Комбинация құрастыру. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Көбейту және бөлу №30- сабақ Тақырыбы: Комбинация құрастыру | Мектеп: 7 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Какимбаева Арайлым Каскырбаевна | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.4.4.1. «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану. 3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Жауапкершілік,өмір бойына білім алу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, көркем еңбек. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Әртүрлі есептерді шешу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5мин | Топтастыру. Сынып оқушыларын сары, қызыл, жасыл жолақ қағаздарды таңдау арқылы үш топқа біріктіру. Психологиялық дайындық. Сыныпта жағымды ахуал туғызу мақсатында «Шапалақ» ойынын өткізу. Мұғалім 1 шапалақ ұрса, қол алысады, 2 шапалақ ұрса, құлақпен амандасады, 3 шапалақ ұрса, арқамен амандасады, 4 шапалақ ұрғанда құшақтасады. Үш топқа бөлініп, «Ақиқат-жалған» ойынын өткізу. Айтылған пікір ақиқат болса, балалар оң қолдарын, жалған болса, сол қолдарын көтереді.
Ширату. 1. Анар мен Айжан тоқыма үйірмесіне қатысады. Қыздардың біреуі қолғап, екіншісі қалпақ тоқыды. Егер Анар қалпақ тоқымаса, Айжан не тоқыды? (қалпақ) 2. 5 жылдан соң Асқар қазір Алмаға қанша болса, сонша жаста болады. Қайсысының жасы кіші? (Асқар) 3. Ербол Ақжанға қарағанда көңілдірек, Ақжан Самалдан көңілдірек. Бәрінен де көңілді кім? (Ербол) Ширату тапсырмасын орындап болған соң, бұл тапсырмалардың қандай есеп түрлеріне жататынын сұрау. Комбинаторика туралы қосымша ақпарат беру. «Комбинаторика» терминін 1666 жылы Лейбниц енгізген. Комбинаторика (латынша combinare) (қосу және келістіру) деген мағына білдіреді. Топтық жұмыс. Топтастыр. Әрбір топқа тапсырма таратып беру. Тапсырма шартын түсіндіру: – 20-ға дейінгі сандарды екі топқа біріктіру. 1-топқа үш бірдей қосылғыштардың қосынды болатын сандарды, 2-топқа екі бірдей қосылғыштардың қосындысы болатын сандарды жазу. Тапсырманы орындап болғаннан кейін өз жұмыстарын тақтаға ілінуді ұсыну. 1-топ: 3, 6, 9, 12, 15, 18. 2-топ: 2, 4, 6, 8, 10, 1, 14, 16, 18, 20. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау | Слайд №1 Қима қағаздар Слайд №2 Слайд №3 Слайд № 4,5,6 интербелсенді тақта Слайд №7 Слайд № 8 Слайд №9 А4 парақшалары, маркерлер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30мин | Кім қайда тұрады? (Т.Ж) Әрбір топқа А4 парағын беру. Тапсырманың сұрағы бойынша дөңгелек пен шаршының қай үйде тұратынын анықтау. Анықтау үшін оқушылар топта ақылдаса отырып жұмыс жасайды. Тапсырманы орындап болған соң, топтарға парақтарын тақтаға бекітіп, бір-бірін салыстырып тексеруді сұрау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау (Ұ.Ж) Комбинаторикалық тапсырмаларды тек талдау ағашы емес, математикалық кесте немесе сиқырлы шаршылар арқылы да шешуге болатынын айту. Ол үшін интербелсенді тақтада көрсетілген тапсырманы тақтадағы А4 парағында кесте арқылы шешу.
Сергіту сәті. Күн мен түн ойыны. Ойынға үш оқушы қатысады. Күн дегенде оқушылар қозғалып жүреді. Түн дегенде ортадағы орындыққа отыру керек. Бірақ әр отырғанда әр түрлі комбинациямен отыруы тиіс. Шатасып кетпеу үшін үш оқушыға үш түрлі фигура (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы ) беріледі. Әрбір отырған сайын шыққан комбинацияны тақтаға сызып отыруға болады. (Ж.Ж) Сиқырлы шаршы Әрбір жұпқа тапсырманы орындайтын қағаз парақтарын тарату. Сиқырлы шаршы шығатындай етіп 3, 5, 8, 9, 11 сандарын бос тор көздерге орналастыру. Шаршының сиқырлылығы сол, сандарды тігінен де, көлденеңіен де қоссақ бір сан шығатынын айту. Бір жұпқа тапсырманы тақтаға орындауды ұсыну, ал қалған балалар өз жұмыстарын салыстырып тексеруі тиіс. Керек болған жағдайда қателерін жөндеу қажет. «Смайлик» арқылы бағалау (Т.Ж)Құрастырып көрейік. Берілген тапсырманы «талдау ағашын» пайдаланып, топта орындауды ұсыну. Тапсырманы орындау үшін А4 форматты парақтарды тарату. Жұмыстың басталуын тақтада көрсету. Тапсырманы орындаған соң, топтың бір өкілінен өз шешімін тақтада түсіндіреді. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау (Ө.Ж) Ойлайық та шешейік. Бұл тапсырмада оқушылар комбинациялар құра білу мен есептеу дағдыларын бекітеді. Олар 4 түрлі қояннан әр түрлі жұп құрап, әр нұсқада қанша сәбіз желінгенін анықтайды. Оқушылар барлық мүмкін болатын нұсқаларды ұсынулары тиіс. Тапсырманы дәптерлеріне орындап болған соң, жұмысты тексеруді ұсыну. «Басбармақ» арқылы бағалау | Слайд № 10 А4 парақтағы тапсырма Слайд №11 А4 парақ, маркер Слайд №14 Геометриялық фигуралар, орындық
Слайд №15, 16 А4 парақ Слайд №17,18
Слайд №19 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Кері байланыс. «Сұрақтар тізбегі» әдісі арқылы осы сабақта алған білімдерін пысықтау үшін төмендегідей сұрақтар қойылады: - Комбинаторика дегеніміз не ? - Комбинаторикаық есептерді шығарудың қандай тәсілдері бар? - Кім мақсатқа жетті? - Қандай қиындықтар болды? - Қандай тапсырма қызықты болды? Рефлексия: Әр топтың алдында түрлі іс-әрекеттегі смайликтер таратылады. Әр топ бүгінгі іс-әрекеттеріне байланысты смайликті таңдап алып, өз таңдауын түсіндіреді. | Слайд №20 Слайд №21 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. | «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау. Оқушыларды сөздік бағалау «Смайликтер» арқылы бағалау «Шапалақ» арқылы бағалау | Өмір қауіпсіздігінің ережелері. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?