Адамдар арасындағы достық. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
28-сабақ. Мүмкіндіктер тармағы
Тақырыбы: Адамдар арасындағы достық | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна | |||||||||||
3-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.4.4.1. «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану. 3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу. | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| |||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Әртүрлі есептерді шешу. | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланатын іс-әрекет | Қоры | ||||||||||
0-3 | Ынталандыру. Санаймыз, балалар, тезірек санаймыз. Әрқашан жақсы істерді қалаймыз. Жаман істерге қадам баспаймыз. Жұмысымызды тезірек бастаймыз! | |||||||||||
4-6 | Өзектендіру. Үстелде 3 алма және 2 алмұрт жатыр. Екі жемісті таңдаудың қанша нұсқасы бар? | Пәндік картиналар | ||||||||||
7-11 | Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды, тапсырманың шартына сәйкес балалардың барлық мүмкін болатын орналастыру нұсқаларын жазып алу үшін кестелерді толтырады. Оқушылар бұл тәсілдің «таңдап алу тәсілі» деп аталатынын айтады. Мұғалім мұндай тапсырмаларды қандай тәсілмен оңай шешуге болатынын түсіндіру. | Оқулық. | ||||||||||
12-29 | Жаңаны ашу. Мұғалім сұрақтарға бірден жауап беруді ұсына отырып, жұмыс жоспарын құрады. Тапсырманы негізге ала отырып, оқушылар «мүмкіндіктер тармағының» суретін салады, таңдап алу әдісінің орнына бұл әдістің ішінен тиісті кестені таңдап алады, бірдей нұсқаларды бірдей түспен бояйды. Оқушылар балаларды сәкіге орналастыру нұсқаларының саны екі тәсілде де сәйкес келеді деген қорытындыға келеді. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Оқушылар оқулықтағы 1-(ә) тапсырманы орындайды, ұсынылған 2-сызба бойынша «мүмкіндіктер тармағын» құрады, таңдап алу тәсілінің ішінен берілген кестеге сәйкес келетін «тармақтарды» белгілейді. | Оқулық, | ||||||||||
30-40 | Өздік жұмыс Оқушылар оқулықтағы 3-тапсырманы орындайды, егер цифрлар бір санда қайталанатын болса, 3 цифрды пайдалана отырып, қанша мүмкін болатын екі таңбалы сан алуға болатынын анықтайды. 27,72,97; 29,79,92; 22,77,99; Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» ( Т.Ж) 4-тапсырманы топпен орындайды. 1-топ. а)-нұсқасы 2-топ. ә)-нұсқасы 3-топ. б)-нұсқасы (Ж.Ж) 5-тапсырмада оқушылар атау берілген шамалардан тұратын өрнектердің мәндерін мұндай амалдарды орындау алгоритміне сәйкес табады. Смайликтер арқылы кері байланыс беру 6-тапсырмада оқушылар алдын ала палеткалардың көмегімен еркін нысандағы фигуралардың алаңдарын анықтау қағидасын қалыптастырып, фигуралар алаңдарын палеткалардың көмегі арқылы анықтайды. Смайликтер арқылы бағалау (Т.Ж) 8-тапсырманы топ болып орындайды. Заттың санын,құнын, бағасын табу арқылы есептер құрастырып.шығарады. Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» (Ж.Ж) 9-тапсырманы «Жұптас,пікірлес,талқыла» әдісі арқылы тиімді тәсілмен есептеп орындайды. 10-тапсырма зерттеуді қажет ететін тапсырма. | Оқулық, дәптер 4-5 слайдтар 6- слайд | ||||||||||
41-45 | Рефлексия. – Бүгін қандай тақырыппен жұмыс істедік? – Өзіміз үшін нені нақтыладық? – Бұл білімді қай жерлерде пайдалануға болады? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?