Салыстыруға берілген құрама есептерді шығару. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Пән: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім – Шамалар. Есептер | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 16.04.18 | Мұғалімнің аты-жөні:Кудабаева А.К | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 2А | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Екі амалмен бөлуге берілген есептерді шығару | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.5.1.3 Есептерді талдау және шешу: бірдей қосылғыштар қосындысын табу; құрамы бойынша бөлу және тең бөлікке бөлу/ санды бірнеше есе арттыру/кеміту/ еселеп салыстыру/ тіктөртбұрыштың (шаршының) қабырғалары мен периметрін табу/ тура және жанама сұрақтары бар есептерін талдау және шешу/ кері есептер құру және шешу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Бөлуге берілген құрама есептерді шығару. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Екі амалмен, бөлуге берілген есеп, өрнек құрастыру, тура және жанама сұрақтар. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Миссия және пайымдау | Алған білімдерін өмірде қолдана алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаһандық азаматтық | Тақырыпты түсінбеген сыныптастарына түсіндіру, көмек беру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Достыққа тәрбиелеу, басқаны құрметтеу және бәсекелестікке дайын болу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, АКТ пәндерімен байланыстыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Есепті талдайды, шеше алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | І.Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа психологиялық дайындық | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 32 минут | Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасын тексеріп қарап шығу. Қызығушылықты ояту. «Ойлан,тап!» Сигналды карточкалар арқылы тексеру Мақсаты:Оқушылардың есептерді ауызша жылдам шығаруға машықтандыру.1) 1кг сары май 360 теңге тұрады. Жазира сатушыға 400 теңге берсе, сатушы Жазираға қанша қайтарым ақша қайтарады? (40 тг) 2) Камила әжесінің үйінде 2 апта 1 күн болды. Камила әжесінің үйінде барлығы неше күн болды? (15 күн) 3) Асқар жазда маусым айында Сарыағашта 1 ай және 1 апта демалды. Асқар Сарыағашта барлығы неше күн демалды? (37 күн ) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Бөлуге берілген құрама есептерді шығару. Дескриптор: -есептің шартын жазады; -есепті шешу өрнегін құрастырады; -есептеуді дұрыс жүргізеді; -есептің жауабын жазады. (Т,Ұ,Қ)Топпен жұмыс /Флипчарттар таратылады, топтар тапсырманы флипчартта орындайды/ Мақсаты:Бірнеше арифметикалық амалдан тұратын есептерді шешуге машықтандыру. Төрт топқа екі есеп беріледі. Оқушылар топта ақылдаса отырып, есептерді шығарады. Көршілес топтармен ауысып, бірін-бірі тексереді, бағалайды. 1, 2 топтарға: «Матрешкалар» тапсырмасына есеп құрастыр және амалдап шығар а) Бірінші қорапта-12 м. Екінші қорапта-? 3 есе кем ? м Шешуі: 1) 12 : 3=4(м) 2) 12+4=16 (м) Жауабы: Екі қорапта 16 матрешка. 3, 4 топтарға: «Матрешкалар» тапсырмасына есеп құрастыр және бір өрнекпен шығар. Дифференциация /Әр оқушыға тапсырма қиындығы деңгейіне қарай беріледі/ 1-топ. 2-топ. 3-топ. «Шеберлер» тапсырмасы 1-топ. Есепті шығару өрнегін таңда және өрнектің мәнін тап. 2-топ. Есепті шығару өрнегін таңда және қысқаша жазбасын жаз. 3-топ. Есепті шығару өрнегін таңда және қысқаша жазбасын жаз. Есепті амалдап шығарып көрсет. а) Бірінші шебер-27 к. Екінші шебер-? 3 есе кем ? к Шешуі: 1) 27 : 3=9 (к) 2) 27+9=36 (к) Жауабы: Екі шебер 36 кеудеше тікті. Есептерді бір өрнекке салып шығар Сергіту сәті
9 кг ?, 3 есе кем ? кг «Орындап көр» тапсырмасын орындау Өрнек бойынша есеп құрастыру. 36 : 9 + 36 = 40 Есеп құрастырған оқушы жауабын басқалары сигналды карточкалар арқылы бағалайды. Үйге тапсырма: Жұмыс дәптері 29-бет. | Суретті тапсырма | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс. Бағдаршам көздері арқылы меңгергенін анықтау. Қызыл түс-нашар жұмыс істедім. Сары түс –орташа жұмыс істедім. Жасыл түс-өте жақсы жұмыс істедім. Бүгінгі сабақта не қиын болды? –Не қызықты болды? –Не маңызды болды? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар ойлауға берілген мәтіндік есептерді өз бетінше оқып, шеше алады. | Оқушылардың жеке жұмыстарын бағалаймын. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?