Аудан. Ауданның өлшем бірліктері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Тақырыбы: Аудан. Ауданның өлшем бірліктері
Оқу мақсаты: 3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /сек өлшем бірліктерін қолданып өлшеу
3.1.3.3 шамалар мәндерін (мм,см, дм, м/ г, кг, ц, т / л/ см2, дм2, м2, га/ сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) салыстыру және амалдар орындау
3.1.3.4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
Сабаққа қажетті ресурстар: әрбір оқушыға арналған палетка-палетканың торкөздері 1см2,әртүрлі фигуралар
Сабақта қолданатын деректі материалдар: фигураның ауданы- бұл жазықтықтағы фигураның алатын орны.
Кіріспе тапсырма. Еңбектің рөлі
(Ж.Ж) Мұғалім оқушылармен қандай маман иелері ауданды өлшейтіні жайында әңгімелеседі, күнделікті өмірде бұл білімді қалай пайдалануға болады?
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.
(Т.Ж)Оқушылар 1- тапсырмаға берілген суреттерді қарап, қанша тақтатас кететінін санайды.
1-сурет.Ұзындығына 4 тақтатас еніне 4 тақтатас барлығы 16 тақтатас сияды. Ұзындығына 4 тақтатас ,еніне 4 тақтатас төсейтін болсақ, ұзындығы мен енін көбейтеміз.
2-сурет. Ұзындығына 6 тақтатас еніне 2 тақтатас барлығы 12 тақтатас сияды.Бұл ауданға тақтатас төсейтін болсақ 12 тақтатас керек
(Ж.Ж). 2-(а) тапсырмада – тіктөртбұрышта қанша қатар бар екенін, бір қатарда қанша торкөз барын, тікбұрышты квадратта қанша торкөз барын санайды.(1 торкөзді 1 см2 – деп есептесек)
Әрбір қатарда 4 торкөзден , 3 қатар торкөз болса тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін 4пен 3-ті көбейтеміз.Ауданы 12 см2 болады.
2-(ә) тапсырмада – тіктөртбұрышта қанша баған бар, квадратта қанша баған барын, барлығында қанша баған барын санайды.
Ш:4·4=16 (см2 )
Оқушылар санаудың екі әдісінің нәтижесін салыстырады.
3-тапсырмада оқушылар өрнектің мәнін есептеп шығарады, сандық өлшемдермен ұсынылған, ауызша көбейту алгоритмін сақтай отырып, өрнектің қосындысы мен айырымын, көбейту кестесін білетіндер көбейту мен бөлу амалдарына арналған білімді пайдаланады.
60см2+ 452 см2=512 см2 5 га ·8 см2= 40 га
21 дм2 : 7 =3 дм2 800 м2- 535 м2=265 м2
(Ө.Ж) 4-тапсырмада а)АВ кесіндісі 6 см, ал СD кесіндісі
18 см.Біреуі екіншісінен неше есе ұзын екенін табады.
Бірінші кесіндіден екінші кесіндінің неше есе кем екенін табу үшін ұзын кесіндіден қысқа кесіндінің ұзындығын бөлеміз.
Ш: 18см: 6 см=3 (есе кем) Ж:АВ кесіндісі СD кесіндісінен 3 есе кем.
ә) АВ кесіндісі 5 см, ал СD кесіндісі 15 см. СD кесіндісі АВ кесіндісінен неше сантиметрге ұзын?
Бірінші кесіндіден екінші кесіндінің неше сантиметр ұзын екенін табу үшін , ұзын кесіндіден қысқа кесіндінің ұзындығын азайтамыз.
Ш:15 см-5 см =10 см Ж: СD кесіндісі АВ кесіндісінен 10 см ұзын.
(Ж.Ж) Оқулықтағы 5-тапсырманы оқушылар жұппен орындайды,сандық мәліметтерді ұсынылған қысқа жазбалармен толықтырады, әр оқушы өз серіктесіне көмектеседі, есеп шығарады, өзара тексеру үшін алмастырады.
Қызанақ – 8 кг-нан 3 жәшік
Қияр – 6 кг-нан 2 жәшік? кг
Ш: (8·3)+ (6 ·2)=30 (кг)
Ж:барлығы 30 килограмм көгөніс жиналды.
«Басбармақ» арқылы бағалау.
(Ө.Ж) Оқулықтағы 6-тапсырманы еденді толтыру үшін жұмысшыларға қанша сары тақтатас қажет екенін табады.Егер 1 тақтатастың ауданы
1 дм2 болса, онда сары тақтатас төселген еденннің ауданы қанша болатынын табады.
36 сары тақтатас 36 дм2
40 сары тақтатас 40 дм2
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б.
(Ж.Ж)7-тапсырмада оқушылар аудан өлшем бірліктерін көбейтіп немесе азайту арқылы салыстырады.
3 м2 *6 = 25 м2 – 7 м2 56 м2 + 34 м2 > 9 м2 * 5 м2
96 м2 – 28 м2 > 35 м2:7 18 м2 :2 < 9 м2·3
8-тапсырма оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған, алдымен әр жер телімінің периметрін табу көзделген.Оқушылар сұрақтың астарында, барлық гүлзарды қоршауға қажетті ұзындық, олардың периметрінің қосындысына тең.
1-гүлзар.Р=4м+4м+4м+4м=16 м немесе Р=4м·4м=16 м
2-гүлзар. Р=4м+6м+4м+6м=20 м немесе Р=(6м+4м)·2=20 м
«Басбармақ» арқылы бағалау.
Тез ойлан! 9-тапсырмада қима қағаздарға тапсырмаларды көрсеткенде шапшаң есептеп жауабын айтады.
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б.
Кері байланыс
-Ауданды қалай табамыз?
-Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?