Менің достарым. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

№ 25 сабақ. Жиындардың бірігуі және қиылысуы

Бөлімі: Көбейту және бөлу. Тақырыбы:Менің достарым

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дастанбаева Фарида Кушекбаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.2.2 – екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі , бос

жиын таңбаларын қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар бос жиынның не екенін, бірігу мен қиылысу

таңбаларын қалай қолданатынын біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

екі жиынның бірігуі (қиылысуы) болатын жаңа жиынды қалай құруға болатынын біледі.

Оқушылардың кейбіреулері:

өз беттерімен жиын құрады, жиындардың бірігуін,жиындардың қиылысуын жазады.

Ғылыми тіл

Оқушылар

екі жиынның бірігуі мен қиылысуына мысалдар келтіреді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бос жиын деп қандай жиынды айтуға болады?

Берілген жиындардың бірігуі болатын жиынды қалай құруға

болады?

Берілген жиындардың қиылысуы болатын жиынды қалай құруға

болады?

Жиынға тиісті не тиісті емес элементтерді жазу үшін қандай

таңбалар қолдануға болады?

Жиындардың қиылысуы мен бірігуін қандай таңбалармен

белгілейді?

Құндылықтар

Жауапкершілік,өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Жиындар, жиындардың бірігуі мен қиылысуы.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Кіріспе тапсырма.

Достық туралы әңгіме жүргізу.

Балалар өздерінің достары жайлы айтады.

.Ж)Тақтаға бірнеше оқушыны шақыру (ұлдар да, қыздар да) және кейбіреуінің қолына дәптер беру. Бұлардың 1-жиын екенін хабарлау. Содан кейін бірнеше қызды шақырып, олардың 2-жиынды құрайтынын айту. 1-жиын ол қолдарында дәптері бар оқушылар, ал 2-жиын – қыздар деп қайталап айту.

- Оқушылар осы жиындар қиылыса ма ?

- Иә, бұл жиындар қиылысады.

- Қиылысу жиынында қандай элементтер болады? (қыздар) Оқушылар талдау барысында өздері қорытынды жасағаны жақсы, бұл оқушылар екі жиында да бірдей болуы тиісті. Оларға презентациядан Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен қиылысуды қалай көрсетуге болатынын көрсету.

Содан кейін бірігу кезінде берілген жиындарда ортақ элемент болмайтын жағдайды қарастыру. Сондықтан екі жиында ортақ элемент болса, онда бірігуі кезінде оны екі рет қайталауға болмайды. Мысалы, бірінші жиын мына сандардан тұрсын: 1, 2, 3, 4, 5, 6. Ал екінші жиында 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандары болсын. Осы екі жиынның бірігуі мына сандардан тұрады: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10. Олай болса 5 және 6 ортақ элементтері тек бір рет қана алынады, олар екі рет қайталанбайды. Жиындардың қиылысуы мен бірігуі ұғымын бекіту үшін оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындауды жалғастырады..

«Шапалақ» арқылы бағалау

«Достық» туралы слайд

Сабақтың ортасы

30мин

Ұ.Ж. Оқушылар 1-тапсырманың суретін қарап, сурет бойынша тапсырмамен берілген сұрақтарға жауап береді, осы сурет бойынша өздері сұрақ құрастырады, барлық оқушыларға қояды, жауаптың дұрыстығын бақылайды.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

Т.Ж.Оқулықтағы 2-тапсырма топ ішінде орындалады.Оқушылар

2 сақина алып, үстөл үстіне суретте көрсетілгендей карточкаларды сол жағында 4-ке бөлінетін жиын сандар, оң жағында 5-ке бөлінетін жиын сандар тұратындай етіп жайып қояды.

Мұғалім 4-ке де, 5-ке де бөлінетін санды атауларын сұрайды. Осы сандардан тұратын жиынды қалай атауға болады.Мәселелі жағдаят туындайды.

Жиындар атауында «ЖӘНЕ» сөзін қолданса, онда оның әр элементі екі жиынның қиылысында (екі шеңбердің ортақ бөлігінде) орналасуы тиіс.

«Смайлик» арқылы кері байланыс беру

(Т.Ж) 3- тапсырманы топпен орындайды.

Оқушылар оқулықтан суреттерді қарап, қағазға құс аттарын жазады, осы жиынды көк шеңбермен қоршап, астына «Құстар» деген сөз жазып қояды. Содан кейін қызыл шеңберді көк шеңбермен қиылысатындай етіп салады. Ұша алатын жануарлардың аттарын оқиды. Екі шеңбердің қай жеріне орналасқанына мән беріп, екі жиынның қиылысқан жеріне жазады. Қалған жануарларды қызыл шеңберге жазады. Астына «Жануарлар» деп жазып қояды. Әр топ өз бетімен бірігу мен қиылысудың қандай жиындарын салатынын өздері шешсін деп ұсыныс жасауға болады.

Оқушылар екі жиынның бірігуіне, жиындардың қиылысу нүктесін атайды.

«Шапалақ» арқылы бағалау

(Ө.Ж) Оқушылар оқулықтың 4-тапсырмасы бойынша тәжірибелік жұмысты орындайды, жиын элементтерінің атауларын, осы жиындар шартта көрсетілгендей етіп, фигуралардың ішіне қосады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» арқылы кері байланыс беру

(Т.Ж) 5- тапсырманы оқушылар топпен орындайды. Оқушылар: 2, 47, 16, 8, 17, 32, 6, 53, сандарын оқып, екі қиылысатын шеңбер салады, тапсырмаға сәйкес суреттің екі таңбалы жұп сандар орналасқан жерін бояп қояды.

Оқушылар «бос жиын» деген түсінікпен танысып, бос жиынға мысалдар келтіреді.

Элементтері жоқ жиын – бос жиын деп аталады және былай белгіленеді.

«Басбармақ» арқылы бағалау

(Ө.Ж) 6- тапсырмада оқушылар есеп шығарады, 7- тапсырмада амалдың белгісіз компонентін табуды жақсы меңгергеніне сүйеніп, теңдеу шешеді.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

Ойлан!

8-тапсырманы ұжыммен орындайды. Берілген жауаптарға пікірлерін айтады.

-Дөңгелектердің ортақ бөлігінде барлық қызыл заттар немесе қызыл шарлар орналасқан. (Ақиқат)

-Дөңгелектердің ортақ бөлігінде барлық қызыл заттар немесе кішкентай ойыншықтар орналасқан. (Жалған)

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

3-слайд

4 -слайд

5-слайд

6-слайд

7-слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

-Бос жиын деп қандай жиынды айтуға болады?

-Жиындардың қиылысуы мен бірігуін қандай таңбалармен

белгілейді?

Не білдім?

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Оқушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер» арқылы бағалау

«Шапалақ» арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу