Неғұрлым ұзағырақ уақыт аралығын пайдалану. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 В тарау «Уақыт өлшем бірліктері туралы түсінік» | Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Неғұрлым ұзағырақ уақыт аралығын пайдалану | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.2.20 Апта күндері, жыл он екі ай ретін және тағы басқа уақыт өлшемдерін (кеше, бүгін, ертең т.с.с.) білу; уақыт аралықтары мен болып жатқан оқиғаларды салыстыру 2.1.2.19 Уақыт өлшем бірліктерін (секунд, минут) өмірде қолдану | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларға сағатпен уақытты өлшеп үйрету. Күнтізбені пайдаланып, атаулы күндерді, уақыт аралықтарын салыстыру. | |||||||||
Жетістік критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Уақытқа байланысты терминдерді айтып үйренеді және ажыратады: сағат, минут, секунд, ертең, кеше, бүгін,тәулік. | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар уақытты босқа өткізбеу керектігін түсінеді. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сабақ ғылымға кіріспе, дүниетану, өнер пәндерімен байланысады. | |||||||||
АКТ | АКТ – да мультфильмдер, суреттер көрсетіледі. | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Уақыт өлшем бірліктері туралы түсінік алды. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ,Қ,Т) Оқушыларды шеңбер бойына жинап, ендігі кезекте туған күндерінің мезгіліне қарай жылдың 4 мезгіліне сәйкес төрт топқа бөлінуін талап ету. (оқушылардың өз туған күндерін қаншалықты білетіндерін байқау). |
| ||||||||
Сабақ ортасы 30 минут | (Ұ,МК) Біздің уақыт бірліктері: секунд, минут, сағат, тәулік, күн, апта, ай, жыл туралы білетіндеріміздің барлығын қайталап, бекіту. секундтар минуттар жылдар сағат айлар Уақыт бірліктері тәулік aпталар күндер (Ұ,ӨЖ) Уақыт өлшемдерін екіншілеріне қалай айналдыру керектігін білу: минутта қанша секунд, сағатта қанша минут және т.т. Бұл өлшем бірліктері кездейсоқтық емес, олар математика тарихы мен астрономия ғылымының бір бөлігі болып табылады. Егер біз ыңғайлы болу үшін өлшем бірліктерінің арақатынасын ондық етсек не болар еді? (ЖЖ) Дәптермен жұмыс. 1 мин. = ... сек. 1 сағ. = .... мин. 2 сағ. = ... мин. 3 мин. = .... сек. 5 сағ. = ... мин. 4мин. = ... сек. (Ұ,Ө,Қ) Сынып бөлмесіндегі қабырғаға үлкен күнтізбені орналастыру. Оқушыларды атаулы даталарды атап өтуге шақырыңыз, мысалы, туған күндер. Жекелеген оқушылардың маңызды мектеп даталарын (тоқсанның басталуын, және т.т.) және мемлекеттік,ұлттық мерекелерді атап өтуін сұрау. Күн сайын бір оқушының арнайы белгілерді (жалау, магнит және т.б.) пайдалана отырып, бүгінгі күннің датасын атату. Белгінің орналасуын,қазір қай жерде орналасқандығын, кеше қайда болғандығын, ертең қайда болатынын талқылау үшін сәйкес терминдерді (кеше, бүгін, ертең) пайдалану.
Қарамен жазылған сөздерді ретімен орналастырту. (ЖЖ) «Тәулік мезгілдері» ойыны Тәулік – таңертең, түс, кеш, түн мезгілдері бір мезгілді құрайды. Тәулікте 24 сағат болады. Балалардан таңертең не істейтіндерін сұрау. Түсте ше? Кешке ше? Ал түнде немен шұғылданасыңыздар? Тәуліктің әр мезгіліндегі іс-әрекеттері күн режимі деп аталады. (Диф) Деңгейлік тапсырмалар: В тобы 3 сағ+7 сағ 7 сағ - 4сағ 7 сағ+5 сағ 15 сағ - 8 сағ 24сағ-13сағ 24 сағ -12 сағ А тобы 60 мин - 30 мин 1 сағ 3мин+ 1 сағ 30мин 18 мин+ 25 мин 3 сағ7 мин - 2 сағ 5 мин 5 мин+17 мин 10 сағ 15 мин- 8 сағ 15 мин (ӨЖ) Өздік жұмыс 1 ай = 30 күн 1 жыл = 12 ай 3 ай = .... күн 4 жыл = ... ай 5 ай = ... күн 2 жыл = ... ай 1 ғ. = 100 жыл 5 ғ. = ... жыл 4 ғ = ... жыл 7 ғ = ... жыл | Күнтізбе немесе қабырғаға ілінетін график-жоспар | ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. 2 жұлдыз, 1 тілек. | Смайликер | ||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Топпен жұмыс оқушылардың деңгейіне қарай күрделене беріледі. Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі. | Топпен жұмыс кезінде әр оқушының іс-әрекеті сырттай бағаланады. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Сабақта дене қозғалыс жаттығулары орындалады. Сағатпен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелері айтылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?