Масса өлшем бірліктері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

№25-сабақ

Тақырыбы: Масса өлшем бірліктері

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.3.4 4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру.

Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Бұл сабақта массаның өлшем бірліктерінің арасындағы қатынастар туралы білімдерін жүйелеу бойынша жұмысты жалғастыру керек: 1 кг = 1000 г 1 ц = 100 кг 1 т = 1000 кг 1 т = 10 ц

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

(Ұ.Ж) Ребусты шеш. Сабақты жалпы сыныппен жүргізуден бастаңыз. Оқушыларға интербелсенді тақтада ребус шешу тапсыру. Ребустың жауабы МАССА, ЕСЕП сөздері.

Осы сөздерге қатысты бүгінгі сабақта қандай жұмыстар атқарылатыны туралы болжамдарын сұраңыз. Болжамдарын тыңдап болған соң масса өлшем бірліктеріне байланысты есептер шығаратыны туралы хабарлаңыз. Сонан соң сыныпты топтастыру үшін килограмм,тонна, грамм, центнер сөздері жазылған қима қағаздарды таңдайды.

«Мен саған, сен маған» әдісі бойынша оқушылар масса өлшем бірліктерінің ара қатынасын еске түсіртіңіз. Оқушылар қойылған сұрақтарға тез әрі нақты жауап беруі тиіс. Сұрақтар төмендегіше болады:

  • 1 кг-да қанша грамм бар?
  • 1 центнер қанша кг?
  • 1 центнердің жартысы қанша кг?
  • 5 центнерді 1 тоннаның жартысы деп айта аламыз ба?
  • 6 килограммда қанша грамма бар?

(Т.Ж) Келесі тапсырманы топта орындауды ұсыныңыз. «Сәйкестендіру» әдісі арқылы әр топ (кг, т, г, ц) суреттен тек өздерінің топ атауымен өлшенетін заттарды шеңбермен  қоршайды, айтып шығады. Ол үшін алдымен ірі, ұсақ заттарды массаның қай өлшем бірлігімен өлшеген ыңғайлы екенін, бірнеше мысал келтіруді сұраңыз.

Жауабы:

Килограммен: жемістер, асқабақ

Тоннамен: ұшақ, піл

Граммен: кәмпит, сақина

Центнермен: астық

.Ж) «Ойлан, бірік, талқыла» әдісі арқылы тапсырманы топта орындауды ұсыныңыз. Алдымен есептің шартын сыныппен талқылаңыз. Сонан соң оқушылар өздері топтасып есептің шартын құруы тиіс. Оқушылар екі сұрақ құрастыруы керек, сонда шешімі де екеу болады, сондықтан оқушылар бір есеп емес екі есеп құрастырады. Орындап болған соң топтар бір-бірінің жұмыстарын өзара тексеру жүргізеді. Топтардың жұмыстарын жұлдызша арқылы бағалауды жүргізіңіз.

Жауабы:

30 – 6 өрнегі бойынша алмұрттың салмағын табады.

30 + (30 – 6) өрнегі арқылы мектеп асханасына әкелінген барлық жемісттің массасын табады.

(Т.Ж) «Ойлан, тап!» Топтық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар топтаса отырып, алдымен есепті талдайды, сонан соң флипчартқа жазу ұсынылады. Тапсырма сурет, сызба түрінде беріледі. Оқушылардан есептің неше амалмен орындалатынын сұраңыз. Массаның әр түрлі өлшем бірліктерін бір өлшем бірлікке келтіру керектігін айтыңыз . Сонан соң сызба бойынша есеп шартын құрастырып айтқығызыңыз. Олар 2 амалмен шығатын есеп құрастырады. Шешімін бір өрнек түрінде 100 – (30+30:5) жазуға да болады. Тапсырманы орындаған соң, әр топ мүшесі өз тобының жауабын презентациялап айтуларын ұсыныңыз. Есептің шешуін бір немесе екі өрнекпен жазған топтардан неліктен олай болғанын сұраңыз. Сонан соң екі жағдайда да есептің шешуі қате емес екенін айтыңыз. Оқушылардың жұмыстарын көңіл-күйді білдіретін смайликтер арқылы бағалаңыз.

Жауабы:

Қой – 30 кг

Қаз - ? кг, 5 есе кем 1 ц

Бұзау - ? кг

Ш: 1) 30 кг : 5 = 6 кг 2) 100 кг – ( 30 кг + 6 кг ) =67 кг

Ж: бұзаудың массасы 67 кг

(Ұ.Ж) Сен білесің бе? Қазақтың көне салмақ өлшем бірліктерімен таныстыру үшін оқушылардан интербелсенді тақтада көрсетілген мақалдардағы асты сызылған сөздер туралы не білетіндерін сұраңыз. Пікірлерін тыңдап болған соң, дұрыс жауапты айтыңыз.

Жауабы:

Мысқал – 1 г

Қадақ – 750 г

Келі – 1 кг

Пұт – 16 кг

Батпан – 100 кг

(Ө.Ж) Осы тапсырманы орындау оқушылардың 1 000 көлеміндегі сандарды есептеу дағдыларын тексеруге және масса бірліктерін түрлендіре білу дағдыларын тексеруге мүмкіндік береді. Оқушыларға тапсырманы көрсетілген өлшем бірліктеріне сай өрнектеуді ұсыныңыз. Тапсырманы орындау үшін оқушылар масса өлшем бірліктерінің ара қатынасын еске түсіріп алғаны жөн. Бағалауды бағдаршам түсі арқылы жүргізіңіз. Ешбір қате жібермеген оқушы жасыл түсті, 2-3 қате жіберген оқушы сары түсті, 4 және одан да көп қате жіберген оқушы қызыл түсті белгіні көтереді.

Жауабы:

4 ц 23кг = 423 кг 7 т 2 ц = 7200 кг

1800 кг = 18 ц 900 кг = 9 ц

25000 кг = 25 т 5200 кг = 52 ц

(Ж.Ж) Есепте. Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар жұптаса отырып, суретте көрсетілген теңескен таразы табақшасындағы заттардың салмағын табады. Оқушылар заттың массасын кіртастарды пайдаланып, табақты таразының көмегімен анықтайтынын біледі. Ал бұл тапсырмада кір тастың орнына массалары әр түрлі доптар берілген. Оқушылар біріге отырып, ауызша есеп жүргізеді, содан кейін әркім өз бетінше жазбаны жауап парағына жазады. Тапсырманы орындаған соң, жұптарға дәптерлерін ауыстырып, өзара тексеру өткізуді сұраңыз. Өзара тексеріп болған соң, жұптар бірін-бірі бас бармақ арқылы бағалауын ұсыныңыз.

Жауабы:

Ұн – 3 кг

Картоп – 4 кг

Қызанақ – 4 кг

Қарбыз – 7 кг

Кері байланыс. «Кенеттен сұрау» әдісі бойынша кез келген оқушыға сұрақ қойыңыз.Ал оқушылар өз кезегінде сұраққа нақты жауап беруі тиіс. Бұл оқушылардың осы сабақта алған білімдерін пысықтау, қорытындылау үшін ұйымдастырылады. Сұрақтарды төмендегідей үлгіде қойыңыз:

Не артық: 99 кг ба, әлде 1 ц ме?

Не кем: 11 ц ме, әлде 11 кг ба?

Үлкен шаманы ата: 7кг, 800 г

Кіші шаманы ата: 600 кг, 20 ц

Үлкен шаманы ата: 80 ц, 80 кг, 80 г

Кіші шаманы ата: 10 ц, 2 т, 100кг

Сабақ соңында «Көңіл күй букеті» арқылы оқушылар сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді тақтаға бекітуін сұраңыз.

Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет.

Сары түс – барлығы түсінікті емес.

Жасыл түс – барлығы жақсы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу