Адамдар арасындағы достық. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

29-сабақ. Тақырыбы: Қорытындылау

Оқу мақсаттары: «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану. 2-3 амалмен орындалатын есепті сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

см2, дм2, м2, га шамаларының мәндерін салыстыру және амалдар орындау.

Сабаққа қажетті ресурстар:суреттер, кестелер

Ынталандыру.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

- Жақсы сөз адамдарға не үшін қуат береді? Не үшін «сөздің дауасы бар» дейді? Мейірімді болу оңай ма?

Өзектендіру.

Практикалық жұмыс. Туды үш түспен бояудың қанша нұсқасы болады?

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

1-тапсырмада сызба арқылы сұрақтарға жауап береді.

Өздік жұмыс

Оқушылар 2- (а), (ә) тапсырманы орындайды, шеңбердегі екі жиынның элементтерін жазып алады, мұнда бір ғана жиынға тиесілі элементтер бір шеңбердің аумағында, екінші жиынға ғана тиесілі элементтер екінші шеңбердің аумағында жатуға тиіс. Екі жиынға да тиесілі элементтер осы жиындардың қиылысу аумағында жатуы керек.

«Шапалақ» арқылы кері байланыс беру

(Ж.Ж) 3-тапсырмада оқушылар есеп шығарады және кері есептер құрастырады.

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.

– Әрқайсысы өзінің оқу тапсырмасын айтады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

(Т.Ж) 4 –тапсырманы топпен орындайды.Берілген есепке кері есеп құрастырады.

«Смайлик» арқылы кері байланыс жасау

(Ө.Ж) 5-тапсырмада көрсетілген қосындының мәні шығу үшін әр топтан үш-үштен таңдап алады.

(Ж.Ж) 6-тапсырманы жұппен орындайды.

75 дм2 + 45 дм2=120 дм2 45 см2:5=9 см2

5 см2·8=40 см2 800 м2 - 235 м2=565 м2

(Ж.Ж) 7-тапсырмада жұппен орындайды. Заттың бағасын,санын,құнын қалай білу керек екенін табады.

Өткенді қолдану

8-тапсырма жұппен орындалады, оқушылар берілген үш цирфдан құрауға болатын үш таңбалы санның барлық мүмкін болатын нұсқаларын құрастырады. Жұппен жұмыс істеу үшін бұл тапсырмада жұппен жұмыс істеудің – «материал элементтерін бөлу» түрі ұсынылады. Оқушының қолында 3 түрлі түсті қаламсап болады, әрбір түс цифрға сәйкес қойылады. Оқушылар таңдап алу әдісі арқылы шешуді көрсету үшін қаламсапты пайдаланады: тікбұрыштардың үштігін кезекпен, әрқайсысы бір тікбұрыштан бояйды.

8-тапсырмада оқушылар амалдар компоненттері туралы білімін пайдалана отырып өрнектерді оқиды, жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдар ретін сақтай отырып, өрнектердің мәндерін есептеп шығарады.

«Басбармақ» арқылы бағалау

Оқушылар 10-тапсырманы орындайды. Бұл тапсырма функционалдық сауаттылыққа арналған. Оқушылар суреттерді қарап шығады, тиген іздер қай сақинада немесе қай шеңберде екендігіне назар аударады; ұпайларды анықтайды; көбейту таңбаларын пайдалана отырып, өрнектерді жазып алады; егер тиген іздер саны ұпайлар санымен бірдей болса, қайталанады; және бір нысанадағы ұпайлар санын қосу үшін қосу амалы пайдаланылады; ұпайларды санайды.

Рефлексия.

Күн - мен бәрiн түcіндім

Бұлтты күн - түcіндім, бiрақ ...

Жaңбыр - мағaн әлi де көмeк қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу