Ұзындықтың өлшем бірліктері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

№22-сабақ

Тақырыбы: Ұзындықтың өлшем бірліктері

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Какимбаева Арайлым Каскырбаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.3.4 4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

Ұзындықтың өлшем бірліктерін: мм, км-ді біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

Шамалардың мәнін салыстыру және оларға амалдар орындайды.

Оқушылардың кейбіреулері:

Шамаларды түрлендіреді.

Ғылыми тіл

Оқушылар

Ұзындық өлшем бірліктерін салыстырады.

Пәндік лексика және терминология:

Ұзындық, км, мм.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ұзындықты немен өлшейді?

Ұзындықтың қандай өлшем бірліктерін қолданады?

Құндылықтар

Жауапкершілік,өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Ұзындық, см, дм, м.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламызОйнап күліп аламызЖетілсін деп санамызОқып білім аламыз.

Топтарды қалыптастыру және тақырыпты анықтау үшін «Топтастыру» стратегиясын қолдану.

Мақсаты: бірнеше арифметикалық амалдан тұратын есептерді шешуге машықтандыру мақсатында өткізіледі.

Топтарға бөлініп отыру үшін тапсырмаларды жекелей беріп, орнында орындап болған соң тиісті топқа отырады, жұмысы ауызша тексеріледі.

1 топ:Сантиметр 2 топ:Дециметр 3 топ:Метр

1 дм=10 см 10см=1 дм 10дм=1м

1 м =100 см 1м=10 дм 100см=1м

5дм 1 см =51см 3м=30дм 500см=5м

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б.

Слайд №1

Слайд № 2

Алдын ала дайындалған қима қағаздар

Слайд №3

Сабақтың ортасы

30мин

.Ж) Ұзындық өлшем бірліктерін олардың ара қатынасына сүйеніп, түрлендір және сәйкестендір.

Топта алдын ала шығару жолдарын талдап, содан кейін есептейді. Оқушылар жазбаны флипчартта орындайды, ал содан кейін өз нәтижелерін басқа топтармен салыстырады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б.

(Т.Ж) Есепті шығар.

Мақсаты:Бірнеше арифметикалық амалдан тұратын есептерді шешуге машықтандыру.

Оқушылар топта ақылдаса отырып, есепті шығарады. Есепте не белгілі, нені табу керектігін және сонымен қатар бірден есептің сұрағына жауап беруге бола ма екенін сұрау. Егер болмаса, біріншіде нені білу керектігін, ал содан кейін ше? Жауапты түсіндіреді. Есептеу үшін флипчарттар таратылады, топтар тапсырманы флипчартта орындайды. Орындап болған соң, жауап парақтары тақтаға ілініп,орындау реті бойынша (шарты, сұрағы, шешуі, жауабы) тексеріледі.

Туристер бірінші күні 12 км, екінші күні бірінші күнге қарағанда 40 км артық жүрді. Ал үшінші күні бірінші және екінші күндері қанша жүрсе, сонша километр жол жүрді. Жолдың үшінші күнінде туристер неше километр жүріп өтті?

1-топ: Есептің шартын құрады, сызбасын сызады.

2-топ: Есептің амал таңбасын дұрыс таңдап, өрнек жазады.

3-топ: Өрнектің мәнін тауып, жауабын жазады.

Ш: І күні – 12 км

ІІ күні - ?, 40 км >

ІІІ күні - ?

Ш: 1) 12км+40км=52 (км) 2) 12км+52км= 64 (км)

Ж: үшінші күні 64 километр жол жүрді.

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы бағалау

(Ж.Ж) Есепті шығар.

Тапсырма жұпта орындалады. Алдымен есептің сұрағы талқыланады. Сұраққа жауап беру үшін қандай амалдар орындалатынын сұрау. Амалдар реттілігімен талқыланып болған соң, жұпта орындау. Тапсырманы орындап болған соң, жұптар өзара тексеру үшін парақтарын алмастырады. Егер келіспеушілік туған жағдайда, шешімін ұжыммен талдауды өткізу.

«Смайлик» арқылы бағалау

(Ж.Ж) Ұзындық өлшем бірлігін түрлендір.

Оқушылар тапсырманы жұпта жалғастырады.

Сұрақтың шешімі болатын амалды таңдайды. Оқушылар ұзындықтың өлшем бірліктеріне назар аударады және метрмен берілген ұзындық өлшем бірлігін километр және метрмен өрнектеуі қажет екеніне көз жеткізеді. Есептеуді ламинатталған параққа жазады. Тапсырманы орындап болған соң, жұптар өзара тексеру үшін парақтарын алмастырады. Егер келіспеушілік туған жағдайда, шешімін ұжыммен талдайды.

Қазақстандағы Хан тәңірі шыңының биіктігі – 6995 м, ал Талғар шыңының биіктігі одан 2016 метрге кем. Талғар шыңының биіктігін тап және ұзындық өлшем бірліктерінің ара қатынасына сүйеніп түрлендір.

Ш: Хан тәңірі – 6995 м

Талғар - ? м, 2016 км кем

Ш: 6 995 – 2 016 = 4 979 м

4 979 м = 4 км 979 м

Ж: Талғар шыңының биіктігі 4 979 метр.

«Смайлик» арқылы бағалау

(Ө.Ж) «Кім жүйрік?»

А4 форматтағы параққа жазылған тапсырма ұзындықтың өлшем бірліктерін салыстыруға бағытталған. Тапсырмада оқушылар ұзындықтың өлшем бірліктерін пайдаланып, амалдар орындайды. Алдымен оқушылар жарыс нәтижелерін салыстырады. Бұл жерде қатысушылардың тек үздік нәтижесі ғана есептелінеді. Сонан соң ең үздік нәтижеге кімнің жеткенін анықтап, кестеге 1, 2, 3-орын алған қатысушылардың есімдерін жазады. Тапсырманы орындап болған соң өзін-өзі тексеру жүргізіледі.

Айдар, Мақсат, Әділет, Самат ұзындыққа секіруден мектепішілік жарысқа қатысты. Жарыс 3 секіру кезеңінен тұрды. Төреші ең үздік нәтижеге жеткен қатысушыны атап, жүлделі орындарды табыстады. Қай қатысушы қандай орындар алды? Кестеге толтыр.

«Смайлик» арқылы бағалау.

Слайд № 4

Флипчарт, маркер

Слайд № 5

Интербелсенді тақта, флипчарт, маркер

Слайд №6

Слайд № 7

Тапсырма А4 форматты қағазға жазылған

Слайд № 8, 9

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс. «Сұрақтар тізбегі» әдісі арқылы бекіту сұрақтары қою.

  • Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?
  • Осы мақсаттарға жете алдық па?
  • Сіздерде қиыдық туындады ма?
  • Сіз олардан өте алдыңыз ба?
  • Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Оқушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер» арқылы бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу