Тонна - масса бірлігі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

№-24сабақ

Тақырыбы: Тонна - масса бірлігі

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Какимбаева Арайлым Каскырбаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.3.4 4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

Ұзындық өлшем бірліктерін біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

Шамалардың мәнін салыстыру және олармен амалдар орындайды

Оқушылардың кейбіреулері:

Шамаларды өрнектейді.

Ғылыми тіл

Оқушылар

Массаның өлшем бірліктерін салыстырады.

Пәндік лексика және терминология:

Масса, грамм, тонна

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Массаның қандай өлшем бірліктері қолданылады?
  • Массаның ең ұсақ өлшем бірлігі қалай аталады?
  • Ең ірі өлшем бірлігі ше?

Құндылықтар

Жауапкершілік,өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Өрнектер, тонна, грамм

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Кіріспе тапсырма.

(Ұ.Ж) «Дұрыс, дұрыс емес» ойыны. Белгі карточкаларын пайдалану. Қызыл-«жоқ», жасыл-«дұрыс», сары-«білмеймін».

1 стакан балмұздақтың массасы: 100 г.

1 қалта ұнның массасы: 2 г.

1 шелек шиенің массасы: 10 кг

Қоянның массасы: 400 кг.

Сиырдың массасы: 200 кг.

Пілдің массасы: 60 кг.

Көк киттің массасы: 145 т

  • Дұрыс
  • Жоқ
  • білмеймін

Слайд № 1

Оқушыларға көрсетілген суреттердің массасын қандай бірліктерімен өлшеген ыңғайлы екені сұралады.

Оқушылардың болжауын тыңдау. Үлкен жүктерді өлшеу үшін массаның ірі өлшем бірлігі – тоннаны қолданатынын хабарлау.

Назар аудар!

1 т = 10 ц = 1000 кг

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

Интербелсенді тақта

Слайд №2

Слайд №3

Сабақтың ортасы

30мин

(Т.Ж) Өрнекте.

3 топқа массаның әр түрлі өлшем бірліктеріне өрнектеу тапсырылады. Оқушыларға тапсырманы орындау барысында массаның өлшем бірліктерінің қатынасының кестесін пайдалануды ұсыну. Тапсырманы тексеру үшін топтарға дұрыс жауабы бар шаблонды ұсыну.

1-топ. Килограммен өрнекте.

5 ц; 4 ц 32 кг; 18 ц 7 кг;4 т 15 кг; 25000 г.

2-топ. Центнермен өрнекте.

800 кг; 1600 кг; 36 т; 9000 кг.

3-топ. Тоннамен өрнекте.

7000 кг; 4000 ц; 50000 кг; 30 ц.

«Смайлик» арқылы бағалау

Жас эколог

.Ж) Оқушыларға «жас эколог» болуды ұсыну. Қағаз қалдықтарын жинаудың пайдасын талдату. Сол арқылы оқушыларды экологиялық сауаттылыққа және белсенді өмір позициясын ұстауға тәрбиелеу. Одан кейін есепті массаның өлшем бірліктерінің кестесін тірек ете отырып, шығаруды ұсыну.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

«Ойлан. Жұптас. Талқыла»

) Оқушылар жұптаса отырып, тапсырманы ламинатталған парақта орындайды. Алдымен оқушылардың есептің берілуін түсініп оқуын ұйымдастыру. Белгісіз бен қойылатын сұраққа назар аудару. Содан кейін қысқаша жазбасын немесе шартын құру керек екенін сұрау. Есепті шешу жолдарын көрсету.

Үш жер телімінен 4 т картоп жиналды. Бірінші жер телімінен 860 кг, екінші жер телімінен біріншіге қарағанда 2 есе артық картоп жиналды. Үшінші жер телімінен қанша кг картоп жиналды?

І жер телімінен – 860 кг

ІІ жер телімінен - ?, 2 есе артық 4 т

ІІІ жер телімінен - ? кг

Ш: 1) 860 • 2 = 1720 кг 2) 4000 – (860 + 1720) = 1420 кг

Ж: Үшінші жер телімінен 1420 килограмм картоп жиналды.

«Смайлик» арқылы бағалау

(Ө.Ж) Алдын ала дайындалған кеспе қағаздағы тапсырмалар оқушыларға таратылады. Оқушылар атаулы сандармен берілген мысалдарды шығарады.

2 т + 5 т = … т 2 500 кг + 1 500 кг = … т

10 ц + 25 ц = … кг 3 ц – 200 кг = … кг

1 700 г + 5 300 г = ... кг 5 т – 40 ц = ... т

«Жұлдызша» арқылы бағалау

Слайд № 4

тапсырма жазылған А4 парақшалар

Слайд №5

Слайд №6

Слайд № 7

Кеспе қағаздар

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

 «Серпілген доп» әдісі тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін оқушылардың арасында сұрақтарға жауап алынады.

  • Массаның қандай жаңа өлшем бірлігімен таныстың?
  • Массаның ең ұсақ бірлігін ата.
  • Массаның ең ірі ұсақ өлшем бірлігін ата.
  • 1 тоннада қанша кг, ц бар?
  • Масса өлшем бірліктері бізге не үшін керек?

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау

Слайд № 8

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Білім алушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер» арқылы бағалау

«Жұлдызша» арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу