Қазақстан табиғаты туралы мақалдар. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


19- сабақ Есеп моделін құру

Тақырыбы: Қазақстанның табиғаты туралы мақалдар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Есептерді қысқа жазбалар, сызблар бойынша құрастыру.

Бірқатар оқушылар:

Есепті 2-3 амалмен сызба, қысқа жазба түрінде модельдеу.

Кейбір оқушылар:

Өз бетімен 2 амалмен өзара байланысты есептерді модельдеу.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

Есептердің компонеттерін атау, амал компонеттерінің атауларын қолданып, өрнекті бірнеше амалмен оқу.

Пәндік лексика және терминология:

Шарттар, сұрақ, шешім, сызба, қысқа жазба, өрнек, есептердің жауабы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Есептің шешімін қалай жазуға болады?

Есеп шарттарын қалай жазуға (суреттеу) болады?

Жазылым:

Шарттарды, есептің шешімі мен жауабын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Есеп туралы, есептердің түрлі шешімдерін, есептің қысқа жазбасының суреттемесін түсінеді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-3

Ынталандыру.

Неліктен кемелерАдасып қалмайдыАл тура жолмененТұман мен жауындаЖелдей есіп самғайды,Өйткені, өйткеніБайқасаңыз, мінекиКапитандарға көмеккеКеледіМа - те - ма - ти – ка

Сыныпты 2 топқа бөлемін. Су, тау

(Т) «Альпинист» ойыны. Әр топ альпинистер алдарына әр түрлі сандар жазылған қима қағаздар беріледі, таулардың макеті беріледі, сандарды І топ өсу ретімен орналастыра отырып тау басына шығу, тау басында жазылған табиғат туралы мақалды оқып, мағынасын ашу.

300000, 520000, 302000, 109000, 900000

Жер - қазына, Су – алтын.

ІІ топ сандарды кему ретімен орналастыра отырып тау басына шығу тау басындағы табиғат туралы мақалды оқып мағынасын ашу.

222, 220,202,200000, 222000, 220000, 20000, 208

Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті.

Сандарды оқиды, разрядтық бірліктерін атайды

«От шашумен» бағалау

Сандар жазылған үлестірмелі карточкалар.

№2 слайд

№3 слайд

4-6

Өзектендіру.

(Т) Дүкенге әрқайсысы 8 кг-нан 5 жәшік мандарин және олардан 10 кг артық апельсин әкелінді. Барлық жемістер 10 кг-дық жәшіктерге бөлініп салынды. Әр жәшікке неше кг жемістен салынды.

Есепті топта оқиды, талдайды. Есептің шығарылуын амалдардың орындалу реті бойынша және өрнек түрінде жазады. Одан соң тақтада көрсетілген есепті шығарған өрнекті тауып сәйкестендіреді.

Қорытынды : есепті шығару үшін қандай сұрақтарға жауап іздеді, есеп моделін құрастырады. Оқушы жауаптары толықтырылады.

Қысқаша жазба түрінде есепті модельдеу жолын көрсету, ол үшін сұрақтар қою. Не белгілі, нені табамыз, бірінші қандай амал орындалады?

Мандарин- 8 кг-нан 5 жәшік

Апельсин-? 10 кг артық

Бөлініп салынды – 10 кг-дық жәшікке

Әр жәшікте-? Кг жеміс

«Бармақпен» бағалау жүргізіледі.

Өрнектер салынған үлестірмелі карточкалар.

Тақта.

№4 слайд

7-11

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

(Т) Есептерге өрнектер құрастыр:

а)Бір қап күріштің массасы 8кг. осындай 5 қаптың массасы қандай? ə)9 мұз кəмпиттің массасы 72г. бір мұзкəмпиттің массасы қандай? б)Дүкенге 45 кг кеспе əкелінді .1 қаптың массасы 5 кг. барлығы неше қап кеспе əкелінді.в)Бір қорап кəмпиттің массасы R кг .осындай b қораптың массасы қандай?г)бірдей b қап сəбіздің массасы c кг.бір қап сəбіздің массасы қандай?

Әр есептің шығарылуына графикалық модель құрастыру, ол сұрақтарды дұрыс қою, шешемін табу өрнегін жазу, амалдардың орындалу ретін неліктен? түсіндіру.

«Бармақ» арқылы бағалау жүргізіледі.

Оқулық.

№5 слайд

12-29

Жаңаны ашу.

(Т) Оқушылар тапсырмаларға өрнектер құрастырады, әр топ тапсырманың біреуін орындайды, жұмыс аяқталған соң әр топ өзара бір-бірін тексеріп, қатесін түзету үшін өз жазбаларын орындайды.

«Бармақ» арқылы бағалау жүргізіледі.

Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер, тренажер.

№6 слайд

30-40

(Ж) Мәндес өрнектерді сәйкестендір.

(Ж) Оқушылар ұсынылған амалдардан өрнектер құрайды.

(Ж) Дұрыс жауапты белгіле:

«Смайликтер» арқылы бағалау

Оқулық, дәптер.

№7 слайд

№8 слайд

№9 слайд

41-45

Рефлексия

«Жетістік баспалдағы»

Үй тапсырмасын балалардың қабілетіне қарап беріледі.

№10 слайд

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларғақолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Білім алушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер» арқылы бағалау

«Шапалақ» арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу