Грамм - масса бірлігі. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

№23-сабақ.

Тақырыбы: Грамм - масса бірлігі

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.3.4 4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру.

Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Грамм – килограмның 1/1000 бөлігін құрайтын массаны өлшеудің стандартты бірлігі.

1 кг =1000 г

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе. Сабақты сынып ішінде жағымды ахуал туғызу мақсатында «Тілек шоғы» әдісі арқылы психологиялық дайындық жүргізуден бастаңыз. Партадағы көршілер бір-біріне бүгінгі сабақтың жақсы өтуіне, көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуларына тілек тілейді. Сонан қарапайым арифметикалық амалдарға құрылған өрнектерді шығару арқылы ДЕНСАУЛЫҚ сөзін шығарып алыңыз. Бұл – сіздің оқушыларға тілейтін тілегіңіз екенін айтыңыз.

Жауабы:

200-25=175

Д

590-490=100

Е

840+130=970

Н

750-150=600

С

670-600=70

А

320-310=10

У

880-770=110

Л

500+400=900

Ы

800-760=40

Қ

Кіріспе тапсырма. Сабаққа қызығушылықтарын ояту мақсатында алдымен «Кім жылдам?» ойынын жүргізіңіз. Интербелсенді тақтада көрсетілген тапсырмаларға оқушылар жылдам әрі дұрыс жауап беруі тиіс. Одан соң «Ойлан, тап!» айдары бойынша оқушыларға 1 кг темір ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма деген сұрақ қойыңыз.

Оқушылардың жауабын тыңдаған соң, интербелсенді тақтадағы суреттерді өлшеу үшін массаның қай бірліктерін қолданған ыңғайлы екені туралы пікірлерін сұраңыз. Пікірлер тыңдалған соң, оқушылар жеңіл, ұсақ заттарды граммен өлшеген ыңғайлы деген қорытынды шығарулары керек. Соңынан «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б. сөздер арқылы бағалаңыз.

(Т.Ж).

Төмендегі массаларды алу үшін қандай кір тастары қажет екенін білуді ұсыну. Тапсырманы орындау үшін, оқушылар кір тастарын қолданады. Тапсырманы оқып, бірақ оны қалай орындауды оқушыларға түсіндірмей, оларға іс-әрекет жоспарын өздері ойлауға мүмкіндік беріңіз.

Тапсырманы орындап болған соң, топтардың нәтижелері салыстырады. Нәтижелер әр түрлі шыққан жағдайда, неліктен әртүрлі шыққанын сұраңыз.

«Жұлдызша» арқылы бағалау жүргізіңіз.

Жауабы:

Ірімшікті өлшеу үшін – 500 г, 200 г, 50г

Тәтті тоқашты өлшеу үшін - 200 г, 200 г, 20 г, 5 г.

Қарбыз тілігін өлшеу үшін – 200 г, 100 г, 50 г, 20 г, 5 г.

.Ж) Жұптық жұмысты «Сен және мен» ойыны арқылы жүргізіңіз.

Жұптағы 1-оқушыға көрсетілген өлшем бірлікті өсу ретімен жазуды, 2-оқушыға кему ретімен жазып шығуды ұсыныңыз. Тапсырманы орындап болған әр оқушы қалай орындалғанын түсіндіруі керек. Түсіндіруінде қиындық туындаса, өзге оқушылардың көмектесуін қадағалаңыз.

«Жұлдызша» арқылы бағалау

Жауабы:

Өсу ретімен:

200 г, 8 кг, 20 кг; 2 ц; 800 кг, 2 т.

Кему ретімен:

2 т, 800 кг, 2 ц, 20 кг, 8 кг, 200 г.

(Ө.Ж) Тиісті өлшеммен сәйкестендір.

Оқушыларға суретте көрсетілген заттардың массаларын тиісті өлшем бірлігімен сәйкестендіруді ұсыныңыз. Оқушылар өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып және 1 грамм масса туралы түсініктері бойынша, шай, шоколад тақтасының массасы граммен берілетінін, ал бір себет алма мен сиырдың массасы килограммен, ұшақтың массасы тоннамен берілетінін анықтай алады.

«Жұлдызша» арқылы бағалау жүргізіледі.

Жауабы:

Ұшақ 79 т;

Сиыр – 300 кг

1 қорап шай – 250 г;

Шоколад – 80 г;

Себет алма – 5 кг.

(Ж.Ж) Түрлендір. Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Айдардағы тапсырманы кеспе қағаздарға дайындаңыз және орындалатын тапсырманы ламинатталған қағазда орындауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындау қиындық тудырса масса өлшем бірліктерінің кестесін тірек ретінде пайдалануды ұсыныңыз. Тапсырманы орындап болған «Жұлдызша» арқылы бағалау жүргізіңіз .

Жауабы:

9625 г= 9 кг 625 г 14200 г = 14 кг 200 г

6 кг 568 г = 6568 г 2 кг 540 г = 2540 г

6000 г = 6 кг 12000 г = 12 кг

Кері байланыс

Оқушыларда осы сабақта қандай жаңалықтармен танысқанын сұрап, «Сиқырлы таяқша» ойыны арқылы бекітіңіз. Ойынның мақсаты сабақта алған білімдерін пысықтау, қорытындылау. Ортаға 4 оқушы шығып, 3 таяқ тасталады да, музыка ырғағымен айналып жүреді. Тоқтағанда таяқшаны алып үлгеру керек. Таяқсыз қалған оқушыға біреуі тақырып аясында сұрақ қояды. Осылай таяқ саны кеміп, соңында жеңімпаз анықталады. Осылайша барлық сынып оқушыларымен жүргізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу