Аудан. Ауданның өлшем бірліктері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Тақырыбы:Аудан.Ауданның өлшем бірліктер

Оқу мақсаты:Ауданы болатын нысандарда атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу

Сабаққа қажетті ресурстар: әрбір оқушыға арналған палетка-палетканың торкөздері 1см2,әртүрлі фигуралар

Сабақта қолданатын деректі материалдар: фигураның ауданы- бұл жазықтықтағы фигураның алатын орны.

Кіріспе тапсырма. Еңбектің маңызы

Математика не істей алады?

  • Астрономға алыстағы жұлдыздардың жолдарын анықтауға көмектеседі.
  • Инженер математиканың көмегімен реактивті ұшақты, кеме мен электр станциясын жобасын жасайды.
  • Ал теңізшіге теңіздегі кеме жолын көрсетеді.

Сонымен, математика барлық санау қажет болатын заттарды санайды. Математикалық білім бізге өмірде және еңбегімізде қажет болады.

(Ж.Ж )«Кім білгір?» ойыны.Оқушыларға шаршы мен тік төртбұрыштар таратылады, ауданын табады.

– Тек қана берілген бір фигураның ауданын өлшеген кезде, неліктен әртүрлі нәтиже алынды?

– Сізге өлшеу үшін 4 өлшеуіштің ең тиімдісі қайсысы болып көрінді? Неліктен?

– Ауданды 4 торкөзді шаршымен есептеп байқап көреді. (9 шаршыдан).

Палетканы көрсету. Бұл ресурс – ауданды өлшеуге арналған құрал. Оның алаңы шаршыларға бөлінген. Оқушылар палетканы дәптердің торкөздерінің үстіне сала алады және палеткадағы бір шаршының ауданы дәптердің 4 торкөзінің ауданына тең. Шаршының бір қабырғасы 1 см болса, оны 1 квадрат сантиметр деп атайды да, 1 см2 деп белгілейді. Палетканы пайдаланған кезде, өлшем бірлігі сол өлшеуіш болады. (Палетканы пайдалануды үйрету)

«Шапалақ» арқылы бағалау

(Ө.Ж)

– Ауданды өлшеу кезінде, бір ауданды әртүрлі өлшеуішпен өлшеуден әртүрлі нәтиже алынады;

– Өлшеуіш үлкен болған сайын, ауданның мәнін көрсететін сан кіші бола түседі.

Оқушылар 1-тапсырмаға берілген суреттерді қарап, әр алаңға салу үшін қанша тақтатас кететінін санайды.

1-суретте 16 тақтатас кетеді.

2-суретте 20 тақтатас кетеді.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Ұ.Ж

Оқулықтағы 2-тапсырманы орындайды.. Дәптер бетіне қабырғасы 10 см немесе 1дм болатын шаршы сызу.Сызылған шаршының ауданын табады.

Шаршының ауданын табу үшін S= a·a

S= 10см · 10см =100 (см2)

(Шаршы сызғанда, аудан табуда қиындық келтірген оқушыларға көмек беру)

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

Ж.Ж.3-тапсырма бойынша оқулықтағы шаршыларды салыстырады.1 дм2- де қанша 1 см2 бар екенін есептеу.Қабырғасының ұзындығы 1 м шаршыға қабырғасы 1 дм болатын шаршы сыяр ма еді? Қабырғасы 1дм болатын қанша шаршы сыяр еді?

1 дм2- = 10 см2 бар.

1 м шаршыға 1дм болатын 10 шаршы сыяр еді.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау

(Ж.Ж)Есепте. 4-тапсырмада оқушылар амалдарды орындайды.Жұптарымен жауаптарын салыстырады.(Көмек қажет оқушыларға көмектесу)

5 м2 +45 м2 =50 м2 35 м2 :7 =5 м2

9 м2 · 4 =36 м2 500 м2 - 235 м2 =265 м2

«Жұлдызша» арқылы бағалау

(Т.Ж) Оқушылар мамандық иелері суреті бойынша үш топқа топтасады.(Астроном,инженер,теңізші суреттері)

5-тапсырманы оқушылар есептің шартын құрып, шешуін шығарады.

1-топ. №5 (а) Ш : 3·5+15=30(кг) Ж: 30 килограмм картоп өлшенді.

2-топ. №5 (ә) Ш: 25- (2· 5)=15 (кг) Ж.15 килограмм кәмпит қалды.

3-топ. №5 (б) Ш: (8·4)+12=44 (б) Ж: 44 бала тамақтана алады.

Есепті шығару барысында көмек қажет топқа көмектесу.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

Тез есепте.

6-тапсырмада амалдарды орындауға берілген тапсырманы өзіне ыңғайлы тәсілмен шығарады

23+89+77= 23+77+89

«Смайликтер» арқылы бағалау

«Галлерияға саяхат» ойыны. Тақтаға әртүрлі геометриялық фигуралар ілініп тұрады.Бір оқуы шығып,бір фигураны таңдап,сол фигураға сипаттама береді.Сол фигураның периметрін және ауданын табады.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Кері байланыс

«Плюс-минус- қызықты»

Плюс – сабақтан өзіне алатынын

Минус – сабақтан түсінбеген жерім

Қызықты – сабақта қызықты болған сәтті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу