Аудан. Ауданның өлшем бірліктері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

№ 21 сабақ. Тақырыбы: Аудан. Ауданның өлшем бірліктері

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дастанбаева Фарида Кушекбаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.3.1 – ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге

арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар: ауданы болатын нысандарды анықтайды, бірін-бірі беттестіру арқылы аудандарын салыстырады.

Оқушылардың көпшілігі: фигураның ауданын палетканың көмегімен

анықтайды.

Оқушылардың кейбіреулері: көз мөлшерімен қай фигураның ауданы үлкен екенін анықтайды, беттестіру арқылы не палетканың көмегімен оны дәлелдейді.

Ғылыми тіл

Оқушылар

ауданы болатын нысандарды анықтай алады, қай фигураның

ауданы үлкен екеніне мысалдар келтіріп, дәлелдейді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Біздің айналамызда қандай заттар бар?

Қандай заттардың аудандары бар?

Фигуралардың аудандарын қалай салыстыруға болады?

Палетка деген не?

Фигураның ауданын пелатканың көмегімен қалай табуға болады?

Фигуралардың аудандарын салыстыру үшін нені үйрену керек?

Құндылықтар

Жауапкершілік,өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Көбейту және бөлу амалының мағынасын түсінеді, компоненттердің атауларын, санды 2,3,4,5 сандарына көбейту және бөлу кестелік жағдайларын біледі

Сабақ барысы

жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Сабақтың ортасы

30мин

Кіріспе тапсырма.

Мұғалім оқушылардан отбасы құндылығын қалай түсінетіндігін, мысалдар келтірулерін сұрайды. Оқулықтағы 1- тапсырманың суреттерін оқушыларға көрсетіп, отбасы құндылықтарына қатысты жазбаларды таңдатады. Таңдауларының дұрыстығын тексеру үшін оқушылар

Ұ.Ж.1- тапсырманы орындайды, өрнектердің мәнін табады. Отбасы құндылықтарына өрнектің мәнін табуға арналған карточкадағы жазбалар жатады.(Отбасы құндылығы жайлы тірек сөздер арқылы ойларын ортаға салу.)

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б.

(Ж.Ж)Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы орындайды, торкөз дәптердің бетіндегі фигуралардың қайсысы көп орын алатынын көз мөлшерімен анықтайды. Бұл тапсырмада оқушылар фигураның кеңістіктегі алатын орнын немесе фигура ауданын көрсетеді.

(Т.Ж)Топқа геометриялық фигуралар арқылы бірігеді. Оқулықтың 3- (а) тапсырмада оқушылар жер телімін шығару үшін қанша тақтатас кеткенін санайды. 3-(ә) тапсырмада оқушылар жер телімін жабуды толықтыру үшін қанша тақтатас қажет екенін анықтайды. Бұл тапсырмалар арқылы балалар аудан өлшем бірлігінің мәнін түсінеді.

.Ж)

«Кім жылдам?» ойыны.

Аудан туралы ұғымын толықтыру үшін әрбір топқа әртүрлі шаршы, тіктөртбұрыштардың аудандарын табады..

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

Отбасы туралы

2 -слайд

қима қағаздар

3-слайд

Қатты қағаздан дайындаған түрлі түсті тақтатастар

4-5-слайдтар

9 -слайд

Әртүрлі геометриялық фигуралар

Ж.Ж.4-(а) тапсырмада оқушылар қандай фигуралар стол үстінде көп орын алатынын анықтайды. 4-(ә) тапсырмада қай фигураның ауданы үлкен екенін салыстырту арқылы оқушылар фигура ауданы мен аудан өлшем бірлігі деп аталуына ереже шығарады.

Ауданның өлшем бірлігі –сантиметр квадрат (см2)

Ауданды өлшеу

(Ө)Қ.Б. Оқушылар 5-(а) тапсырманы өзіндік түрінде орындайды, фигураның ішінде қанша торкөз барын санайды. 5-(ә) тапсырма – тәжірибелік жұмыс. Оқушылар фигура ішіндегі толық торкөздер мен толық емес торкөздерді санайды.Фигураның ауданын толық торкөздерді қосу арқылы және 2-ге бөлінген толық емес торкөздерді санау арқылы анықтайды.

S=(a+b): 2

«Басбармақ» арқылы кері байланыс беру

Есепте .

(Ө.Ж.) 6-тапсырмада амалдардың орындалу тәртібі бойынша орындау.

1 3 2 1 3 2 4

32:8+7·5= 39 7 ·5 – 7 ·4 + 360 = 367

«Смайликтер» арқылы бағалау

Т.Ж.Оқулықтағы 7-тапсырмада оқушылар тәжірибелік жұмысты орындайды. . Әр топқа әртүрлі формадағы және түрлі өлшемдегі фигуралар беріледі. Оқушылар ақ қағаздан палетка жасайды, сыртынан 1 см болатындай торкөз бойынша бүктейді. Фигуралардың ауданын өздеріне таныс тәсілмен анықтайды.

«Шапалақ» арқылы бағалау

(Ж.Ж) Оқулықтағы 8-тапсырма зерттеушілік қасиетті талап етеді. Оқушылар пәтер сызбасын қарайды, қонақ үйдің, кіреберістің барлық жағындағы ұзындықтарын қосып, периметрін анықтайды.Тапсырманың соңғы сұрағы оқушыларда функционалды сауаттылық қалыптасқанын тексереді. Оқушылар қажетті еденкемердің (плинтус) ұзындығы есіктің ауданын алып тастағанда, қонақ бөлменің периметрі болатынын түсінеді.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

Палетка

6-7 слайдтар

8 -слайд

9-слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

«Ыстық орындық» әдісі арқылы жүргізіледі.

- Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

-Палетка деген не?

-Палетканы қалай пайдаланады?

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Білім алушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер» арқылы бағалау

«Шапалақ» арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу