Сызбаның дәлме-дәл құрылысы. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 А тарау «Түзулер және оларды құру»

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 3-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сызбаның дәлме-дәл құрылысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.2.7 Қиылысатын фигуралар сызу және олардың қиылысу нүктесін табу.

 Сабақ мақсаттары

Фигуралардың қиылысу нүктесін анықтап, әріптермен белгілеу.

 Бағалау критерийлері

Қиылысатын фигуралар сызады және қиылысу нүктесін анықтай алады.

 Тілдік мақсаттар

Қиылысу, қиылысатын фигуралар, қиылысу нүктесі терминдерін қолдана отырып, математикалық тілді дамыту.

 Құндылықтарды дарыту

Жұппен жұмыс барысында оқушылар сенім артуға, мәселені ақылдаса отырып шешуге дағдыланады.

 Пәнаралық байланыстар

Қоршаған ортадан қиылысатын фигураларды іздестіру барысында дүниетану пәнімен, фигураларды сызу кезінде өнер пәндерімен байланысады.

 АКТ-ны қолдану

Geogebra, интернет көздерінен қиылысатын фигураларды тауып флипчартта сақтайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Қиылысатын сызықтарды және геометриялық фигуралардың бүгілу сызықтарын сипаттау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

(Ұ) Оқушылар фигуралардың қиылысу ортасына геометриялық фигураларды жинайды.

Құрастыруға арналған ойыншықтар.

Сабақ ортасы

30 минут

(МК) Геометриялық бағдарламалық жасақтамада «Geogebra» өзара қиылысатын фигуралар сызып көрсету. Екі фигуралардың қозғалысын олар қиылысатындай етіп моделдеу үшін, интерактивті тақтаға арналған геометриялық бағдарламалық жасақтаманы қолдану; соның нәтижесінде қандай аймақ қалыптасқандығын қажетті терминологияны қолдана отырып, талқылау.

Әртүрлі фигуралар мен қиылысу аймақтарының көлемін жасау үшін, қиылысуды қалай өзгертуге болатындығын талқылау.

(Ө.Қ.) Фигуралардың қиылысу нүктесін түрлі қарындашпен бояу және латын әріптерімен белгілеу.

(Ж) Өзара тең фигураларды тауып, сипаттау. Өздерінің сызбаларының дәлдігін қалай тексеретіндерін сұрау.

(Т.Қ) Оқушыларға бірнеше қиылысатын фигуралар сызуды және қиылысу нүктесін белгілеуді ұсыну, қиылысатын фигуралар түсінігі туралы білуге және тәжірибе жүргізулеріне мүмкіндік беру.

1-топ. Қиылысу аймағы шаршы болатын фигуралар салу;

2-топ. Қиылысу аймағы үшбұрыш болатын фигуралар салу;

3-топ. Қиылысу аймағы эллипс болатын фигуралар салу.

Флипчарт

Геометриялық бағдарламалық жасақтама «Geogebra»

Сызуға арналған құралдар

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия. Оқушылар өздері таңдаған орынға келіп жиналады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың іс-әрекеттері марапатталып, смайликтер беріледі.

Фигуралардың қиылысу нүктесін түрлі қарындашпен бояу және латын әріптерімен белгілеу.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды.

АКТ-ны қолдану барысында қауіпсіздік ережелері ескертілді.

Партада отыру кезінде денені тік ұстап, арқасын орындықтың жақтауына тигізіп отыру ескертілді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу