Қазақстанның табиғаты туралы мақалдар. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлім. 1В-Көбейту және бөлу
№ 19- сабақ. Тақырыбы: Есептің моделін құру
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.
3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар: оқулық, тақырыптық суреттер, есеп шартына сәйкес түрлі түсті суреттер, өрнектер, тапсырмалар жазылған қима қағаздар.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: табиғат туралы мақал-мәтелдер мағынасы, әртүрлі есептерді сызбаны немесе қысқаша жазуды қолданып шығаруды қайталайды, есептерді шығаруды және талдай білуді бекітеді.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Ынталандыру.
Неліктен кемелерАдасып қалмайдыАл тура жолмененТұман мен жауындаЖелдей есіп самғайды,Өйткені, өйткеніБайқасаңыз, мінекиКапитандарға көмеккеКеледіМа - те - ма - ти – ка
(Ұ)«Жалғасын тап» ойыны
Мақалдың жартысын айтып ары қарай жалғастыруды тапсыру.
Ағаш жапырағымен,.......... жер топырағымен.
Таулы жер бұлақсыз болмас,......................................................
Сулы жер құрақсыз болмас.
Көлдің көркі құрақ,..................................................
Таудың көркі бұлақ.
Сулы жер - ........................нұрлы жер.
Мұғалім оқушылардан мақал тақырыбын ашуды сұрайды, табиғат туралы екендігін оқушылар айтады жауаптарын бүгінгі сабақпен байланыстыру. Сәйкес
(ТЖ)1-тапсырманы топқа мақал сөздері мен сәйкес сандар жазылған қима қағаздарды береді, сандарды кему ретімен орналастыра отырып «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер» мақалын құрастырады, сандарды оқиды, разряд бірліктерін атайды, салыстыру жасайды. 2 тапсырмада осы үлгіде орындалады, сандарды өсу тәртібі бойынша орналастыру. «Тау мен тасты су бұзар, ел арасын қу бұзар» деген мақал құрастырылады. Сандар оқылады разрядтық бірліктері аталады. Жазылған сандардың ерекшелігіне тоқталуғ цифрларға назар аударту.
«Смайликтермен» бағалау
Өзектендіру. «Сәйкестендір» ойыны
(ЖЖ)Өрнекті жауабымен сәйкестендір
( 32 + 40 ) : 9 = 45 : 5 ∙ 3 = 6 ∙ 4 – 23 = 46 + 60 : 6 = ( 84 – 39 ) : 5 = 57 – 48 : 8 = ( 12 + 18 ) : 6 = (52 – 31 ) : 3 = | 1 56
9 8 7 5 27
51 |
Мұғалім оқушылардан өрнекті әртүрлі жолмен оқуларын сұрайды. Амалдардың орындалу ретіне назар аудару.
(Т) Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).
Мұғалім оқушыларға 3- тапсырманы орындауға ұсыныс жасайды.Тапсырмада есептің шешімін суреттейтін өрнекті табу керек. Оқушылар есептің шартын оқиды., шеешімін табу жолын қарастырады.
Мәселелі жағдаят туындайды.
Бармақ арқылы бағалау жүргізіледі.
Жаңаны ашу.
Мәселелі жағдайды шешу үшін мұғалім сұрақтарға жауап беруді ұсына отырып, жұмыс жоспарын құрады,оқушыларды есеп шешіміне әкелетін, есеп шешімінің жүрісін өз ұсыныстарында қалыптастырады, (кім есте нашар сақтаса, сол шешімдерді амал бойынша жазып алады), оқушылар берілген есептің шешімін суреттейтін өрнекті таңдайды.
Табиғат көрініс бар сурет-6-дан 5 –еу
Жануарлар бейнеленген сурет-? 5-еуі артық
Бөлінді-7 партаға
Әр партада-? Сурет
6х5=30 (табиғат көрінісі бар сурет саны)
30+5=35 (жануарлар бейнл сурет саны)
35:7=5 (әр партадағы сурет)
немесе (6х5+5):7 өрнегі. Жақшалы өрнекке назар аударту.
(Т) Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Оқулықтағы 4- тапсырманы оқушылар топпен орындайды. Оқушылар тапсырмаларға өрнектер құрастырады, әр топ тапсырманың біреуін орындайды, жұмыс аяқталған соң әр топ өзара бір-бірін тексеріп, қатесін түзету үшін өз жазбаларын орындайды. Шығармас бұрын не белгілі, нені табамыз, қандай амал орындалады сұрақтары бойынша есеп моделін құрастырады.
а)1- кітапта-20 бет
2-кітапта-12 бет
1 күнде -4 бет оқыды
Барлығы -? күнде оқиды
Өрнек жазылады ол үшін екі кітаптағы беттерді табамыз, одан соң 4-ке бөлеміз (20+12) :4 =8 күнде оқып бітіреді.
ә) Жануарлар туралы ертегі-145
Ертегілер кітабы-? 423-і арт
145+423=568(ертегілер кітабының саны)
б) Қазақ ертегісі-18
Орыс ертегісі-? 2 есе кем ? ертегі
18:2+18=27
Әр амалды орындау арқылы нені таптық? Талдау, түсіндіру.
в) І-күні-60
ІІ –күні-? 27 кітап кем
ІІІ-күні-? 12 кітап арт
60-27=33 (ІІ-күнгі кітіп саны)
33+12=45(ІІІ-күнгі кітап саны)
«Бармақ» арқылы бағалау жүргізіледі.
(ЖЖ) Оқулықтағы 5-тапсырманы оқушылар жұппен орындайды.
Талдау алдыңғы есепке жүргізілген талдайлар сияқты жүргізіледі. Әр оқушы әртүрлі тапсырманы орындайды. Оқушылар тапсырмаларға әріпті өрнектер құрайды, әріптің орнына олардың сандық мәндерін қояды. Әріпті өрнек мәнінің табу жолын қарастырады. Соңында өзара тексеру және қатесін түзету үшін жазбаларын алмастырады, өз амалдарының бірізділігін кезек-кезек түсіндіреді.
d + b, d = 3 6, b = 9, 36 + 9 = 45 неліктен қосу амалы қолданылды, есеп шартына назар аудару.
m-n, m =526, n =328, 526-328=198, неліктен азайту амал?
«Шапалақпен» бағалау жүргізіледі.
Өздік жұмыс
(ЖЖ) 6-тапсырма орындауға беріледі. Өрнектерді баған түрінде жазып есептеу ұсынылады.
Қайталау
(ЖЖ) 5-тапсырмада оқушылар жазбаша қосу мен азайту амалдарын үш таңбалы сандардың іс-әрекет алгоритмін, жақшалы өрнектердегі амал тәртібін сақтап уақытша шешеді. (жж)
(Т) Мұғалім оқушыларға оқулықтағы зерттеушілік қасиетті талап ететін 7- тапсырманы орындауға ұсыныс жасайды. Оқушылар ұсынылған амалдардан өрнектер құрайды. (тт)
Үлгі: 6х3= 18
3х8 = 24
18+24 = 42
Өрнек: (6х3) + (3х8) =42
Рефлексия.
Сөйлемді аяқта: «Менің көңіл-күйім…ұқсайды»:
- күн;
- бұлтты күн;
- бұлт;
- жаңбыр мен бұлт;
- найзағайлы бұлт.
Үй тапсырмасын балалардың қабілетіне қарап беріледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?