Көлем және сыйымдылық. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

№26-сабақ

Тақырыбы: Көлем және сыйымдылық

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.3.3 шамалар мәндерін: ұзындық (мм,см, дм, м)/ масса (г, кг, ц, т)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ аудан ( см2, дм2, м2, га)/ уақыт (сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау.

Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: оқушылардың шамалар туралы, соның ішінде көлем және оның өлшем бірлігі – литр туралы түсініктері бар. Бұл сабақта осы білімдерін үш таңбалы сандарды қосу және азайту амалдарын орындау негізінде жүйелеуге, сонымен қатар атаулы сандарға амалдар қолдануға бағытталған.

Сабақ бойынша ұсыныстар:

(Ұ.Ж) Ширату. Сынып оқушыларымен ұжымдық жұмыс жүргізіңіз. Оқушыларға тақтада 5 кг, 10 г, 19 см, 15 кг, 15 м, 13 дм деп жазылған кеспе қағаздарды көрсетіңіз. Бұл қағаздағы жазулар туралы не айта алатындары және қандай екі топқа топтастыруға болатынын сұраңыз. Оқушылар 1-топ ұзындық өлшем бірліктері екенін, 2-топ масса өлшем бірліктері екенін айта алады. Осылайша олар ұзындық және масса өлшем бірліктерінің ара қатынасын еске түсіре отырып, кеспе қағаздардағы атаулы сандарды өсу ретімен орналастыруды сұраңыз.

Одан әрі «Адасқан әріптер» ойыны арқылы оқушылардан сабаққа арқау болатын сөздерді табуды ұсыныңыз. Тапқан соң көлем, сыйымдылық, литр туралы не білетіндерін сұраңыз.

.Ж) тапсырманы топта орындауды ұсыныңыз. Үш топқа ішіне 1 л су құйылған үш түрлі ыдыс (құмыра, шайнек, бидон) беріңіз. Оқушылардан қай ыдыстағы судың көп екенін сұраңыз. Оны анықтау үшін 1-топ оқушыларына құмыра беріледі де, ондағы суды сыйымдылығы 1 л болатын банкамен өлшейді. 2-топқа шайнек беріледі, олар сыйымдылығы жарты литр болатын банкамен өлшейді. 3-топқа бидон беріледі, олар сыйымдылығы 200 гр болатын кружкамен өлшейді. Әр топтан қандай қорытынды шығарғанын сұраңыз. Оқушылардан неліктен өлшеу нәтижері әртүрлі болғанын сұраңыз. Өлшеуді салыстыру үшін бір ғана өлшеуішті қолдану керектігін айтыңыз. Олар көлемді өлшеу үшін қандай өлшеуішті қолдану керектігін естеріне түсіреді. Оқушылар ондай өлшеуіш литр болып табылатынын айтып жауап береді және осы өлшем бірлікті қайда кездестіретінін сұраңыз. Тапсырма соңында «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.с.с сөздік бағалау жүргізіңіз.

(Т.Ж) Ойлан және жауап бер. Оқушылар топтаса отырып, сурет бойынша есеп құрастырады және оны шығарады. Олар 2 амалмен шығатын есеп құрастырады. Шешімін бір өрнек түрінде 43 – (10+10*5) жазуға да болады. Тапсырманы орындаған соң, топтар өзара тексеру жүргізеді. Әрбір топтан бір оқушы басқа топқа ауысып, жауаптарын салыстырып тексереді. Оқушылар топтаса отырып, алдымен есепті талдайды, сонан соң флипчартқа жазу ұсынылады. Тапсырма сурет, сызба түрінде беріледі. Оқушылардан есептің неше амалмен орындалатынын сұраңыз. Сонан соң сызба бойынша есеп шартын құрастырып айтқызыңыз. Олар 2 амалмен шығатын есеп құрастырады. Шешімін бір өрнек түрінде 43 – (10+10•3) жазуға да болады. Тапсырманы орындаған соң, әр топ мүшесі өз тобының жауабын презентациялап айтуларын ұсыныңыз. Есептің шешуін бір немесе екі өрнекпен жазған топтардан неліктен олай болғанын сұраңыз. Сонан соң екі жағдайда да есептің шешуі қате емес екенін айтыңыз. Оқушылардың жұмыстарын жұлдызша арқылы бағалаңыз.

Жауабы:

Шәйнектің көлемі 3 литр

(Ж.Ж) «Сен маған, мен саған» әдісі бойынша бұл тапсырманы жұптар арасында санның разрядтық құрамын анықтауды қаншалықты үйренгенін анықтау үшін ұйымдастырыңыз. Жұптар жұмыс барысында санның разрядтық құрамын анықтауды және нәтижесін атаулы сандар түрінде жазуды сұраңыз. Жұптар тапсырманы өз беттерінше орындап, содан кейін өзара тексеру өткізеді. Әрбір оқушы өзінің жұбын «Жұлдызша» арқылы бағалайды.

Жауабы:

1-оқушы 2-оқушы

(Т.Ж) Оқушыларға берілген есепті топта шығаруды ұсыныңыз. А3 парақта жазылған тапсырманың шартын топта талқылап, сұрақтарына жауап беріп, өз жауаптарын ламинатталған парақтарға жазуды ұсыныңыз. Есептің шарты, сұрағы, шешуі мен жауабының қалай болатыны ауызша мұғалімнің жетекші сұрақ қоюы арқылы талқыланады. Бағалауды өткізу үшін топтар өз жұмыстарымен алмасады. Топ жұмыстарын «Бас бармақ» арқылы жүргізіңіз.

Жауабы:

Машинада 9 литр бензин қалды.

(Ө.Ж) Салыстыруды орында.

Оқушылар алған білімдеріне сүйене отырып, атаулы сандармен өрнектерді салыстыруға берілген тапсырманы орындай алады.

«Смайлик» арқылы бағалау

Жауабы:

657 л – 416 л < 248 л + 154 л

1000 л – 5 • 20 л = 480 л + 420 л

(182 л + 243 л) – 54 л < 700 л – (426 л + 74 л)

Кері байланысты бекіту сұрақтарын қою арқылы жүргізіңіз. Ол үшін төмендегідей сұрақтар қоюға болады:

  • Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?
  • Осы мақсаттарға жете алдық па?
  • Сіздерде қиыдық туындады ма?
  • Сіз олардан өте алдыңыз ба?
  • Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Соңында «Жетістік баспалдағы» арқылы оқушылар өздерінің қай деңгейде тұрғанын білдіру үшін стикерлер жапсырса болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу