Қалдықты табуға берілген құрама есептерді шығару.Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Математика
Қысқамерзімді жоспар
Пән: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім – Шамалар. Есептер | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні:19.04.18 | Мұғалімнің аты-жөні:Кудабаева А.К | |||||
Сынып: 2А | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Қалдықты табуға берілген құрама есептерді шығару | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.5.1.3 Есептерді талдау және шешу: бірдей қосылғыштар қосындысын табу; құрамы бойынша бөлу және тең бөлікке бөлу/ санды бірнеше есе арттыру/кеміту/ еселеп салыстыру/ тіктөртбұрыштың (шаршының) қабырғалары мен периметрін табу/ тура және жанама сұрақтары бар есептерін талдау және шешу/ кері есептер құру және шешу. | |||||
Сабақ мақсаттары | Қалдықты табуға берілген құрама есептерді шығару. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Қалдықты табуға берілген есеп, өрнек құрастыру, тура және жанама сұрақтар. | |||||
Миссия және пайымдау | Алған білімдерін өмірде қолдана алады. | |||||
Жаһандық азаматтық | Тақырыпты түсінбеген сыныптастарына түсіндіру, көмек беру. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Достыққа тәрбиелеу, басқаны құрметтеу және бәсекелестікке дайын болу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, АКТ пәндерімен байланыстыру. | |||||
Бастапқы білім | Есепті талдайды, шеше алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | І.Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа психологиялық дайындық | |||||
Сабақтың ортасы 32 минут | Үй тапсырмасын тексеру Қызығушылықты ояту. «Ойлан,тап!» Ойын. Кеспеқағаздардан сандарды көрсету нәтижесін ламинатталған қағазға жаздыру. 9 саны 36- дан қаншаға кем? 36cаны9 –дан қанша есе артық? 9cаны36 –дан қанша есе кем? 28 cаны 7 –ден қаншаға артық? Жауабын тақтада шығару. Өзін-өзі тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Қалдықты табуға берілген құрама есептерді шығару. Дескриптор: -есептің шартын жазады; -есептің сұрағын көрсетеді; -есепті шешу өрнегін құрастырады; -есептеуді дұрыс жүргізеді; -есептің жауабын жазады. Есепті шығару Отырғаны – 2 *3 т. Ұшқаны- 4 т. Қалды- ? т. Шешуі: 1) 2 * 3=6 (т) 2) 6- 4=2 (т) Жауабы: 2 торғай қалды. «Қараторғайлар» тапсырмасын орындау. Есепті бір өрнекпен шығар. Бірін-бірі бағалауы. Сергіту сәті Топпен жұмыс. Дифференциация /Әр оқушыға тапсырма қиындығы деңгейіне қарай беріледі/ 1-топ. 2-топ. 3-топ. «Қарғалар» тапсырмасы 1-топ. Есепті шығару өрнегін жаз және өрнектің мәнін тап. 2-топ. Есептің қысқаша жазбасын жаз және шығар. 3-топ. Есепті шығар және кері есеп құрастыр. Болды- 29 қ. Ұшты – 6 *3 қ. Қалды- ? қ. Шешуі: 1) 6 * 3=18 (қ) 2) 29- 18=11 (қ) Жауабы: 11 қарға қалды. Мұғалім бағалауы. Дифференциация Есепті бір өрнекке салып шығар Шешуі: 29- 6 *3 =11 (қ) Жауабы: 11 қарға қалды. Қалыптастырушы бағалау Есептің шартын толықтыр және шығар а) Дүкенде 50 қорапша қияр тұқымы болды. Бес адам әрқайсысы 6 қорапшадан сатып алды. Қанша қорапша қияр тұқымы қалды? Қорытынды -Бүгін біз не үйрендік? - Біз берілген есептің Қалдықты табуға берілген құрама есепекенін қалай ажыратамыз? /Есептің сұрағына қараймыз/ Үйге тапсырма: Жұмыс дәптері 33-бет. | Суретті тапсырма, | ||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс. | |||||
Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | ||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар ойлауға берілген мәтіндік есептерді өз бетінше оқып, шеше алады. | Оқушылардың жеке жұмыстарын бағалаймын. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?