Менің жұмсайтын шығындарым. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Тақырыбы:Шамалар арасындағы тәуелділік
Оқу мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару.
2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.
Сабаққа қажетті ресурстар:әртүрлі заттар суреттері,қағаз ақша, монеталар
Сабақта қолданатын деректі материалдар: сатып алынған заттың санын білу үшін, заттың құнын заттың бағасына бөлу керек; барлық заттың құнын білу үшін,заттың бағасын оның санына көбейту керек; заттың бағасын білу үшін ,барлық заттың құнын оның санына бөлу керек.
Кіріспе тапсырма. «Дүкен» ойыны
(Т.Ж) Мұғалім оқушылардан сұрайды:
– Сіз бір нәрсе сатып алдыңыз ба?
– Қандай ақшалар мен тиындарды білесіздер?
– Қайтқан ақшаны санадаңыздар ма?
–Дүкенде математика сабағында алған білімің қажет пе?
Оқушылар оқулықтағы 1- тапсырманы орындайды, кітаптағы суреттерді қарап, 500 теңгеге өздері сатып ала алатын тағамдарды таңдайды, жалғасы суретте.
(Ж.Ж). Оқушылар 2- тапсырманы орындайды, кестені толтыру керек. Бір кәмпиттің бағасы мен сатып алынған заттардың жалпы сомасы белгілі. Осы ақшаға қанша кәмпит алынғанын анықтайды.24 теңгеге қанша кәмпит алуға болады, егер бір кәмпиттің бағасы 8 теңге болса?
– Қандай амалмен осыны анықтадыңыз?
Оқушыларға үшбұрышты қарап, бұл символдық ереже, оқушылар мұғалімнің нұсқауымен, осының көмегімен белгісіз шаманы табуды түсінеді.
Сатып алынған заттың санын білу үшін, заттың құнын заттың бағасына бөлу керек екенін оқушылар түсінеді. с= Қ :б
Бағасы | Саны | Құны | ||||
8 теңге |
|
| ||||
|
|
(Ж.Ж) Оқушылар 3- тапсырманы орындайды..
Мұғалім тапсырмада бізге қандай мәлімет белгілі деп сұрайды. Жалпы сома мен кәмпит саны белгілі. Бір кәмпиттің бағасын анықтайды.
– Егер 4 кәмпитке 20 тг төлесе, онда бір кәмпиттің бағасы қанша?
Оқушылар бір кәмпиттің бағасын білу үшін жалпы заттың құнын кәмпит санына бөлу керек деген шешімге келеді.
Бағасы | Саны | Құны | ||||||
5 теңге |
|
| ||||||
|
|
Барлық заттың құнын білу үшін,заттың бағасын оның санына көбейту керек.
Қ= б · с
(Ж.Ж) Оқушылар 4-тапсырманы жұппен орындайды, сызба суреттен есеп құрастырады. Оқушылар есептерді шығарады, өз шешімдерін бір-біріне түсіндіреді.
«Басбармақ» арқылы кері байланыс
Бағасы | Саны | Құны |
5 теңге | 4 кәмпит | 20теңге |
7 теңге | 4 кәмпит | 28теңге |
8 теңге | 4 кәмпит | 32теңге |
Заттың бағасын білу үшін ,барлық заттың құнын оның санына бөлу керек.
б= Қ:с
(Ж.Ж)6-тапсырмада берілген суреттер бойынша есеп құрастырады.
Болды – 100 теңге
Сатып алды – 8 теңгеден - 3 кәмпит
Қалды-? теңге
Ш:100-(8·3)=76 (тг) Ж: 76 теңге қалды.
Болды- 80 теңге
Сатып алды- 9 теңгеден 2 дәптер
Қалды-? теңге
Ш:80-(9·2)=62 (тг) Ж: 62 теңге қалды.
Болды- 70 теңге
Сатып алды- 2 теңгеден 4 қыстырғыш
Қалды-? теңге
Ш:70-(2·4)=62 (тг) Ж: 62 теңге қалды.
Ө.Ж. 7-тапсырмада амалдардың орындалу тәртібі бойынша орындайды.
(250-50)+120=320 800-(350-300)=500 560+(200-160)=600
250-(50+120)=80 (800-350)-300=150 (560+200)-160=600
«Шапалақ» арқылы бағалау
Т.Ж Оқушылар 8-тапсырманы топта орындайды. Топтағы әр оқушы бір сатып алатын заттың құнын біледі және тапсырмадағы берілген кесте бойынша есеп құрастырады.
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б
9- тапсырма зерттеушілік қасиетті талап етеді. Оқушылар тиынның өтірік екенін білу үшін оның салмағын өлшеу керек, ол өте жеңіл болады.барлығы 8 тиын. Оқушылар өздерінің тұжырымдамасын:
Алғашқы өлшеу кезінде таразының әр басында 4 тиыннан бар, ең аз салмақты 4 тиынды таңдайды.
Екінші өлшеу кезінде таразының әр басында 2 тиыннан, ең аз салмақты 2 тиынды таңдайды.
Үшінші өлшеу кезінде 2 тиынды өлшейді, ең жеңілі өтірік тиын.
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б
Кері байланыс
«Иә», «Жоқ» әдісі бойынша жүргізіледі.
-Заттың құнын білу үшін заттың санын заттың бағасына көбейтеміз.(иә)
-Заттың санын білу үшін құнын заттың бағасына көбейтеміз.(жоқ)
-Заттың бағасын білу үшін барлық заттың құнын оның санына бөлу керек..(иә)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды