Көпбұрыштардың периметрі мен ауданын табу. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Матматика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 С бөлім «Аудан және периметр»

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күн

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып:

Қатысқандар:17

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Көпбұрыштардың периметрі мен ауданын табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.3.1 Көпбұрышты фигуралардың ауданы мен периметрін тіктөртбұрыш пен шаршының ауданы, периметрі формуласын қолдана есептеу

 Сабақ мақсаттары

Көпбұрыштың түрін атау, көпбұрышты фигуралардың ауданы мен периметрін есептеу формулалаларын пайдаланып орындайды.

 Бағалау критерийлері

Шаршы мен тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін табу формулаларын біледі;

Көпбұрыштың периметрін есептей алады.

 Тілдік мақсат

 

Аудан, периметр, ара қашықтық ,метр, шаршы метр, ар, гектар,тікбұрыш,үшбұрыш, көпбұрыш, бесбұрыш,алтыбұрыш

ұзындық, ен, қабырға, бет, үлкенірек, ең үлкен, кіші, ең кіші, бөлім, алаң, корт.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Мектеп айналасының ауданы мен периметрі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Оқушылармен шеңбер құру.

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

Сабақ ортасы

(Ұ,ОТ) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Өткен сабақта өткен мәліметтерді қайталау.

1.Көпбұрыштың периметрі – оның қабырғалары ұзындықтарының қосындысы.

2. Шаршының периметрі мен ауданын есептеу формуласын ата.

3. Тіктөрбұрыштың периметрі мен ауданын есептеу.

(Ұ,ОТ) Тікбұрыш болатындай етіп жасалған,тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табуды көрсетіңіз. Табылған тікбұрыштың ауданының мәнін 2-ге бөліңіз. Мұның үлгісі геометриялық тақтаның көмегімен тиімді орындалуы тиіс. Бұдан былай мұны нүктелі қағаз немесе торкөз қағаздың көмегімен оқушылар пайдаланады.

S= 8*4=32 cм2

S= 6*2=12 см2

(Ұ,ОТ) «Білсең қағып ал» ойыны:- Доппен екі амалмен шығарылатын есептерге байланысты мысалдар мен сұрақтар қою арқылы ойнату.- Көпбұрыштың периметрін табу үшін қандай амал қолданамыз?

Таныстырылым

Бұны сонымен бірге GeoGebra сияқты геометриялық бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен де жасауға болады.

http://nrich.maths.org/2883

Постер, маркер.

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төмен оқушыларға жұппен жұмыс орындау барысында қабілеті жоғары оқушылармен жұптастыру.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу