Жиын және оның элементтері. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2С бөлім – Жиындарды және олардың элементтерін белгілеу. жәнетаңбалары | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жиын және оның элементтері | ||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 4.1 Жиындар және олармен операциялар 2.4.1.2 - сандардың жазылуындағы цифрлар саны, 2-ге бөлінуі, сандық тізбектегі алатын орындары бойынша сандық жиындар құру және жіктеу (бөліктеу) | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Сандар жиынын құрастырады. Жиынға тиісті және тиісті емес элементтерді ажыратады. | ||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушылар:
• элементтердің жиынға тиісті немесе тиісті еместігін белгілеуді үйренеді. | ||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Сабақ барысында оқушылар «жиын», «жиындар элементі» сөздерін қолданады. Оқушылар «элемент жиынға тиісті/ элемент жиынға тиісті емес» сөздері арқылы математикадық тілін дамытады. | ||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жеміс-жидектер, көкөністер жиындары жайлы айту барысында қысқаша әңгіме жүргізіп салауатты өмір салтына тәрбиелеу. | ||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білімдер | Критерийлер бойынша заттарды классификациялау дағдылары бар | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Психологиялық дайындық Біз бақытты баламызОйнап күліп аламызЖетілсін деп санамызОқып білім аламыз. Өткен тақырыпты қайталау. « Кім бәрін біледі?»
/түстер бойынша бағалау/ (Т) Топтарды қалыптастыру және тақырыпты анықтау үшін «Галереяны шарлау» Сыныпта екі таңбалы сандар болады. Әр оқушы бір элементті алады. «Топтастыру» стратегиясын қолданамын. Мақсаты: сандарды жазудағы цифрлар саны бойынша жіктеу. Әрбір оқушы қима қағазды таңдайды (қиға қағаздар оқушыларды саны бойынша дайындалады). Қима қағаздарға екі таңбалы, үш таңбалы сандар, математикалық амалдардың таңбалары жазылған:
Оқушылар өз қима қағаздарын салыстырады, жіктейді, топтар құрады Оқушылар топтар қандай қағидат бойынша қалыптастырылғаны туралы түсінік береді. «Жиындар» ұғымы енгізіледі.
Жиын- ортақ атауы және белгісі бар заттардың тобы. Тиісті, тиісте емес таңбаларын көрсету. Сабақ мақсатын қою. | Интербелсенді тақты. Қима қағаздар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-10 мин 10-25 мин 25-30 | (Ж, Ф) Математикалық диктант Мақсаты: сандарды жазылуындағы цифрлар саны бойынша жіктеу дағдысын бекіту үшін (сандарды үш бағанға бөлу: бір таңбалы, екі таңбалы, үш таңбалы). 0, 2, 45, 6, 83, 100, 121, 14, 1, 15, 900 А {.. , ... , ... , ... .} – бір таңбалы сандар. В {.. , ... , ... , ... .} – екі таңбалы сандар. С {.. , ... , ... , ... .} – үш таңбалы сандар.
/өзара бағалау/ Бағалау: оқушылар жұппен бірін-бірі бағалайды. Сергіту сәті. Оқушылар өз аты жазылған стикерлерді алады. Стикерлердің түстері бойынша топтасады. Саралау. А-жасыл А-көк В-сары С-қызғылт (Т) «Жиын элементтерін ата» тапсырмасын ұсынып тақырыпты бекіту. Топтарға әр түрлі сандар беріледі. С-тобы. 2, 7, 9, 5, 4, 6, 8, 3, а Тақ сандар және жұп сандар жиынын құрастырады. В-тобы. 22,123,85,689,93,545,56,719, 1 Екі таңбалы және үш таңбалы сандар жиыны. А-тобы. 15,12,25,42,35,82,45, 72, 888. 5-аяқталатын сандар және 2-ге аяқталатын сандар жиыны. А-тобы. 10, 52,20,54,30,56,40,58, + Дөңгелек сандар және әр түрлі сандар жиыны. Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалайды.
Жасыл – барлығы дұрыс Көк – қателіктер бар Қызғылт-сары – дұрыс емес (Ө) Қалыптастырушы бағалау. /ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ/ | Дәптермен жұмыс Әр топқа берілетін файл парақтары; • «- тиісті белгісі, - тиісті емес белгісі» көрсетілген кеспе қағаздары. Интербелсенді тақтада жұмыс Қима қағаздар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 | Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін сұрақтар қойыңыз: • Жиын дегеніміз не? • Қандай жиын бос жиын деп аталады? «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген балалар өз қайығын Білім теңізіне жібереді, ал оған сенімсіз балалар Ереже шығанағында қалады. | ||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||
Қиналатын оқушылардың қасына барып, оқушыларға жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету. «Жиын элементтері» тапсырмасында орындауда тапсырманы шапшаң орындайтын оқушыларға міндетті 3 элементтерінен басқа да элементтерін қосуға ұсыну. . | Жауаптары мен жасаған жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру. | Сергіту сәттерін өткізу. Белсенді тақтаны 10 минуттан асырмай қолдануды жоспарлау. |
Тапсырма
- Әр жиынға тиісті элементті жаз немесе суретін сал.
А – геометриялық фигуралар В - екі таңбалы сандар жиыны
жиыны
Тапсырма
- Әр жиынға тиісті элементті жаз немесе суретін сал.
А – геометриялық фигуралар В - екі таңбалы сандар жиыны
жиыны
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?