Уақытты оқып үйрену және бағалау. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 В тарау «Уақыт аралығы туралы түсінік»

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 2 - тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Уақытты оқып үйрену және бағалау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.20 Апта күндері, жыл он екі ай ретін және тағы басқа уақыт өлшемдерін (кеше, бүгін, ертең т.с.с.) білу; уақыт аралықтары мен болып жатқан оқиғаларды салыстыру

 Сабақ мақсаттары

Апта күндерін біледі, күнтізбеден берілген тапсырма бойынша апта күнін, ай атын, ретін көрсетеді.

 Бағалау критерийлері

сағаттың моделінен (суретінен) толық сағат, жарты сағат, ширек сағат ұғымдарына сай уақыттарды көрсете алады;

циферблатта көрсетілген уақытты терминдерді дұрыс қолдана отырып, айта,оқи алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Сағатқа байланысты терминдерді үш тілде айтып үйренеді: сағат, минут, секунд.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылар уақытты босқа өткізбеу керектігін түсінеді.

 Пәнаралық байланыстар

Сабақ ғылымға кіріспе, дүниетану, өнер пәндерімен байланысады.

 АКТ

АКТ – да мультфильмдер, суреттер көрсетіледі

Алдыңғы меңгерілген білім

Арифметикалық заңдарды пайдаланып есептер шығарды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Балалар, шеңбер бойымен тұрып, ортадағы балаға заттың атын табуға көмектесейік. «Апта» сөзін ортадағы бала сұрақ қою арқылы табады.

Сабақ ортасы

25 минут

Уақыт өлшемі туралы не білесіңдер?

Уақыт дегеніміз не? Бұл сұрақты әр адам өзіне қойған шығар. Қазіргі заманда уақыттың не екенін білу өте қажет. Пойыздың жүруі, ұшақтың ұшуы, жұмыс уақытының басталуы, мектептегі сабақ, спорт жарыстары, телевизордағы бағдарламалар – бұлардың барлығы белгіленген уақытта өтеді.

Уақыт– оқиғаның қай уақытта болғандығы, яғни қанша уақытқа бір оқиғаның басқа оқиғадан бұрын немесе кейін болғандығын анықтау.

2.Уақытқа байланысты қазақ тілінде де көп сөз тіркестері кездеседі. Қандай сөздер, сендер білесіңдер ме?

Уақыт жоқ.

Уақыт өтіп барады..

Уақытты өткізу.

Уақытты өлтіру!

Уақытты үнемдеу.

3.Мақал-мәтелдер:

- Елу жылда ел жаңа.

- Уақыт керуеніне бөгет жоқ.

- Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.

4.Тексеру сұрақтары.

Бір жылда неше ай бар?

Бір айда неше күн бар?

«Күнтізбе» деген не?

4.Сабақ тақырыбына сұрақтар:

-Бүгін қандай күн? Қай жыл?

24 қараша. 2014 жыл.

Күнтізбе бойынша аптаның қай күні екенін анықтаңдар.

-«АПТА» дегенді қалай түсіннесіңдер?

Оқушы:  Аптада 7 күн бар. Бұл сан 2-ге бөлінбейді. 3-ке де, 4-ке де бөлінбейді. Ол тек 1-ге және өз-өзіне бөлінеді. Дүйсенбі —аптадан кейінгі жаңа күн. Сейсенбі — екінші, сәрсенбі — аптаның ортасы, Бейсенбі — төртінші. Жұма - бесінші. Сенбі – алтыншы күн. Жексенбі – жетінші күн.

5. Күнтізбемен жаттығу жұмыстары.

- Күнтізбеден не байқап отырсыңдар?

- Күндер қалай белгіленген?

- Көлденеңінен не орналасқан?

- 30 және 31 күнге толатын айларды ата.

- Жыл басы қай күн? Аптаның қай күні?

-Неге сандар қара кебірі қызыл?

- Күнтізбе бойынша өз туған күніңді, апта күнін ата.

6. Шағын зерттеу жұмысы .

а) Қолдарыңдаңы күнтізбе бойынша туған күндеріңді, айын, апта күнін атаңдар.

в) Ағайындарыңның туған күнін табыңдар.

- Бізге ол не үшін керек? (құттықтау үшін).

7. Тестік жұмыс.

Ретімен орналасқан қатарды тап.

а) Бүгін, ертең, кеше, бүрсігүні, алдыңғы күні;

в) Бүрсігүні, кеше, бүгін, алдыңғы күні, ертең;

с) Алдыңғы күні, кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні.

3 сағатта қанша минут?

а) 300;

в) 150;

с) 180;

Қай қатарда таңба дұрыс қойылмаған?

а) 1 ғ> 207 ж;

в) 2мин.50сек.<200 сек.

с) 2 сағ. > 100 мин.

8. Ойын: «иә», «жоқ»

* Бір жылда 12 ай?

* Желтоқсан- жылдың бірінші айы ма?

* Жексенбі – аптаның соңғы күні ме?

* Күзде 3 ай ма?

* Ақпан – көктем айы ма?

* Әр айда 30 күн бе?

Әр оқушыда күнтізбе

Сабақтың соңы

10 минут

Рефлексия. Оқушылар жетістік сатысындағы өз орындарын смайликпен көрсетеді.

Өткізе бермей жай ғана,Уақытты жарат пайдаңа.Жиырма төрт сағат – тең уақытБерілген саған, маған да.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс оқушылардың деңгейіне қарай күрделене беріледі.

Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.

Топпен жұмыс кезінде әр оқушының іс-әрекеті сырттай бағаланады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды.

Сабақта дене қозғалыс жаттығулары орындалады. Сағатпен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелері айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу