Мектеп айналасының ауданы мен периметрі. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Матматика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 С бөлім «Аудан және периметр» | Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күн Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Мектеп айналасының ауданы мен периметрі | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.3.3.2 Айналадағы обьектілерді өлшеу, периметрі мен ауданын табу, салыстыру | ||||
Сабақ мақсаттары | Айналадағы обьектілерді өлшеу, периметрі мен ауданын табу, салыстыру, есептеу дағдыларын қалыптастыру. | ||||
Бағалау критерийлері | Шаршы мен тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін табу формулаларын біледі; Берілген фигураның формасын өзгерте отырып, ауданы мен периметрін табады және түсіндіре алады. | ||||
Тілдік мақсат
| Аудан, периметр, ара қашықтық ,метр, шаршы метр, ар, гектар, тікбұрыш,үшбұрыш, көпбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш, ұзындық, ен, қабырға, бет,үлкенірек, ең үлкен, кіші, ең кіші, бөлім, алаң, корт | ||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Көбейтуге кері амал ретінде бөлуді оқып үйрену | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | (Ұ) Оқушылармен шеңбер құру. Ойға толсын санамыз, Бестік болсын бағамыз. Баласындай бір үйдің, Тату болсын арамыз. | ||||
Сабақ ортасы
| (Ұ,ОТ) Оқушылардан сыныптан тікбұрышты пішіндегі фигураларды табуды тапсыру. Оқушылардан бұл фигураның қалай өлшенетіндігін сұраңыз. Периметрмен таныстырыңыз және оны түсіндіріңіз. Оқушылардан тақтаның ені мен ұзындығын көзбен анықтауын және өлшеуін және осыған сүйене отырып периметрін табуын сұраңыз. (Ж) Жұппен жұмыс. Оқушылардың шешулерін тақтаға жазып қойыңыз. Өлшеу арқылы тексеріңіз және кімнің ең дұрыс жауапқа жақын болғанын, мәліметтердің көлемінің қандай болғанын, дұрыс нәтижеге қалай қол жеткізуге болатынын талқылаңыз. Осы жұмысты басқа заттармен жұпта қайталату. Мысалы кітаппен немесе партамен. (Т) Топпен жұмыс. Енді топта мынадай жұмыс жасаймыз. 1-топ: сыныптағы кілемнің ұзындығы мен енін өлшеп, периметрін табыңыздар. 2-топ: сынып есігінің ұзындығы мен енін өлшеп, периметрін табыңыздар. 3-топ: топта отырған бір партаның ұзындығы мен енін өлшеп, периметрін табыңыздар. 4-топ: кітаптың ұзындығы мен енін өлшеп, периметрін табыңыздар. (Ұ, ОТ) Оқушылар өз беттерімен слайдта берілген тапсырма бойынша жұмыс істейді. №1.Тік төртбұрыш тәріздес ұзындығы 10 м, ал ені 5 м. Бақшаның периметрі мен ауданын тап. №2 Ұзындығы 5 см, ені 3 см болатын тік төртбұрыш сыз. Периметрін және ауданын тап. №3Қабырғалары 9 см тең шаршының периметрі және ауданын тап Жұптасып бір – бірінің жұмыстарын тексеру. | Таныстырылым
Постер, маркер. | |||
Сабақтың соңы | Кері байланыс. | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті төмен оқушыларға жұппен жұмыс орындау барысында қабілеті жоғары оқушылармен жұптастыру. | Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?