді ата.

Жауын да, жел де болмаған күндерді ата

Топ басшыларын тыңдау, жауаптарын салыстыру

Оқулық, дәптер.

30-40

Өздік жұмыс

Мұғалім дәптердегі тапсырманы орындауды ұсынады. Бағалау критерийлерін қарайды.

Мен:

-үш таңбалы сандардың ондық құрамын жазуды білемін;

-1000 көлеміндегі сандарды ондық құрам негізінде қоя аламын;

-1000 көлеміндегі сандарды ондық құрам негізінде азайтамын.

Өткенді қолдану.

Оқулықтағы 4, 5, 6-тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Оқулық, дәптер.

9-слайд

41-45

Рефлексия.

  • Сабақта қандай тапсырмалар ең қызықты болды?
  • Бүгінгі сабақта алған білім қай кезде қажет болуы мүмкін?
  • Өз жұмысыңызды бағалаңыз.
  • Барлығы өзіңіз қалағандай орындалды ма?
  • Неге?

Тағы нені үйренгіңіз келеді?

10-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу