Мінез-құлық ережелері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырыбы: Жиындардың бірігуі және қиылысуы

Оқу мақсаты: екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі , бос

жиын таңбаларын қолдану.

Сабаққа қажетті ресурстар:кестелер ,диаграмма,тапсырмалар,парақтар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:Жиындардың қиылысуы деп бір уақытта екі жиынға да тиісті элементтерден тұратын жиынды айтамыз.Жиындардың бірігуі деп берілген жиындардың барлық элементтерінен тұратын жиынды айтамыз.Жиындардың кез келген санын біріктіруге болады.Жиындарды біріктіру үшін бірінші жиынның элементіне басқа жиындардың элементтерін қосу керек.Оқушылардың назарын мынаған аудару маңызды:егер жиындағы элементтер қайталанатын болса,бірігуде осы элементті тек бір рет қана алу қажет.

Өзектендіру

Ұ.Ж.Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырмаға берілген суретті қарап шығады, сұрақтарға жауап береді.

-Қанша бала шахматпен айналысады? (6 бала)

-Қанша бала бимен айналысады? (6 бала)

-Қанша бала шахматпен де, бимен де айналысады? ( 2 бала)

-Болаттың шахматпен де, бимен де айналысатыны рас па? (жалған)

- Сырымның шахматпен де, бимен де айналысатыны рас па? (ақиқат)

Ө.Ж. 2-тапсырмада оқушылар сұрақтарға сызба бойынша жауап береді.Оқушылар бағалау өлшем шарттарын талқылайды.(оқушыларға өз ойларын жеткізуге мүмкіндік беру)

-Неше оқушы математиканы сүйікті пәні ретінде санайды? (7 бала)

-Неше оқушы информатиканы сүйікті пәні ретінде санайды? (6 бала)

-Неше оқушы математиканы да, информатиканы да сүйікті пәні ретінде санайды? (2 бала)

«Смайлик» арқылы бағалау

Ойлан! Ж.Ж.3-тапсырмада екі жиынның қиылысуына қатысты элементтерді табады, жиындардың қиылысуына атау береді.

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

– Әрқайсысы өзінің оқу тапсырмасын айтады.

Т.Ж.Оқушылар 4-тапсырманы топпен орындайды. 4-тапсырмада оқушылар жиындарды олардың сұлбалық кескіні бойынша таңдап алады. Оқушылар бұл тапсырманы өздерінің жиын туралы білімдеріне сүйене отырып, графикалық түрде орындайды. Тапсырма жиындардың қиылысуы туралы екендігін түсінген оқушылар қиылысатын екі дөңгелекті сызады. Екі тармақта да 4 адам барғандықтан, дөңгелектердің қиылысатын жеріне 4 цифрын жазады. Көрме залында 12 адам барғандықтан, ал оның 4-еуі белгіленгендіктен, бірінші шеңберге 8 цифрын жазып, төменіне тиісті қол қою керек. Музейге 18 адам барғандықтан, ал төртеуі белгіленіп қойылғандықтан, екінші шеңберге 14 цифрын жазып, белгілеу керек.

(Әр топқа өз көзқарасын айтуды ұсыну)

Ө.Ж.Оқушылар 5-тапсырманы өздік жұмыс түрінде орындайды. Аталған жиындардың элементтерін жазу тапсырылады. а) екі таңбалы жұп сандар және екі таңбалы тақ сандарды тауып жазу. ә) екі таңбалы жұп сандар және екі таңбалы толық сандарды тауып жазады.(Оқушыларға элементтермен жиынға ұсыныс жасау)

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Ө.Ж.Қ.Б.6-тапсырмада оқушылар есептерді шығарады.

а)Бетбелгі- 8 теңгеден- 5 дана

Күнтізбе 7 теңгеден -4 дана ? теңге

Ш: 8·5+ 7·4= 68 (тг)

Ж:барлығы 68 теңге төледі.

ә) Санжар –345 теңгеге стақан және 5 тг- ден 9 түтікше ? тг

Маржан – 250 теңгеге қағаз майлық және 8 тг –ден 5 қасық

Ш:345+ (5·9)=390 (тг)-Санжар

250+(8·5)=290 (тг)- Маржан

390+290=680(тг)-барлығы

Ж:барлығы 680 теңге төледі

(Есеп шығаруда қиындық келтірген оқушыларға көмек беру)

Ж.Ж.7-тапсырмада оқушылар жұппен кестедегі өрнектерді пайдалана отырып, алдын ала теңдік деген не және теңсіздік деген не деген ережені қалыптастырып, дұрыс теңдіктерді және теңсіздіктерді құрады.

321+129*328-258

160-90*150+40

240-50*53+367

98+102*900-450

8-тапсырма зерттеушілік сипатта болып келеді. Әр топқа жиындарды сұлбалардың біреуі бойынша таңдап алуды ұсынуға болады, кейін өздерінің жұмыстарын бүкіл сыныпқа көрсетеді.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!»,«Керемет!»

Рефлексия.

Оқытушы оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар таратады, оқушылар олардың жалғасын жазады:

1. Мен сабақта … жұмыс істедім.

2. Мен сабақта өз жұмысымда …

3. Сабақ мен үшін … көрінді.

4. Сабақ үшін мен…

5. Менің көңіл-күйім…

6. Сабақтың материалы маған...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу