Екі жиынның бірігуі және қиылысуы. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

№28-сабақ

Тақырыбы: Екі жиынның бірігуі және қиылысуы.

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Какимбаева Арайлым Каскырбаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.2.2 – екі жиынның қиылысуы, екі жиынның бірігуі, бос жиын таңбаларын қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар бос жиынның не екенін, бірігу мен қиылысу

таңбаларын қалай қолданатынын біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

екі жиынның бірігуі (қиылысуы) болатын жаңа жиынды қалай құруға болатынын біледі.

Оқушылардың кейбіреулері:

өз беттерімен жиын құрады, жиындардың бірігуін,жиындардың қиылысуын жазады.

Ғылыми тіл

Оқушылар

екі жиынның бірігуі мен қиылысуына мысалдар келтіреді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бос жиын деп қандай жиынды айтуға болады?

Берілген жиындардың бірігуі болатын жиынды қалай құруға

болады?

Берілген жиындардың қиылысуы болатын жиынды қалай құруға

болады?

Жиынға тиісті не тиісті емес элементтерді жазу үшін қандай

таңбалар қолдануға болады?

Жиындардың қиылысуы мен бірігуін қандай таңбалармен

белгілейді?

Құндылықтар

Жауапкершілік,өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, жаратылыстану, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Жиындар, жиындардың бірігуі мен қиылысуы.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Психологиялық дайындық. Жағымды ахуал туғызу мақсатында «Құпия сыйлық» сергiту сәтін өткізу. Оқушылар шеңбер жасап тұрып бiр-біріне ыммен сыйлық ұсынады, келесі оқушы рахметiн ыммен білдіріп ол келесi оқушыға ыммен сыйлық ұсынады т.с.с.

Топтастыру. Оқушылар дауыссыз дыбыстар (қатаң, ұяң, үнді) жиынына қима қағаздарды таңдау арқылы бөлінеді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

Кіріспе тапсырма.

(Ұ.Ж.) Кім жылдам? Оқушыларға сұрақ қойылады, олар жылдам жауап беріп, тақтада бекітілген ватман қағазына жазады.

- Айлар жиынының элементтерін ата.

- Көктем қай жиынның элементі?

- Апта күндері жиынының элементтерін ата.

- Жазық фигура жиынының элементтерін ата.

- Пирамида қай жиынның элементі?

- Жиынның элементі деген не?

«Жарайсың», «Керемет», «Тамаша» т.с.с. сөздік бағалау

Слайд №1

Қима қағаздар

Слайд № 2

Слайд №3

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

30мин

.Ж) Шешімін тап.

Әр топқа А4 парақтағы тапсырма беріледі.

1-топ. Оқушылар әр жиынға атау береді және тиісті элементтерін диаграммаға жазады. Сонымен қатар екі жиынға ортақ элементтерін табады.

2-топ. Оқушылар екі жиынға атау береді және тиісті элементтерін жазады. Екі жиынның да бірге алған барлық элементтерін қалай атауға болатыны сұралады.

3-топ. Ә жиынына тиісті элементтерді жазады. Бос жиынды анықтайды.

Тапсырманы орындап болған соң, топтар өзара тексеру жүргізеді.

Мұғалім жауап алынып болған соң белгілеріне түсініктеме береді.

Екі жиынға да ортақ элемент болса, онда біз оны жиындардың қиылысуы дейміз, оны белгісімен белгілейді.

Жиындардың барлық элементтері жаңа жиынды құрайды. Оны жиындардың бірігуі деп атайды. Мына белгімен белгіленед:

Егер жиында бір де бір элемент болмаса, оны бос жиын дейді. Мына белгімен белгілейді.

«Смайликтер» арқылы бағалау

(Т.Ж) «Ойлан, топтас, талқыла»

Жұмысты топпен ұйымдастыру. Ыңғайлы болу үшін әр топқа сұрақтардың жауабын жазуға парақтар таратып беру. Содан

кейін парақтарды жинап алып, тақтаға ілу. Топ

жұмыстарының нәтижесін салыстыру. Қарама-қайшылық туындаған жағдайда қате жіберген топқа тапсырманы орындау барысында қалай талдағанын айтып беруді сұрау.

Оқушылардан әрбір жиынның элементтерін қарауды және осы жиындардың бірігуі мен қиылысуында қандай элементтердің болатынын анықтауды сұрау.

Бас бармақ арқылы бағалау

.Ж) «Жалғасын тап»(мақал) жұпқа бөліну.

«Сен маған, мен саған» әдісі бойынша жұптағы оқшыларға жеке-жеке тапсырма беріледі. Оқушылар бұл тапсырмада берілген жиындар жұбын тиісті суретпен сәйкестендіреді. Тапсырманы орындап болған жауап парақтарын бір-біріне беріп, өзара текссеру жүргізеді.

Бағалау: «Жұбыма пікір» (Жарайсың! Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын. Сен жақсырақ жұмыс істей алар едің, т.с.с)

(Ө.Ж) Ойлан, тап.

Жеке жұмыста оқушылар алған білімдерін бекіту мақсатында берілген жиынның бірігуі мен қиылысуын тиісті түспен бояйды және жиынға тиісті, тиісті емес элементтерді жазады. Тапсырманы орындап болған соң интербелсенді тақтада дұрыс жауаппен тексеріледі.

Бағдаршам түсі арқылы бағалау.

4 дұрыс жауап – жасыл карточка

2-3 дұрыс жауап – сары карточка

0-1 дұрыс жауап – қызыл карточка

Жасыл түсті карточканы көтерген оқушыдан (барлығын түсіндім) «Не түсіндің?» деп, сары, қызыл түсті карточка көтерген оқушыдан «Нені түсінбедің?» деп сұралады. Алынған жауап қорытындысы бойынша тақырыпты қайта түсіндіру, пысықтау немесе тақырыпты түсіндіруді жалғастыру туралы шешім қабылданады.

Слайд № 4,5,6

Слайд №7, 8, 9

Слайд № 10

Қима қағаздар

Слайд № 11, 12

Слайд №13

Белгі карточкалар

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

Не білдім?

«Қар кесегі» әдісі арқылы топ арасында кері байланыс жүреді. Әр топ оқушылары басқа топқа параққа жазылған сұрақ лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.

  • Жиындардың бірігуі дегеніміз не?
  • Жиындардың қиылысуы дегеніміз не?
  • Қарлығаш жәндіктер жиынының элементі бола ала ма?

Білім теңізі салынған флипчартқа стикерлер жапсыру арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіреді.

  • Мен бәрін түсіндім.
  • Мен түсіндім, бірақ ...

Слайд №14

Слайд №15

Флипчарт

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Білім теңізі» арқылы бағалау.

«Бағдаршам» арқылы бағалау

«Смайликтер» арқылы бағалау

«Бас бармақ» арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу