Көлем және сыйымдылық. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

№26-сабақ

Тақырыбы: Көлем және сыйымдылық

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Какимбаева Арайлым Каскырбаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.3.3 шамалар мәндерін: ұзындық (мм,см, дм, м)/ масса (г, кг, ц, т)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ аудан ( см2, дм2, м2, га)/ уақыт (сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар: өлшем бірліктерін пайдаланып, көлемді өлшейді.

Оқушылардың көпшілігі:

көлемнің өлшем бірліктерінің мәндерін салыстырады және шаманың үлесін табады.

Оқушылардың кейбіреулері:

көлемнің өлшем бірліктерін түрлендіреді.

Ғылыми тіл

Оқушылар бірліктерін қалай түрлендіргенін түсіндіріп береді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Аудан қандай бірлікпен өлшенеді?

Қандай фигуралардың аудандары квадрат сантиметрмен өлшенеді?

Аудан бірліктерін қалай түрлендіреді?

Шаманың үлесін және үлесі бойынша шаманы қалай табады?

Құндылықтар

Жауапкершілік,өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Психологиялық дайындық. Шаттық шеңберінде оқушылар бір-біріне жылы тілектер білдіреді.

Топтастыру.

(Ұ.Ж) Ширату. Оқушыларға тақтада 5 кг, 10 г, 19 см, 15 кг, 15 м, 13 дм деп жазылған кеспе қағаздар көрсетіледі. Бұл қағаздағы жазулар туралы не айта алатындары және қандай екі топқа топтастыруға болатыны сұралады. Оқушылар 1-топ ұзындық өлшем бірліктері екенін, 2-топ масса өлшем бірліктері екенін айта алады. Осылайша олар ұзындық және масса өлшем бірліктерінің ара қатынасын еске түсіре отырып, кеспе қағаздардағы атаулы сандарды өсу ретімен орналастырады.

Слайд №1

Кеспе қағаздар

Сабақтың басы

5мин

«Адасқан әріптер» ойыны арқылы оқушылар сабаққа арқау болатын сөздерді табады.

  • ӨМЕЛК
  • ДЫҚЫМСЙЫЛЫ
  • ТЛИР
  • ШЛЕМӨ

Көлем, сыйымдылық, литр туралы не білетіндері сұралады. Осы сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

Кіріспе тапсырма.

.Ж) Үш топқа ішіне 1 л су құйылған үш түрлі ыдыс (құмыра, шайнек, бидон) беріледі.Оқушылардан қай ыдыстағы судың көп екені сұралады. Оны анықтау үшін 1-топ оқушыларына құмыра беріледі де, ондағы суды сыйымдылығы 1 л болатын банкамен өлшейді. 2-топқа шайнек беріледі, олар сыйымдылығы жарты литр болатын банкамен өлшейді. 3-топқа бидон беріледі, олар сыйымдылығы 200 гр болатын кружкамен өлшейді. Әр топ қорытынды шығарады.

1-топ 1 банка

2-топ 2 банка

3-топ 5 кружка

Оқушылардан неліктен өлшеу нәтижері әртүрлі болғаны сұралады. Өлшеуді салыстыру үшін бір ғана өлшеуішті қолдану керектігі айтылады. Олар көлемді өлшеу үшін қандай өлшеуішті қолдану керектігін естеріне түсіреді. Оқушылар ондай өлшеуіш литр болып табылатынын айтып жауап береді және осы өлшем бірлікті қайда кездестіретіні сұралады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

Слайд №3

Интербелсенді тақта

Слайд №4

Түрлі ыдыстар, су

Сабақтың ортасы

30мин

.Ж) Ойлан және жауап бер.

Оқушылар топтаса отырып, сурет бойынша есеп құрастырады және оны шығарады. Олар 2 амалмен шығатын есеп құрастырады. Шешімін бір өрнек түрінде 43 – (10+10*5) жазуға да болады. Тапсырманы орындаған соң, топтар өзара тексеру жүргізеді. Әрбір топтан бір оқушы басқа топқа ауысып, жауаптарын салыстырып тексереді.

«Жұлдызша» арқылы бағалау

(Ж.Ж) «Сен маған, мен саған» әдісі бойынша жұптар жұмыс барысында санның разрядтық құрамын анықтай білуді бекітеді және нәтижесін атаулы сандар түрінде жазады. Олар тапсырманы өз беттерінше орындайды да, содан кейін өзара тексеру өткізеді.

«Жұлдызша» арқылы бағалау

Слайд № 5

Флипчарт, маркер

Слайд №6

А4 парақтар

Сабақтың ортасы

30мин

(Т.Ж) Есепті шығар.

Оқушылар берілген есепті топта талқылайды. Тапсырманың сұрақтарына топпен жауап беріп, өз жауаптарын ламинатталған парақтарға жазады. Есептің шарты, сұрағы, шешуі мен жауабының қалай болатыны ауызша мұғалімнің жетекші сұрақ қоюы арқылы талқыланады. Бағалауды өткізу үшін топтар өз жұмыстарымен алмасады.

«Бас бармақ» арқылы бағалау

(Ө.Ж) Салыстыруды орында.

Оқушылар алған білімдеріне сүйене отырып, қарапайым амалдарға құрылған салыстыруды орындайды.

«Смайлик» арқылы бағалау

Слайд № 7

Ламинатталған парақ, маркер

Слайд №8

Тапсырма жазылған қима қағаздар

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс. Оқушыларға сабақты пысықтау мақсатында төмендегідей сұрақтар қою:

  • Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?
  • Осы мақсаттарға жете алдық па?
  • Сіздерде қиыдық туындады ма?
  • Сіз олардан өте алдыңыз ба?
  • Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау

Слайд №9

Флипчарт, стикерлер

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Білім алушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер» арқылы бағалау

«Бас бармақ» арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу