Нысандардың бағыты және орналасуы туралы білімді диаграммалар, кестелер мен сызбалар құруда қолдану. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 А тарау «Түзулер және оларды құру»

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 3-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нысандардың бағыты және орналасуы туралы білімді диаграммалар, кестелер мен сызбалар құруда қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.2.3 Орналасуды, бағыт және қозғалысты анықтай отырып, нұсқауларға сәйкес кесінділер, түзу сызықтар, геометриялық фигурлар сызу.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылардың нұсқау бойынша сызбалар құру білігін дамыту.

 Бағалау критерийлері

Берілген нұсқау бойынша сәйкес кесінділер, түзулер мен геометриялық фигуралар сала алады.

 Тілдік мақсаттар

Нұсқау, сызба, диаграмма, геометриялық фигуралар терминдерін қолдану арқылы оушылардың сөздік қорын дамыту.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылар байқампаздыққа, зерттеуге, қорытынды шығаруға дағдыланады.

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, дүниетану, өнер пәндерімен байланыс жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану

Geogebra бағдарламасында геометриялық фигуралар сызады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Нысанның бағытын және орналасуын зерттеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

(Ұ) Саяхат контекстінде әңгімелеседі. Оқушыларға орманға саяхатқа шығу ұсынылады.

(ОТ) Орманға дейінгі жолдың сызбасын сызу. Орманға жету үшін тоқтаған орындарды әріптермен белгілеу ұсынылады.

(Ж) Жануарлардың қорегіне барар жолын сызба арқылы көрсету.

Сабақ ортасы

25 минут

(МТ) Геометриялық «Geogebra» бағдарламасында нүктелердің орналасуын анықтай отырып, нұсқауларға сәйкес кесінділер, түзу сызықтар, геометриялық фигурлар жүргізу.

(Ұ) Машиналардың жүру жолын анықтау арқылы геометриялық фигуралар сызу.

А нүктесінен шыққан машина В нүктесіне дейін 20 м, В нүктесінен С нүктесіне дейін 30 м және бастапқы нүктесіне дейін қайта жүріп барды. Машинаның жүру жолын түзу сызық арқылы көрсету. Қандай геометриялық фигура шықты?

(Ж.Қ.) Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлердің жүру бағыты мен тұрған жерлерін анықтайды. Тапсырма:

1. Бауырсақтың жүрген жолын сызба арқылы көрсетіңіздер;

2. Әр жолды өлшеп диаграмма құру арқылы салыстырыңыздар.

(Ұ) Сергіту сәті

(Т.Дифф.Қ.) Әр топқа сызбаға арналған нұсқаулары бар ойыншықтар, суреттер (мысық, қоян, кірпі, қонжық) мен карточкалар беріледі.

1-топ. Мысықтың А нүктесінен В нүктесіне дейінгі жолын кесінді арқылы көрсетіңіз.

2-топ. Алаңқайдағы сәбіздерді жинау үшін қоян қандай кедергілерден өтеді. Сызба арқылы көрсетіңіз.

3-топ. Кірпінің алманы жинау жолын анықтап, қандай геометриялық фигура шығатынын көрсетіңіз.

4-топ. Қонжықтардың тұрған орындарын қосып, шыққан геометриялық фигураны әріптермен белгілеңіз.

«Geogebra»

Сызуға арналған құралдар

Флипчарт

Оқушылар нұсқамалар жазатын таза карточкалар, суреттер, ойыншықтар

Сабақтың соңы

5 минут

Оқушыларға нұсқау бойынша жүруге рұқсат беру.

Сабақты өте жақсы түсіндім деген оқушылар нұсқау бойынша жүріп, мектептің суреті ілініп тұрған қабырғаға жиналады. Ал әлі де көмек қажет ететін оқушылар орманның суреті ілінген қабырғаға жиналады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс кезінде қабілеті жоғары оқушылар 4-топқа жиналады.

Сызбаның нұсқауға сәйкес орындалғанын тексеріңіз және бағаланады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Интерактивті тақтада жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесі ескертілді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу