Ұзындықтың өлшем бірліктері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

№22-сабақ

Тақырыбы: Ұзындықтың өлшем бірліктері

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.3.4 4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру.

Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Сабақта 1 000 көлеміндегі есептеу дағдыларын жетілдіру қажет. Сабақтағы тапсырмалар ұзындықтың өлшем бірліктерін олардың арасындағы қатынас негізінде түрлендірулер және амалдар орындауға бағытталған: 1 км = 1 000 м, 1 м = 10 дм, 1 дм = 10 см, 1 см = 10 мм.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

Топтарды қалыптастыру және тақырыпты анықтау үшін «Топтастыру» стратегиясын қолданыңыз.

Мақсаты: ұзындық өлшем бірліктерін олардың ара қатынасына сүйеніп түрлендіру.

Топтарға бөлініп отыру үшін тапсырмаларды жекелей беріп, орнында орындап болған соң тиісті топқа отырады, жұмысы ауызша тексеріледі.

1 топ:Сантиметр 2 топ:Дециметр 3 топ:Метр

1 дм=10см 10см=1 дм 10дм=1м

1 м =100 см 1м=10 дм 100см=1м

5дм 1 см =51см 3м=30дм 500см=5м

«Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б. сөздер арқылы бағалаңыз.

.Ж) Ұзындық өлшем бірліктерін олардың ара қатынасына сүйеніп, түрлендір және сәйкестендір.

Тапсырманы топта ұйымдасырыңыз. Алдымен шығару жолдарын талдап, содан кейін есептейді. Оқушылар жазбаны флипчартта орындайды, ал содан кейін өз нәтижелерін басқа топтармен салыстырады.

«Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б. сөздер арқылы бағалаңыз.

Жауабы:

9 м = 90 дм 3 м 9 дм = 309 дм

60 см = 6 дм 4 дм 3 см = 43 см

50 мм = 5 см 8 см 6 мм = 86 мм

7 м = 70 дм 7 м 3 дм = 73 дм

70 см = 7 дм 2 дм 4 см = 24 см

(Т.Ж) Есепті шығар.

Мақсаты:Бірнеше арифметикалық амалдан тұратын есептерді шешуге машықтандыру.

Оқушылар топта ақылдаса отырып, есепті шығарады. Есепте не белгілі, нені табу керектігін және сонымен қатар бірден есептің сұрағына жауап беруге бола ма екенін сұраңыз. Егер болмаса, біріншіде нені білу керектігін, ал содан кейін нені білу керектігін анықтаңыз. Берілген жауапты топ мүшелері түсіндіреді. Есептеу үшін флипчарттар таратылады, топтар тапсырманы флипчартта орындайды. Орындап болған соң, жауап парақтары тақтаға ілініп,орындау реті бойынша (шарты, сұрағы, шешуі, жауабы) тексеріледі. Әр топ бір-бірінің жұмысын «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы бағалауға болады.

Жауабы:

Ш: І күні – 12 км

ІІ күні - ?, 40 км >

ІІІ күні - ?

Ш: 1) 12км+40км=52км 2) 12км+52км=64 км

Ж: үшінші күні 64 километр жол жүрді.

(Ж.Ж) Тапсырма жұпта орындалады. Тапсырманы орындамас бұрын есептің сұрағын оқушылармен талқылаңыз. Сұраққа жауап беру үшін қандай амалдар орындалатынын сұраңыз. Амалдар реттілігімен талқыланып болған соң, жұпта орындауға кіріседі. Тапсырманы орындап болған соң, жұптар өзара тексеру үшін парақтарын алмастыруды ұсыныңыз. Егер келіспеушілік туған жағдайда, шешімін ұжыммен талдауды өткізіңіз. Әр жұп тексерген жұптың жұмысын көңіл-күйді білдіретін смайликтер арқылы бағалайды.

Жауабы:

Саяхатшылар барлығы 50 километр жол жүрді.

(Ж.Ж) Тапсырманы жұпта орындауды ұсыныңыз. Оқушыларға есептің шартымен танысыпғ оны шығару үшін өрнек құрастыруды ұсыныңыз. Олардан есепте не белгілі, нені табу керектігін және сонымен қатар бірден есептің сұрағына жауап беруге бола ма екенін сұраңыз. Жауапты түсіндіруді сұраңыз. Оқушыларға бұл тапсырманы орындау үшін уақыт беріңіз. Содан кейін өз шешімдерін тақтада көрсетілген шешіммен салыстырып, қорытынды жасауды ұсыныңыз. Тексеруді ауыспалы құраммен жұпта өткізуді ұсыныңыз. Әр жұп тексерген жұптың жұмысын көңіл-күйді білдіретін смайликтер арқылы бағалайды.

Жауабы:

4979 м = 4 км 979 м

(Ө.Ж) «Кім жүйрік?» Бұл тапсырма ұзындықтың өлшем бірліктерін салыстыруға бағытталған. Тапсырмада оқушылар ұзындықтың өлшем бірліктерін пайдаланып, амалдар орындайды. Алдымен жарыс нәтижелерін салыстырудан бастаңыз. Бұл жерде қатысушылардың тек үздік нәтижесі ғана есептелінетінін айтыңыз. Сонан соң ең үздік нәтижеге кімнің жеткенін анықтап, кестеге 1, 2, 3-орын алған қатысушылардың есімдерін жазуды ұсыныңыз.

Кері байланысты «Сұрақтар тізбегі» әдісі арқылы бекіту сұрақтарын қойыңыз. Ол үшін төмендегідей сұрақтар қоюға болады:

  • Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?
  • Осы мақсаттарға жете алдық па?
  • Сіздерде қиыдық туындады ма?
  • Сіз олардан өте алдыңыз ба?
  • Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Соңында «Жетістік баспалдағы» арқылы оқушылар өздерінің қай деңгейде тұрғанын білдіру үшін стикерлер жапсырса болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу