Мінез-құлық ережелері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

№ 26 сабақ. Жиындардың бірігуі және қиылысуы

Бөлімі: Көбейту және бөлу

Тақырыбы:Мінез-құлық ережелері

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дастанбаева Фарида

Кушекбаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.2.2 – екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі , бос

жиын таңбаларын қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар бос жиынның не екенін, бірігу мен қиылысу

таңбаларын қалай қолданатынын біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

екі жиынның бірігуі (қиылысуы) болатын жаңа жиынды қалай құруға болатынын біледі.

Оқушылардың кейбіреулері:

өз беттерімен жиын құрады, жиындардың бірігуін,жиындардың қиылысуын жазады.

Ғылыми тіл

Оқушылар

екі жиынның бірігуі мен қиылысуына мысалдар келтіреді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бос жиын деп қандай жиынды айтуға болады?

Берілген жиындардың бірігуі болатын жиынды қалай құруға

болады?

Берілген жиындардың қиылысуы болатын жиынды қалай құруға

болады?

Жиынға тиісті не тиісті емес элементтерді жазу үшін қандай

таңбалар қолдануға болады?

Жиындардың қиылысуы мен бірігуін қандай таңбалармен

белгілейді?

Құндылықтар

Жауапкершілік,өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Жиындар, жиындардың бірігуі мен қиылысуы.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы 5мин

Ынталандыру.

Мінез-құлық ережелері туралы әңгіме өткізу.

Сабақтың ортасы

30мин

Өзектендіру.

Ұ.Ж.Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырмаға берілген суретті қарап шығады, сұрақтарға жауап береді.

Ө.Ж. 2-тапсырмада оқушылар сұрақтарға сызба бойынша жауап береді.Оқушылар бағалау өлшем шарттарын талқылайды.(оқушыларға өз ойларын жеткізуге мүмкіндік беру)

«Смайлик» арқылы кері байланыс беру.

Ойлан! Ж.Ж.3-тапсырмада екі жиынның қиылысуына қатысты элементтерді табады, жиындардың қиылысуына атау береді.

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

– Әрқайсысы өзінің оқу тапсырмасын айтады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!»,«Керемет!»

Т.Ж.Оқушылар 4-тапсырманы топпен орындайды.

4-тапсырмада оқушылар жиындарды олардың сұлбалық кескіні бойынша таңдап алады. Оқушылар бұл тапсырманы өздерінің жиын туралы білімдеріне сүйене отырып, графикалық түрде орындайды. Тапсырма жиындардың қиылысуы туралы екендігін түсінген оқушылар қиылысатын екі дөңгелекті сызады. Екі тармақта да 4 адам барғандықтан, дөңгелектердің қиылысатын жеріне 4 цифрын жазады. Көрме залында 12 адам барғандықтан, ал оның 4-еуі белгіленгендіктен, бірінші шеңберге 8 цифрын жазып, төменіне тиісті қол қою керек. Музейге 18 адам барғандықтан, ал төртеуі белгіленіп қойылғандықтан, екінші шеңберге 14 цифрын жазып, белгілеу керек.

(Әр топқа өз көзқарасын айтуды ұсыну)

Ө.Ж.Оқушылар 5-тапсырманы өздік жұмыс түрінде орындайды. Аталған жиындардың элементтерін жазады.

а) екі таңбалы жұп сандар және екі таңбалы тақ сандарды тауып жазады.

ә) екі таңбалы жұп сандар және екі таңбалы толық сандарды тауып жазады.(Оқушыларға элементтермен жиынға ұсыныс жасайды)

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Ө.Ж.6-тапсырмада оқушылар есептерді шығарады.

(Есеп шығаруда қиындық келтірген оқушыларға көмек беру)

«Басбармақ» арқылы кері байланыс беру

Ж.Ж.7-тапсырмада оқушылар жұппен кестедегі өрнектерді пайдалана отырып, алдын ала теңдік деген не және теңсіздік деген не деген ережені қалыптастырып, дұрыс теңдіктерді және теңсіздіктерді құрады. (Жіберген қателерін түзету)

«Бағдаршам» арқылы кері байланыс беру

8-тапсырма зерттеушілік сипатта болып келеді. Әр топқа жиындарды сұлбалардың біреуі бойынша таңдап алуды ұсынуға болады, кейін өздерінің жұмыстарын бүкіл сыныпқа көрсетеді.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!»,«Керемет!»

Оқулық 2-3-слайдтар

4-слайд

5-слайд

4-5 слайд

Қима қағаздар

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия.

Оқытушы оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар таратады, оқушылар олардың жалғасын жазады:

1. Мен сабақта … жұмыс істедім.

2. Мен сабақта өз жұмысымда …

3. Сабақ мен үшін … көрінді.

4. Сабақ үшін мен…

5. Менің көңіл-күйім…

6. Сабақтың материалы маған...

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Оқушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер» арқылы бағалау

«Шапалақ» арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.

Т.Ж.-тапсырмада әр топ тапсырманың бір тармағын орындайды. Топтарға тапсырмада келтірілген мысалмен танысқаннан кейін өздерінің екі жиынды біріктіруге арналған мысалын құрады.

(Қиындық келтірген жерлеріне көмектесу)

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу