Жиын және оның элементтері. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2С бөлім – Жиындарды және олардың элементтерін белгілеу. жәнетаңбалары

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жиын және оның элементтері

Оқу мақсаты

4.1 Жиындар және олармен операциялар

2.4.1.2 - сандардың жазылуындағы цифрлар саны, 2-ге бөлінуі, сандық тізбектегі алатын орындары бойынша сандық жиындар құру және жіктеу (бөліктеу)

 Сабақтың мақсаттары

Жиынға тиісті және тиісті емес элементтерді ажыратады. Жиынның түрлерімен танысады.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • жиындар мен олардың элементтері туралы білетін болады;

• элементтердің жиынға тиісті немесе тиісті еместігін белгілеуді үйренеді.

 Тілдік мақсат

Сабақ барысында оқушылар «жиын», «жиындар элементі» сөздерін қолданады. Оқушылар «элемент жиынға тиісті/ элемент жиынға тиісті емес» сөздері арқылы математикадық тілін дамытады.

 Құндылықтарды дарыту

Жеміс-жидектер, көкөністер жиындары жайлы айту барысында қысқаша әңгіме жүргізіп салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Алдыңғы білімдер

Критерийлер бойынша заттарды классификациялау дағдылары бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламызОйнап күліп аламызЖетілсін деп санамызОқып білім аламыз.

(Т) Топтарды қалыптастыру және тақырыпты анықтау үшін «Топтастыру» стратегиясын қолданамын.

Мақсаты: сандарды жазудағы цифрлар саны бойынша жіктеу.

Әрбір оқушы қима қағазды таңдайды (қиға қағаздар оқушыларды саны бойынша дайындалады). Қима қағаздарға екі таңбалы, үш таңбалы сандар, математикалық амалдардың таңбалары жазылған:

120

+

-

6

5

20

280

14

3

+

+

27

72

250

400

7

1

48

=

900

Оқушылар өз қима қағаздарын салыстырады, жіктейді, топтар құрады (бір таңбалы, екі таңбалы, үш таңбалы сандар, таңбалар).

Оқушылар топтар қандай қағидат бойынша қалыптастырылғаны туралы түсінік береді. «Жиындар» ұғымы қайтаналады.

Сабақ мақсатын қою.

Интербелсенді тақты.

Қима қағаздар

Сабақтың ортасы

5-10 мин

10-25 мин

25-30

30-35

(Ж, Ф) Математикалық диктант

Мақсаты: сандарды жазылуындағы цифрлар саны бойынша жіктеу дағдысын бекіту үшін (сандарды үш бағанға бөлу: бір таңбалы, екі таңбалы, үш таңбалы).

0, 2, 45, 6, 83, 100, 121, 14, 1, 15, 900

Бағалау: оқушылар жұппен бірін-бірі бағалайды.

(Т) «Жиын элементтерін ата» тапсырмасын ұсынып тақырыпты бекіту. Оқушыларды төрт топқа бөлінуін сұрау. Олардың біреуі бір жиын алып, оған тиісті элементін шеңберге енгізеді. Тиісті емес элементін шеңбердің сыртына шығарады.

Мысалы:

Төртбұрыштар жиыны – шаршы, ромб, және т.б.

Ағаштар жиыны – қайың, емен, үйеңкі және т.б.

Жәндіктер жиыны – шыбын, маса, ара және т.б.

Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалайды.

(Ө) Жиын элементтері. Оқушыларды алдын ала

тапсырманың әр бөлігінде не орындау керектігімен таныстыру. Содан соң өз бетінше орындауға уақыт беру.

Бір элементтен тұратын жиын бола ма? Иә, мысалы, Жерге жарық түсіретін жұлдыздар жиынына кіретін Күн

Ал элементтері жоқ жиындар бола ма? Бұл сұраққа «Бауырсақ» («Колобок») ертегісінің көмегімен жауап бере аламыз.

Жиын элементтерін атаңыз және оған ат беріңіз.

7-сурет. Ертегі кейіпкерлері 

Бауырсақ.

Атай. Әжей. Қоян. Қасқыр. Аю. Түлкі. Бұл жиын – «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері. Бұл жиында қанша элемент бар? 7. 

«Бауырсақ» ертегісіндегі құстар жиынының элементін санап шығыңыз. Бұл ертегіде құстар болмағандықтан, жиын бос болады.

Қорытынды: егер жиында бірде-бір элемент болмаса, жиын бос деп аталады.

«Дұрыс-бұрыс» ойынын өткізіңіз. Парталарда қима қағаздар жатыр. Егер пікірмен келіссеңіз, «+» белгісін қойыңыз, егер келіспесеңіз, «-» деп белгілеңіз.

Қияр мен қызанақ – жеміс.

Дәптермен жұмыс

Әр топқа берілетін файл парақтары;

• «- тиісті белгісі, - тиісті емес белгісі»

көрсетілген кеспе қағаздары.

Интербелсенді тақтада жұмыс

Қима қағаздар

Сабақтың соңы

35-40

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін

анықтау үшін сұрақтар қойыңыз:

• Жиын дегеніміз не?

• Қандай жиын бос жиын деп аталады?

Жұмыс дәптерінде берілген суреттер арқылы

өзін-өзі бағалауды ұйымдастырыңыз.

«Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»  

Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген балалар өз қайығын Білім теңізіне жібереді, ал оған сенімсіз балалар Ереже шығанағында қалады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қиналатын оқушылардың қасына барып, оқушыларға жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету.

«Жиын элементтері» тапсырмасында орындауда тапсырманы шапшаң орындайтын оқушыларға міндетті 3 элементтерінен басқа да элементтерін қосуға ұсыну.

.

Жауаптары мен жасаған жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру.

Сергіту сәттерін өткізу. Белсенді тақтаны 10 минуттан асырмай қолдануды жоспарлау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу