Ұзақ уақыт аралығы туралы түсінік. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 В тарау «Уақыт аралығы туралы түсінік»

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 2 - тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұзақ уақыт аралығы туралы түсінік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.20 Апта күндері, жыл он екі ай ретін және тағы басқа уақыт өлшемдерін (кеше, бүгін, ертең т.с.с.) білу; уақыт аралықтары мен болып жатқан оқиғаларды салыстыру

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларды ұзақ уақыт өлшемдерімен таныстыру.

 Жетістік критерийлері

Тәулік, апта, жыл ұғымдарына қатысты уақыт аралықтарының арақатынасын біледі.

 Тілдік мақсаттар

Уақыт өлшемдерін білдіретін сөздерді үш тілде айтып үйренеді.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылар өздерінің күн тәртібін дұрыс құруды және сақтауды үйренеді

 Пәнаралық байланыстар

Сабақ ғылымға кіріспе, дүниетану, өнер пәндерімен байланысады.

 АКТ

АКТ – да бұрынғы уақыт өлшемдері туралы ақпараттар іздестіру тапсырылады

Алдыңғы меңгерілген білім

Сағатпен уақытты өлшеп үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

) Оқушылардан аптаның қай күндері мектепте болатынын, ал қай күндері демалатынын сұрау.

Апта күндерін еске түсіру.

  • Бір аптада қанша тәулік бар?

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

  • Өткен аптадағы қандай қызықты оқиғаларды айта аласыңдар?

Ай аттарын еске түсіру.

Қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан.

  • Бір айда қанша күн бар?
  • Сендердің туған күндерің қай айда болды? Содан бері қанша уақыт өтті?
  • Бүгінгі сабақ басталғалы қанша уақыт өтті? Осы уақыт аралығын немен өлшеген ыңғайлы?
  • Уақыт өлшемдерін ретімен айту: секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр.

Апта, ай аттары жазылған парақтар

Сабақ ортасы

25 минут

(Ұ) Оқушылардан неғұрлым ұзағырақ уақыт аралығы туралы ой бөлісу.

Сұрақтар қою:

  • Сендер қанша жастасыңдар?
  • Сендер туғалы қанша уақыт аралығы өтті?
  • Келесі туған күндеріңе дейін қанша уақыт өтеді?
  • Осы аралықты қандай уақыт бірлігімен өлшеуге болады?
  • Сендер жазғы демалыстан келгендеріңе қанша уақыт өтті? /Аймен, аптамен, күнмен есептеу/

Күн сайын не болатындығы туралы не білетіндіктерін сұрау: олар тұрады, таңғы астарын ішеді, мектепке барады, және т.б. Үдеріс қайталанғанға дейін қанша уақыт өтеді? Бұл үнемі қайталана ма? Өзгерістер қай кезде болады? Тәуліктің (24 сағаттың) маңызы туралы және бұл Жердің өз осі мен күннің айналасында айналуымен арақатынасы қандай екендігі жайлы әңгімелесу.

(Ө,Қ) Оқушылар «бір күннің кестесін» жасайды (сағатты білдіретін 24-ке бөлінген сандық түзуді) және өзінің күнінің басты нүктелерін анықтайды.

Ұйқы уақыты

Түскі тамақ

Ойын уақыты

Мектептегі уақыт

Үйге қайту уақыты

Кешкі тамақ уақыты

Серуендеу уақыты

Сабаққа дайындалу

Осы уақыттарды белгілей отырып, түзудің бөліктерін бояу үшін түсті таңбалауларды пайдаланады.

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

1

2

3

4

5

6

7

(Ұ) Сергіту сәті.

(МТ) Тұтас жылды көрсететін қабырғаға ілінетін күнделікті немесе үлкен күнтізбені көрсету. Жердің күнді айнала айналуымен жылдың қалай байланысты екендігін түсіндіру.

(Дифф.) Тапсырмалар орындау.

1 апта = 7 күн

1 ай = 30 немесе 31 күн

12 ай = 1 жыл

1 апта * 3 тәулік

12 ай * 2 жыл1 тәулік * 24 сағ

1 жыл+12 ай=* жыл

2 тәулік-24 сағат=*сағат

(МТ) Бұрын сағат жоқ кезде ата-бабаларымыз уақытты қалай анықтағанын түсіндіру.

Бір сәт, қас қағым сәтте, ә дегенде – шамамен қазіргі 1 секундты білдірген;

Сүт пісірім уақыт – 5-10 минут;

Шай қайнатым – 30-40 минут

Бие сауым уақыт – 1,5 сағат;

Ас пісірім уақыт – 1,5-2 сағат;

Ет пісірім уақыт – 2-2,5 сағат;

Жарты күн – тәулік, яғни 24 сағат т.б.

Сәске – күннің бойы көтерілген мезгіл;

Ұлы сәске – түске жақындаған мезгіл;

Екінті – күн батуға жақындаған мезгіл;

Ақшам – күн батып, шам жағар  мезгіл. 

Ертеде бабаларымыз күндіз көлеңкеге, түнде жұлдызға қарап уақытты анықтаған көрінеді.

-Ал қазіргі кезде осындай уақыт өлшемдері ыңғайлы ма? Неге?

Қабырғаға ілінетін күнделік немесе үлкен күнтізбе

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. Ойын «Уақыт өлшемдері» Шарты: оқушыларға уақыт өлшемдері жазылған парақшалар беріледі. Ең кіші уақыт өлшемінен бастап ретімен қойып шығулары тиіс.

Уақыт өлшемдері жазылған парақтар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мысалдар шығару кезінде деңгейлік тапсырмалар құрастырылды.

Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.

Оқушылардың уақыт өлшемдерінің ретін білуі бағаланады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды.

Сабақта дене қозғалыс жаттығулары орындалады.

Партада отыру ережесі айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу