Қазақстан табиғаты туралы мақалдар. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлім. 1А-1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту.
№19 сабақ. Тақырыбы: Есеп моделін құру
3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.
3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар: көптаңбалы сандар жазылған топтамалар, ойынға қажетті материалдар, өрнектер құру үшін есептер жазылған үлестірмелі материалдар, өрнектер, теңдіктер жазылған қима қағаздар.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Қазақстан тауларының ерекшелігі туралы түсіндірме. Бұл сабақта әртүрлі есептерді сызбаны немесе қысқаша жазуды қолданып шығаруды қайталайды. Оқушылар шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығаруды және талдай білуді бекітеді.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Ынталандыру.
Неліктен кемелерАдасып қалмайдыАл тура жолмененТұман мен жауындаЖелдей есіп самғайды,Өйткені, өйткеніБайқасаңыз, мінекиКапитандарға көмеккеКеледіМа - те - ма - ти – ка
Сыныпты 2топқа бөлемін. Су, тау
(Т) «Альпинист» ойыны. Әр топ альпинистер алдарына әр түрлі сандар жазылған қима қағаздар беріледі, таулардың макеті беріледі, сандарды І топ өсу ретімен орналастыра отырып тау басына шығу, тау басында жазылған табиғат туралы мақалды оқып, мағынасын ашу.
300000, 520000, 302000, 109000, 900000 слайд №2
Жер - қазына, Су – алтын.
ІІ топ сандарды кему ретімен орналастыра отырып тау басына шығу тау басындағы табиғат туралы мақалды оқып мағынасын ашу.
222, 220,202,200000, 222000, 220000, 20000, 208
Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті.
Сандарды оқиды, разрядтық бірліктерін атайды
«От шашумен» бағалау
Өзектендіру.
(Т) Дүкенге әрқайсысы 8 кг-нан 5 жәшік мандарин және олардан 10 кг артық апельсин әкелінді. Барлық жемістер 10 кг-дық жәшіктерге бөлініп салынды. Әр жәшікке неше кг жемістен салынды.
Есепті топта оқиды, талдайды. Есептің шығарылуын амалдардың орындалу реті бойынша және өрнек түрінде жазады. Одан соң тақтада көрсетілген есепті шығарған өрнекті тауып сәйкестендіреді.
Қорытынды : есепті шығару үшін қандай сұрақтарға жауап іздеді, есеп моделін құрастырады. Оқушы жауаптары толықтырылады.
Қысқаша жазба түрінде есепті модельдеу жолын көрсету, ол үшін сұрақтар қою. Не белгілі, нені табамыз, бірінші қандай амал орындалады?
Мандарин- 8 кг-нан 5 жәшік
Апельсин-? 10 кг артық
Бөлініп салынды – 10 кг-дық жәшікке
Әр жәшікте-? Кг жеміс
8х5=40 кг(мандариннің салмағы)
40+10=50 (апельсиннің салмғы)
(40+50):10=9 кг-нан әр жәшікке салынған
«Бармақпен» бағалау жүргізіледі.
Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).
(Т) Есептерге өрнектер құрастыр:
а)Бір қап күріштің массасы 8кг. осындай 5 қаптың массасы қандай? 40кгə)9 мұз кəмпиттің массасы 72г. бір мұзкəмпиттің массасы қандай? 8г б)Дүкенге 45 кг кеспе əкелінді .1 қаптың массасы 5 кг. барлығы неше қап кеспе əкелінді.9 қапв)Бір қорап кəмпиттің массасы R кг .осындай b қораптың массасы қандай?г)бірдей b қап сəбіздің массасы c кг.бір қап сəбіздің массасы қандай?
Әр есептің шығарылуына графикалық модель құрастыру, ол сұрақтарды дұрыс қою, шешемін табу өрнегін жазу, амалдардың орындалу ретін неліктен? түсіндіру.
«Бармақ» арқылы бағалау жүргізіледі.
Жаңаны ашу.
(Т) Оқушылар тапсырмаларға өрнектер құрастырады, әр топ тапсырманың біреуін орындайды, жұмыс аяқталған соң әр топ өзара бір-бірін тексеріп, қатесін түзету үшін өз жазбаларын орындайды.
і.
«Бармақ» арқылы бағалау жүргізіледі.
(Ж) Мәндес өрнектерді сәйкестендір.
(Ж) Оқушылар ұсынылған амалдардан өрнектер құрайды.
(Ж) Дұрыс жауапты белгіле:
«Смайликтер» арқылы бағалау
Рефлексия
«Жетістік баспалдағы»
Үй тапсырмасын балалардың қабілетіне қарап беріледі. .
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?