Мүмкіндіктер тармағы. Мінез-құлық ережелері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

№ 27 сабақ. Тақырыбы: Мүмкіндіктер тармағы

Оқу мақсаты: Мүмкіндіктер тармағын құру және күнделікті өмірде

кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану.

Сабаққа қажетті ресурстар:кестелер ,суреттер,тапсырмалар

Ынталандыру.

Оқушы өмірде барлық мүмкін болатын нұсқаларды ескеру қажет болатын есептерді шығаруға жиі тура келетінін әңгімелейді. Мұндай есептер математикада да, өмірде де кездеседі.

Өзектендіру.

Үстелде 3 алма және 2 алмұрт жатыр. Екі жемісті таңдаудың неше нұсқасы бар? Оқушылар өз ойларын айтады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» арқылы бағалау

Оқушы оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды.

Үш цифрды пайдалана отырып, үш таңбалы сандардың барлық мүмкін болатын нұсқаларын құрайды.

369, 639, 936, 396, 693, 963

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы топпен орындайды. Белгілі мәзірлер бойынша оқушылар үш тағамнан (бірінші, екінші, үшінші) тұратын мәзірдің барлық мүмкін болатын нұсқасын құрастыруға тиіс. Оқушылар тапсырманы «мүмкіндіктер тармағын» құру арқылы орындайды, біреуі бір белдеуді құрастырып, оны түсіндіруден бастайды, әрқайсысы кезекпен құрылымды толықтырады.

А) 1.Ет 1.Ет 1.Ет

2.Тәтті нан 2. Балмұздақ 2.жеміс

1.Балық 1.Балық 1.Балық

2.Тәтті нан 2. Балмұздақ 2.жеміс

1.Қуырдақ 1.Қуырдақ 1.қуырдақ

2.Тәтті нан 2. Балмұздақ 2.жеміс

Ә)1.Борщ 1.Борщ 1.Борщ

2.ет 2. қазақша ет 2.қуырдақ

3.шай 3.шырын 3.кисель

1.Борщ 1.Борщ 1.Борщ

2.балық 2. Балық 2.балық

3.шай 3.шырын 3.кисель

1.Балық 1. Балық 1. Балық

2.қуырдақ 2. қуырдақ 2.қуырдақ

3.шай 3.шырын 3.кисель

1.Солянка 1. Солянка 1. Солянка

2.ет 2. ет 2. ет

3.шай 3.шырын 3.кисель

1.Солянка 1. Солянка 1. Солянка

2.балық 2. балық 2. балық

3.шай 3.шырын 3.кисель

1.Солянка 1. Солянка 1. Солянка

2.қуырдақ 2.қуырдақ 2.қуырдақ

3.шай 3.шырын 3.кисель

Смайликтер арқылы кері байланыс беру

3-тапсырманы оқушылар «материал, элемент, бөлу» аталатын жұмыс түрін пайдалана отырып, жұппен орындайды. Әлияның киімдерінен оқушылар барлық мүмкін болатын киімдерін құрастырады. Оқушылар жұппен кезектесіп «мүмкіндіктен тармағын» жасай отырып, бір элементтен толықтырады.

1.Жейде 1.Жейде 1.Жейде

2.белдемше 2. шалбар 2.белдемше

3.жемпір 3.жемпір

«Жұптас,пікірлес,талқыла» әдісі

Ж.Ж.Оқушылар оқулықтағы 4-(а,ә)тапсырманы орындайды.

а)4:6=4 Ж: СD кесіндісі 4 есе ұзын

ә)24-6=18(см) Ж: СD кесіндісі АВ кесіндісінен 18 см ұзын

б)(6·4)+6=30 (к) Ж: барлығы 30 кітап бар

Оқытушы оқушылармен бірге бағалау өлшемшартын талқылайды:

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы кері байланыс

5-тапсырмада берілген тапсырманы жұппен орындайды. Сызбаға қарап жауап береді.

-Қанша қыз секіртпе ойынын ойнады? (5 қыз)

- Қанша қыз секіртпені де, классиканы да ойнады? (2 қыз)

-Әселдің секіртпе ойынын ойнағанды ұнататыны рас па? (рас)

Ойлан

Ж.Ж.6-тапсырмада оқушылар кестелерді қарап шығады, әрбір бағанда амалдың бір компоненті еркін ретпен белгісіз екендігіне назар аударады. Оқушылар теңдеуді жазып алады, ауыспалының қалдырылып кеткен компонентін белгілей отырып, қосу және алу кезінде белгісіз компонентті табу ережесін пайдалана отырып, теңдеуді шешеді.Шешуін дайын жауап арқылы тексереді.

-Белгісіз қосылғышты қалай табамыз?

-Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты азайтамыз.

-Белгісіз азайтқышты қалай табамыз?

-Белгісіз азайтқышты табу үшін айырманың мәнінен азайғышты азайтамыз.

320+х=650 840-х=310

х=650-320 х=840-310

х=330 х=530

320+330=650 840-530=310

«Жұлдызша» арқылы бағалау

Кері байланыс

Бас бармақ-Бүгінгі сабақта не ұнады?

Балалы үйрек- Кімге көмектестім?

Ортан терек- Мен қандай нәтижеге қол жеткіздім?

Кішкентай бөбек- Жаңа ақпарат. Не үйрендім?

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу