Геометриялық фигуралардан қайталанатын оюлар құру. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 С тарау «Тізбектерді зерттеу» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Мерзімі: 3-тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | ||||
Сынып: 2 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Геометриялық фигуралардан қайталанатын оюлар құру | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.3.2.1 Геометриялық фигуралардың тізбегін құру | ||||
Сабақ мақсаттары | Фигуралар тізбегін құрып үйрену | ||||
Бағалау критерийлері | Геометриялық фигуралар тізбегін құра алады | ||||
Тілдік мақсаттар | Келесі, дейін, кейін, интервал, айырма, туынды терминдерін пайдалану, математикалық тілді дамыту. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар жұппен жұмыс кезінде өзара көмекке үйренеді. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе, өнер пәндерімен байланыс жүзеге асады. | ||||
АКТ-ны қолдану | Интерактивті тақтада фигуралар тізбегін құрады. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Тұжырымның «ақиқат» не «жалғандығын» анықтады. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Оқушыларға геометриялық фигуралар мен пішіндер ұсынылады. Оқушылар пішіндердің атауын айтып әртүрлі заттар құрастырады. | Әртүрлі пішіндер | |||
Сабақ ортасы
| (МТ) Ара ұясын зерттеу. Фигуралар тізбегін анықтау. Үлкен алаңды кішкентай бөліктерге үнемдеп бөлуді аралар қайдан үйренді? Алты-бұрыш призмаға ұқсатып салынған ұяның бір жақ шетін жабуға қолданылатын материал ысырап болмауы үшін қандай геометриялық тәсіл қолдану керек? Аралардың әрнәрсені үнемдеп қолдануы, геометрия білімі және құрылыс маманынан кем түспейтін шеберлігі олардың өте ақылды болуынан ба? (Ө,Қ) Оқушыларға қоршаған ортада (керамикалық плитка, маталар, кірпіш қалау) оюларды зерттеулеріне және олардың артында тұрған математиканы түсіндіре отырып, соларға негізделген өзіндік оюларын құруларына мүмкіндік беру. (Т,Қ.) Геометриялық фигуралар тізбегін құру. 1-топ. Бұл ортағасырлық архитектуралық ғимараттардағы геометриялық ою-орнектерді (Айша-бибі, Ахмет Яссауи кесенесі) зерттеу. 2-топ. Киіз үйлерде қолданылған оюлардың шығу тегін талқылау. 3-топ. Ұлттық киімдердегі геометриялық ою-орнектерді зерттеу. Сыныпта орындалған жұмыстардың көрмесін ұйымдастыру және оқушыларды әр жұмысты талқылауға шақыру. | Слайдтар http://en.wikipedia.org/wiki/Yurt
Оқушылар нұсқамалар жазатын таза карточкалар, суреттер | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Оқушылар өзін-өзі бағалап, жеткен деңгейлерін көрсете топтарға жиналады. | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті жоғары оқушыларға практикалық тапсырма кезінде қабілеті төмендеу оқушыларға көмектесу керектігі ұсынылады. | Геометриялық фигуралар тізбегін құрастырып, өзіндік оюларын құрулары бағаланады. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Тізбек құру кезіндегі қауіпсіздік ережесі ескертілді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?