Менің достарым. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырыбы: Жиындардың бірігуі және қиылысуы
Оқу мақсаты: екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі , бос
жиын таңбаларын қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар: қима қағаздар ,суреттер
Сабақта қолданатын деректі материалдар: Жиындардың қиылысуы деп бір уақытта екі жиынға да тиісті элементтерден тұратын жиынды айтамыз.Жиындардың бірігуі деп берілген жиындардың барлық элементтерінен тұратын жиынды айтамыз.Жиындардың кез келген санын біріктіруге болады.Жиындарды біріктіру үшін бірінші жиынның элементіне басқа жиындардың элементтерін қосу керек.Оқушылардың назарын мынаған аудару маңызды:егер жиындағы элементтер қайталанатын болса,бірігуде осы элементті тек бір рет қана алу қажет.
Кіріспе тапсырма.
Достық туралы әңгіме жүргізу.
Балалар өздерінің достары жайлы айтады.
(Т.Ж)Тақтаға бірнеше оқушыны шақыру (ұлдар да, қыздар да) және кейбіреуінің қолына дәптер беру. Бұлардың 1-жиын екенін хабарлау. Содан кейін бірнеше қызды шақырып, олардың 2-жиынды құрайтынын айту. 1-жиын ол қолдарында дәптері бар оқушылар, ал 2-жиын – қыздар деп қайталап айту.
- Оқушылар осы жиындар қиылыса ма ?
- Иә, бұл жиындар қиылысады.
- Қиылысу жиынында қандай элементтер болады? (қыздар) Оқушылар талдау барысында өздері қорытынды жасағаны жақсы, бұл оқушылар екі жиында да бірдей болуы тиісті. Оларға презентациядан Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен қиылысуды қалай көрсетуге болатынын көрсету.
Содан кейін бірігу кезінде берілген жиындарда ортақ элемент болмайтын жағдайды қарастыру. Сондықтан екі жиында ортақ элемент болса, онда бірігуі кезінде оны екі рет қайталауға болмайды. Мысалы, бірінші жиын мына сандардан тұрсын: 1, 2, 3, 4, 5, 6. Ал екінші жиында 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандары болсын. Осы екі жиынның бірігуі мына сандардан тұрады: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10. Олай болса 5 және 6 ортақ элементтері тек бір рет қана алынады, олар екі рет қайталанбайды. Жиындардың қиылысуы мен бірігуі ұғымын бекіту үшін оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындауды жалғастырады
Ұ.Ж. Оқушылар 1-тапсырманың суретін қарап, сурет бойынша тапсырмамен берілген сұрақтарға жауап береді, осы сурет бойынша өздері сұрақ құрастырады, барлық оқушыларға қояды, жауаптың дұрыстығын бақылайды
-Кіші шеңбердің сыртында неше нүкте жатыр? (1)
-Кіші шеңбердің сыртында және үлкен шеңбердің сыртында неше нүкте жатыр?(2)
-Үлкен шеңберде және кіші шеңберде неше нүкте жатыр? (12)
Т.Ж.Оқулықтағы 2-тапсырма топ ішінде орындалады.Оқушылар 2 сақина алып, үстөл үстіне суретте көрсетілгендей карточкаларды сол жағында 4-ке бөлінетін жиын сандар, оң жағында 5-ке бөлінетін жиын сандар тұратындай етіп жайып қояды.
Мұғалім 4-ке де, 5-ке де бөлінетін санды атауларын сұрайды. Осы сандардан тұратын жиынды қалай атауға болады.Мәселелі жағдаят туындайды.
Жиындар атауында «ЖӘНЕ» сөзін қолданса, онда оның әр элементі екі жиынның қиылысында (екі шеңбердің ортақ бөлігінде) орналасуы тиіс.
(Т.Ж) 3- тапсырманы топпен орындайды.
Оқушылар оқулықтан суреттерді қарап, қағазға құс аттарын жазады, осы жиынды көк шеңбермен қоршап, астына «Құстар» деген сөз жазып қояды. Содан кейін қызыл шеңберді көк шеңбермен қиылысатындай етіп салады. Ұша алатын жануарлардың аттарын оқиды. Екі шеңбердің қай жеріне орналасқанына мән беріп, екі жиынның қиылысқан жеріне жазады. Қалған жануарларды қызыл шеңберге жазады. Астына «Жануарлар» деп жазып қояды. Әр топ өз бетімен бірігу мен қиылысудың қандай жиындарын салатынын өздері шешсін деп ұсыныс жасауға болады.
Оқушылар екі жиынның бірігуіне, жиындардың қиылысу нүктесін атайды.
(Ө.Ж) Оқушылар оқулықтың 4-тапсырмасы бойынша тәжірибелік жұмысты орындайды, жиын элементтерінің атауларын, осы жиындар шартта көрсетілгендей етіп, фигуралардың ішіне қосады.
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» арқылы кері байланыс беру
(Т.Ж) 5- тапсырманы оқушылар топпен орындайды. Оқушылар: 2, 47, 16, 8, 17, 32, 6, 53, сандарын оқып, екі қиылысатын шеңбер салады, тапсырмаға сәйкес суреттің екі таңбалы
жұп сандар орналасқан жерін бояп қояды.
Оқушылар «бос жиын» деген түсінікпен танысып, бос жиынға мысалдар келтіреді.
Элементтері жоқ жиын – бос жиын деп аталады және былай белгіленеді
«Басбармақ» арқылы бағалау
(Ө.Ж) Қ.Б. 6- тапсырмада оқушылар есеп шығарады.
Ш:9·5+540=585 (тг) – Әлия
9·4+345=381 (тг) – Сырым
585-381=204 (тг) Ж: Әлия 204 теңге артық ақша жұмсады.
7- тапсырмада амалдың белгісіз компонентін табуды жақсы меңгергеніне сүйеніп, теңдеу шешеді.
27:а=9 100-у=14 а·8=24
а=27:9 у=100-14 а= 24:8
а=3у = 86 а=3
27:3=9 100-86=14 3·8=24
9=9 14=14 24=24
«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру
Ойлан! 8-тапсырманы ұжыммен орындайды. Берілген жауаптарға пікірлерін айтады.
-Дөңгелектердің ортақ бөлігінде барлық қызыл заттар немесе қызыл шарлар орналасқан. (Ақиқат)
-Дөңгелектердің ортақ бөлігінде барлық қызыл заттар немесе кішкентай ойыншықтар орналасқан. (Жалған)
Кері байланыс
-Бос жиын деп қандай жиынды айтуға болады?
-Жиындардың қиылысуы мен бірігуін қандай таңбалармен
белгілейді?
Не білдім?
«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?