Өлшем бірліктерін таңдау. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Сабақ: Математика

3 В бөлім: Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Тақырыбы: Өлшем бірліктерін таңдау

ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар:

Қатыспағаны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.1.3.4** ұзындықты: см, дм, м, массаны: кг, ц/ уақытты: с, мин., ай, жыл олардың арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіру

2.1.3.1 ** заттар бетінің ауданын өлшеу үшін шамалар мен құралдар таңдау, палеткамен өлшем жүргізу/әр түрлі өлшеу аспаптарының межелерін ажырата білу және олар бойынша сәйкесінше шама мәндерін анықтау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

  • әр түрлі өлшеу аспаптарының межелерін ажырата біледі;

Оқушылардың көпшілігі:

  • ұзындықты: см, дм, м, массаны: кг, ц/ уақытты: с, мин., ай, жыл олардың арасындағы арақатынастарын анықтай алады;

Кейбір оқушылар:

  • әр түрлі өлшеу аспаптарының межелерін ажырата біледі және олар бойынша сәйкесінше шама мәндерін анықтай алады

 Жетістік критерилері

  • әр түрлі өлшеу аспаптарының межелерін ажырата білсе және олар бойынша сәйкесінше шама мәндерін анықтай алса

 Тілдік мақсаттар

 

  • өлшеу, түрлендіру, салыстыру, нақты

біріншіден…, екіншіден/сосын…, ақырында…

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

АКТ пәнімен байланысты

Дене шынықтыру жаттығуларын кіріктіру

Дүниетану пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім:

Өлшем бірліктерін түрлендіру және аталған сандармен амалдар

Сабақ барысы

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздер

Сабақтың басы

5 минут

«Ертеңгілік шеңбер» Қайырлы таң!

  • Кел, жаныма тұр, сыныптас.
  • Өз алақаныңды маған аш.
  • Міне, менің қолым бос,
  • Жылуыма жылу қос.

(МК,Ұ) «Проблемалық сұрақ»

Мұғалім алдымен үстел үстіндегі заттардың атауларын сұрайды. Олар: көкөністер тиелген жүк машинасының суреті, құты, 1 метрлік сызғыш.

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, көкөніс тиелген машинаның салмағын анықтау үшін қандай өлшем бірлікті таңдаймыз?
  • Бірнеше көкөніс салмағын анықтау үшін қандай өлшем бірлікті пайдаланар едіңдер?
  • Ал, бір көкөніс салмағын өлшеу үшін қандай шама қолдануға болады? /т, кг, г/
  • Құтыдағы суды қандай өлшем бірлікпен өлшейміз?
  • Адам бойын өлшеу үшін қандай шаманы қолданған тиімді? /м, см/
  • Қандай өлшем болғанда см.немесе м. –ді қолданамыз?

/заттың ұзындығына қарай. Ұзын өлшемді анықтауда метрді, ал қысқа ұзындықты сантиметрмен өлшейміз/.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

5 минут

12 минут

(МК,Ұ,Ж) «Өз жұбыңды тап» ойыны

Оқушыларға шамалар жазылған әр түрлі қима қағаздар таратылады. Әр оқушы өз жазуына сәйкес жұпты табуы керек.

7 дм 70 см

1 ц 100 кг

1 м 100 см

1 м 10 дм

80 дм 8 м

5 м 50 дм

1 т 1000 кг

1 кг 1000 г

4 м 5 дм 450 см

9 дм 1 см 91 см

Жұптар өздерінің таңдауын түсіндіреді.

(Т) Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

1. Топтағы балалар бір-бірінің бойларының ұзындығын өлшейді;

2. бойларының ұзындығын анықтап, барлығын қосады да жалпы ұзындықты анықтайды.

/бір топта 4 баланың ұзындығын есептеп, барлық ұзындық өлшемін қосады да басқа топтағы балалардың жалпы ұзындығымен салыстырады/.

р/с

оқушының аты

ұзындығы

1

2

3

4

Жалпы ұзындық

(Т,Қ) Үстел үстінде 2 литрлік, 1 литрлік және 0,5 литрлік құты тұрады.

  • 2 литрлік құтыны толтыру үшін 500 мл –лік құтыдағы судан нешеуін құямыз?
  • Дәл осы құтыны 1 литрлік құтыдағы сумен толтырсақ неше литр су құяр едіңдер?
  • Есеп шығару арқылы дәлелде.
  • Неліктен, литрді таңдадың?

/500 мл+500 мл+500 мл+500 мл=2000 мл=2 л

1 л+1 л=2 л/

Есеп шығару тиімділігін анықтауды «жұбына» түсіндіреді.

(Ө,Қ)ҚБ жұмысы

Тапсырма

Шамалардың арақатынасын анықтап, сәйкетендіріңіз.

Шамаларды түрлендіріңіз.

5 дм 4 см = см 40 см = дм 3 ц кг

Қима карточкалар

1метрлік сызғыш

кесте

Құтылар

Интерактивті тақта

ҚБ парақтары

Сабақтың соңы

3 минут

  • Рефлексия:

-Мен бүгін .................... үйрендім.

-Мен бүгін .................... түсіндім.

-Маған .......................... қиын болды.

  • Өзін-өзі бағалау.
  • Оқушылар шапалақтау арқылы өздерін бағалайды.

Шапалақтау арқылы

Қосымша ақпарат.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілеті жоғарылау оқушылар бірнеше заттың ұзындығын табады, талдайды.

Шапалақтау арқылы бағалайды

  • Дене шынықтыру
  • Сергіту сәті


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу