Уақытты оқып үйрену және бағалау. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 В тарау «Уақыт өлшем бірліктері туралы түсінік»

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Уақытты оқып үйрену және бағалау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.19 Уақыт бірліктерін (секунд пен минутты) күнделікті жағдайларда пайдалану

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларға сағатпен уақытты өлшеп үйрету.

 Жетістік критерийлері

Қолдану: циферблатта көрсетілген уақытты терминдерді дұрыс қолдана отырып, айта/оқи алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Сағатқа байланысты терминдерді үш тілде айтып үйренеді: сағат, минут, секунд.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылар уақытты босқа өткізбеу керектігін түсінеді.

 Пәнаралық байланыстар

Сабақ ғылымға кіріспе, дүниетану, өнер пәндерімен байланысады.

 АКТ

АКТ – да мультфильмдер, суреттер көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Уақыт өлшем бірліктері туралы түсінік алды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Оқушыларға кешегі, 1 апта немесе 1 ай, 1 жыл бұрынғы есінде қалған қызықты сәт туралы әңгімелеу ұсынылады.

(Ұ) Оқушылардан күннің негізгі сәттері туралы сұрау.

- Ең үлкен уақыт өлшемі?

- Ең кіші уақыт өлшемі?

- Сабақ қай уақытта басталады? /Таңертең/

- Түскі мезгіл болатын уақыт? /Түс/

- Ұйықтайтын мезгіл? /Түн/

Логикалық тапсырмалар. Екі бала 3 сағат бойы шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?

Сабақ ортасы

30 минут

(МК) Оқушыларға уақытты оқып үйрету. Қозғалып тұратын секундтық тілі бар сағаттың үлкен моделін пайдалана отырып, секунд тілінің бір айналымы минуттық тілді бір минутқа қалай жылжытатынын көрсету.

(Дифф.) Қабілеті жоғары оқушылар бес минут ішінде, ал қабілеті төмен оқушылар 1 минут ішінде секунд тілі неше рет циферблатты айналып шығатынын бақылайды және қорытынды жасайды.

1 минут=60секунд

(Ұ) Ойын «Айналамыздағы дүние» Оқушылар 60 секунд ішінде көздеріне көрінген заттарды жазып шығуы керек. Кім көп сөз жазады?

(Ұ) Ойын «Уақытты санау» Уақытты санау үшін секундомерді пайдалану. Содан кейін оқушылардың көздерін жұмып отыра тұруын және олар 1 минут өтті деп шешкен кезде қолдарын көтеруін сұрау. Оларға оқушылардың ішінде кімнің минутты бәрінен де дәл анықтауға жақын болғандығын анықтау.

(Ө/Ж) Оқушылардың секундтар туралы ойлауын сұрау. Уақыттың осы кішкентай аралықтарын өлшеу және көрсету қиын. Кейбір елдерде оқушылар бір секундтың ырғағымен былай санауға тырысады: “бір піл, екі піл” және т.т. Оқушылар ана тілінен бір сөзді пайдалана отырып ұқсас тәсілін ұсына ала ма?

) Оқушыларға бір минутты санап шығу үшін секундомерді пайдалануым ескертіледі. Олар бір минут ішінде қанша үлергенінше өз аттарын жазуын сұраймын. Олар өз атын жазу үшін қанша секунд қажет екендігін анықтай ала ма (жуықтап алғанда)?

(Ұ) Ойын «Кім жылдам?» Оқушылардың орындау үшін 10 секунд кететін тапсырмаларды тәжірибеде көруін және табуын сұраңыз (мысалы, бауын байлау, батырмасын бекіту) және осындай әрекеттердің тізімін жасау.

(Ұ) Сергіту сәті.

(Т) Әр топқа сағаттар қойылады. Бір оқушы уақытты белгілеуші болады.

Тапсырма: 3 минут уақыттың ішінде әр топқа берілген сандардан әртүрлі таңбалы сандарды құрастыру ұсынылады. Қанша комбинация?

(Ж) Тапсырмалар орындау.

90 мин * 1сағ. 30мин.

3мин * 120 сек.1сағ 40 мин * 100 сек.1сағ. 10 мин * 80 мин100 мин * 1сағ 40 мин-10мин60 мин * 1 сағ. 20 мин70 мин * 2сағ. 10 мин

1сағ. 20 мин * 60 мин+20мин

https://www.youtube.com/watch?

v=kpeEXhpehg8

Құм сағат (бір минут)

Қозғалатын секундтық тілі бар циферблат

Секундомер

Онлайн секундомер:

http://www.online-stopwatch.com/full-screen-stopwatch/

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

(Қ) Оқушылар сурет артында берілген уақытты белгілеп, смайликтерді тақтаға іледі.

циферблатта көрсетілген уақытты терминдерді дұрыс қолдана отырып, айта/оқи алады.

Смайликер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар бір сағат ішінде секунд тілі неше рет циферблатты айналып шығатынын бақылайды және айтады.

Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.

Оқушылар сурет артында берілген уақытты белгілеп, смайликтерді тақтаға іледі.

Циферблатта көрсетілген уақытты терминдерді дұрыс қолдана отырып, айта/оқи алады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды.

Сабақта дене қозғалыс жаттығулары орындалады. Сағатпен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелері айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу